Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3976 0 пікір 26 Қазан, 2012 сағат 11:04

Данияр ҚАЛИЕВ. «ҚОРҒАС» ҚҰЖЫРАСЫ

Біздің газетімізде Қорғас, Қалжат кеден бекеттері мен Алматы кеден комитетіндегі ұйымдасқан қылмыстық топтың халық қазынасын қалай тонағаны турасында бұған дейін де сөз болған еді. Осы орайда «ғасыр қылмысы» деп айдар тағуға тұрарлық бұл іске қатысты деректер мен дәйектер арқалаған хаттар келіп түсуде. Әзірге біз сот ісі басталмағандықтан, оның егжей-тегжейіне төрелік ете алмаймыз. Ал осы іске қатысты тараптар жақтан сусып шыққан деректер негізінде жазылған төменгі жәйт сот пен прокуратура органдарына жәрдем етпесе, кедергі келтіре қоймас деген ойдамыз.

Редакция қоржынына түскен хаттар мен материалдарды саралай келгенде, «Достық», «Қорғас», «Қалжат» кеден бекеттері мен Алматы қаласы және облысы кедендік бақылау департаменттерінде соңғы он жыл көлемінде үлкен ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) әрекет еткеніне көз жетеді. Бұл кеден өткелдері арқылы Қазақстанға Қытайдан көпшілік қолды тауарлар жасанды құжаттар арқылы тасымалданғаны және бұл қылмыстық әрекеттен халық қазынасы мен жеке кәсіпкерлер көп зардап шеккені анықталуда.

Біздің газетімізде Қорғас, Қалжат кеден бекеттері мен Алматы кеден комитетіндегі ұйымдасқан қылмыстық топтың халық қазынасын қалай тонағаны турасында бұған дейін де сөз болған еді. Осы орайда «ғасыр қылмысы» деп айдар тағуға тұрарлық бұл іске қатысты деректер мен дәйектер арқалаған хаттар келіп түсуде. Әзірге біз сот ісі басталмағандықтан, оның егжей-тегжейіне төрелік ете алмаймыз. Ал осы іске қатысты тараптар жақтан сусып шыққан деректер негізінде жазылған төменгі жәйт сот пен прокуратура органдарына жәрдем етпесе, кедергі келтіре қоймас деген ойдамыз.

Редакция қоржынына түскен хаттар мен материалдарды саралай келгенде, «Достық», «Қорғас», «Қалжат» кеден бекеттері мен Алматы қаласы және облысы кедендік бақылау департаменттерінде соңғы он жыл көлемінде үлкен ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) әрекет еткеніне көз жетеді. Бұл кеден өткелдері арқылы Қазақстанға Қытайдан көпшілік қолды тауарлар жасанды құжаттар арқылы тасымалданғаны және бұл қылмыстық әрекеттен халық қазынасы мен жеке кәсіпкерлер көп зардап шеккені анықталуда.

Мәселен, аталмыш бекеттерде ҰҚТ сонау 2000 жылдан бері әрекет еткен екен. ҚР кеден орындарының жекелеген лауазымды тұлғалары мен кеден өткелдеріндегі брокерлердің, декларанттардың, тауар иелері мен олардың өкілдерінің қатысуымен 2000-2005 жылдар аралығында тауар тасымалдаудың заңнан тыс схемасы жасалған. Ол схема 2005 жылға дейін мынадай әдіспен жүзеге асқан:

Кеден қызметкері тауарын кедендік тазалаудан өткізетін тұлғамен алдын ала келісіп, жалған тауар-тасымалдау құжатын жасауға көмек ұсынады. Ал брокерлер, декларанттар мен «толкачтар» кеден қызметкерінің нұсқауымен жасанды инвойстар, тауар құжаттары және қытайлық өтірік кәсіпорынның мөрі арқылы кедендік тазалаудан өткен тауардың кедендік құжаттар пакетін жасайды. Ал кеденшілер өз кезегінде бекетіне келген автокөлікті тексерусіз өткізіп отырады. Автокөлікте көпшілік қолды тауар бар ма, әлде атом бомбасы тиелген бе - ол жағы кеденшіге маңызды емес. Ол үшін маңыздысы - әр автокөліктен 15-20 мың АҚШ долларын алу. Ал бір көліктен ғана түсетін ол сома ҰҚТ арасында мынадай схемамен бөліске түскен:

  • 2-3 доллар - кеден қызметкеріне
  • 1000 доллар - қылмыстық топтың «крышасы» «КНБ» қызметкеріне
  • 500-700 ІІМ (УБОП) қызметкеріне
  • 5-7 доллар - кассаға
  • 3-4 доллар -ұйымдастырушыларға
  • қалған ақша атқарушылар арасында бөлінеді.

Осындай тізбектегілердің тіреуін сезген кәсіпкер мен кеден қызметкері тауардың жол-жөнекей тұтылмайтынына, оның тиісті адреске кедергісіз баратынына сенімді болған. Бұл жылдары кеден бекеті арқылы аптасына 200-250 автокөлік өтетінін ескерсек, ҰҚТ кассасына 3-5 миллион доллар түсіп отырған. Ал оны бір айдың төрт аптасына көбейтіп көріңіз - 12-20 миллионнан кем сома шықпайды.

2005 жылдан осы уақытқа дейін контрабандалық тауарлар дәл осыған ұқсас схемамен лауазымды кеден, ҰҚК және ІІМ қызметкерлерінің бақылауымен тасымалданып отырған. Бір айырмашылығы - әр автокөліктен алынатын сома  25-30 мыңға өскен (аптасына кеден бекетінен 250-ден кем автокөлік өтпейтінін ескеріп, нәтижесін жоғарғы есептеу амалымен өзіңіз шығарып көріңіз).

Ал енді осы контрабандалық тасымалды ұйымдастырған кімдер? Тергеу барысында анықталғандай, 2005-2007 жылғы контрабандалық тасымалды «Қарасартов - Жұмабеков» ұйымдасқан қылмыстық тобы жүзеге асырған. Бұған кейіннен «Қайырбаев - Отарбаев» тобы қосылған.

 

Бірақ ҰҚК қызметкерлерінің жебеуімен жүрген «қарасартовшылар» тобы арасында ақшаны «адал» бөлісу тұрғысында кикілжің туған. Осы жағдайды пайдаланып және контрабандалық тауар тасымал жолын өзіне алу мақсатымен «Қайырбаев - Отарбаев» тобының басшылығы («Қарасартов - Жұмабеков» тобы күшінде тұрған кезде Қайырбаев «Қорғас» кеден бекетінің басшысы болған) Қарасартовты айналып өтіп, ҰҚК-нің лауазымды полковниктері Талғат Жақаев пен Ерлан Абдрахмановқа жолығып, ақша бөлудегі «қаралықтың» хикаясын айтып берген. Егер «тауар жолын» қолына алатын болса, әр көліктен түсетін ақшаны 30 мың АҚШ долларына жеткізетінін айтқан.

Кейіннен осы схеманы жүзеге асыру мақсатында ҰҚК арнайы операция жүргізіп, «Қарасартов - Жұмабеков» тобын қамауға алды. Бірақ Амангелді Шабдарбаев ҰҚК төрағалығына келген соң, қозғалған қылмыстық іс жабылып, іздестіруде жүрген Ренат Қарасартовтың қылмысты жауапкершіліктен құтылып кетуіне мүмкіндік берді.

Күреп пайда табатын кеден үшін күрес мұнымен де бітпеді: кейіннен Қарасартовтың көрсетуімен «Қайырбаев - Отарбаев» тобына қарсы «чекистік» операция ұйымдастырылып, енді Талғат Қайырбаевқа қатысты қылмысты іс қозғалды. Бірақ мол ақша жүрген жерде әділет бола ма: кейініректе Қайырбаев та қылмысты жауапкершіліктен сотқа дейін құтылып шығып, 2007 жылдан бастап Қарасартовқа бәсекелес топ құрды. ҰҚК полковниктері Абдрахманов пен Жақаевтың және сол кезде Алматы облыстық Кедендік бақылау департаментінің бастығы К. Артықбаевтың қолдауымен Қытайдан келетін контрабандалық жүк тасымалын (әр көліктен 25-30 мың доллар ала отырып) толығымен қолына алды. Ал «Қайырбаев - Отарбаев» тобы алдында ақы төлемеген кәсіпкерге қатысты тиісті органдар қылмыстық іс қозғайтын болғандықтан, Қытайдан келетін көліктер ағыны осы ҰҚТ бандиттеріне мұқтаждыққа тап болды.

Ал бұдан кейінгі оқиға елдегі біраз БАҚ бетінде жазылды. Жәй ғана жазылған жоқ, кейбір электронды БАҚ оның мәнісін мың бұрап, тұтқынға алынған жүзден астам контрабандашы ҰҚТ мүшелерін қорғауға көшті. Ал ел президентінің тікелей тапсырмасымен прокуратура және қаржы полициясы органдары (бұлар да тегістей сау сиырдың тезегі еместігі елге етене белгілі, бірақ тікелей президент пәрмен бергендіктен, операция асқан ұйымшылдықпен өтті деген сөз бар) жүзеге асырған операция былай болған еді.

2010 жылы «Қайырбаев - Отарбаев» тобын әшкерелеу және ұстауға қатысты операция басталды. Ол үшін ҰҚТ арасына қаржы полициясының арнайы агенттері кәсіпкер немесе брокер ретінде жіберілді. Контрабандалық тауар тасымалдау схемасы, ҰҚТ мүшелері арасындағы жауапкершілікті бөлісу желісі, кеденнен түскен ақшаның қолдан-қолға өту жолы, топ мүшелерінің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі «крышасы» анықталған соң, 2011жылдың 27 сәуірінде «Қайырбаев - Отарбаев» тобы түгелдей (жалпы жиыны 150-ге жуық адам) қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Дегенмен, оперативтік қызмет тобынан сусып шыққан деректерге қарағанда, «Қайырбаев - Отарбаев» тобының біраз мүшелері шетелдерде қашып жүрген көрінеді. Өте мұқият және құпия түрде жасалған операция барысында ҰҚТ мүшелерін қамауға алуға команда берілгенін контрабандашылар қайдан біліп қоюы мүмкін? Оның жауабы күректің сабындай ғана қарапайым екен: ұйымдасқан қылмыстық топ ҰҚК мен Бас прокуратураның жоғарғы лауазымды тұлғаларын да өзінің шырмауына алған көрінеді. Қамауға алуға берілген бұйрық сол сәтте-ақ топтың буын басшыларына жетіп үлгерген. Сол хабар жетісімен, топтың біраз мүшесі жедел түрде Қазақстаннан тыс жерге шығып кеткен. Оған біздің қолға түскен бір телефондағы әңгімені тыңдау дерегі куә болса керек (Біз мүдделі тараптардың жүзге тарта адвокаттарының бірінен алған сол тыңдаудың мәтінін жариялап отырмыз. Төменге зер салыңыз).

Кейіннен осы қылмыстық істің тергеуі барысында Талғат Әкімбаев басқаратын тағы бір ҰҚТ ұсталып, оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біздің ақпарат көзінің хабарлауына қарағанда, Әкімбаевты ұстар алдында жазылған бейнетаспада ол өзінің он бес жылдан бері контрабандалық тасымалмен айналысатынын мойындаған екен. Талғат Қайырбаев қамауға алынғанға дейін ол «Қайырбаев - Жұмабеков» тобымен тығыз байланыста болған. Кейіннен Қайырбаев ұсталғаннан кейін, оған мүдделі болған декларанттар саны еселеп артқан. Ал «қайырбаевшылар» тобы ұсталған соң, оның кеден органдарымен арақатынасы қиындай түскен.

Сол бейнетаспада жазылғандай, осы проблеманы шешу үшін Әлімбеков «Баха» деген бүркеншік атпен жүрген танысына 350 мың доллар беріп, Алматы қаласы бойынша Кеден департаментімен арадағы жағдайды шешіп беруге жәрдем сұраған. Ал «Баха» болса, өз кезегінде департамент басшысының бір орынбасары арқылы (оның аты-жөні редакцияда бар) жәрдем етуге уәде берген. Ақпарат көздерінің айтуы бойынша, қазір Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тобы «Баха» мен Әкімбеков ісімен айналысып жатқан көрінеді.

Ал енді негізінен «Қорғас» пен «Қалжат» бекеттерін жаулап алған ҰҚТ қамауға алынған соң, кедендегі жағдай мемлекеттік мүддеге сай өзгерді ме? Кеден қызметін пайдаланушы кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметпен айналысушылардың айтуына қарағанда, жағдай біршама оңалған. Бірақ майлы жілік табақта иесіз жатпайтыны сияқты, кеденді жайлаған контрабандалық қылмыс түп-тамырымен жойылған жоқ.

Осы орайда Қаржы министрлігі мен ҚР Қаржы полициясы кеденнен өтетін әр тауар түріне арнайы код тағайындап, кеден алымын сол кодтың негізінде жүзеге асыруды ұсынады. Егер кәсіпкер Қытайдан бір ғана текті тауар тасып әкеле жатса (сыртқы пішіні, ішкі мазмұны, тауардың құрамы бірегей болған жағдайда), онда заңды негіздегі кедендік тазалау шығыны мен кедендік алым мөлшері 15-17 мың доллардан аспайды дейді мамандар.

Бірақ қазақстандық нарықтағы кәсіпкерлер бір көлікке әртүрлі тауарлар тиейтіндіктен, тауар иесі әр тектес тауарды рәсімдейтін клиент іздеуге мәжбүр болады. Мұндайда әр тектес тауарды кедендік тазалау және кедендік алым құны 80-150 доллар аралығында болады. Бұл тек кедендік рәсімнің шығыны, ал оған фрахта қызметі мен тауар жеткізушінің шығынын қосыңыз. Сондықтан тауар иесі ұйымдасқан қылмыс тобына 25-30 мың доллар төлеп, тауарын бас қатырмай жеткізіп алуға еріксіз мәжбүр болмақ.

Ел экономикасына тікелей кері әсері бар осындай проблеманы шешу үшін, Қаржы министрлігінің мамандары Ресей Федерациясындағы кеден рәсімі тәжірибесін негізге алуды ұсынады. Ресейде кедендік тазалау мен кедендік алым тауардың текше метрлік көлеміне сай алады, яғни бір текше метр тауардың белгіленген баға ставкасы болуы тиіс.

Данияр ҚАЛИЕВ

Дәлел

Қылмыстық топ мүшелеріне

ҚАШУҒА КІМ ЕСКЕРТТІ?

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Ақмола облыстық департаменті бастығының орынбасары ҰҚК полковнигі Бақытбек Құрманәлиев пен ҰҚТ жетекшісі Талғат Қайырбаевтың арасындағы телефон әңгімесінен жазылған тыңдау.

  • Ескерту: ҰҚТ тобын ұстау жөніндегі команда 2011 жылды 27 сәуірі күні сағат 16-ның маңында берілді. Ал мына телефон әңгімесі де сол күні арада бір сағат өтер-өтпесте болған.

ҚБ: Құрманәлиев Бақытбек

ҚТ: Қайырбаев Талғат

...

ҚБ: Ну, саған соны баяғыда айтты ғой... Мысалы, бар ғой енді, это самое, оны енді бәрін көзін құртыңдар, анау кісі Атыраудағы - құдасы ше Асекеңнің (Ұйымдасқан қылмыстық топтың «крышасы», ҚР ҰҚК бесінші департаментінің бастығы, полковник Талғат Жақаевтың құдасы - Ред.)...

ҚТ: Аха...

ҚБ: ...қатты нервничать етіп жатыр. Мені сол үшін шақыртып алды... Это... мен бүгін, возможно, келемін или келмеймін, көрем бірақ...

ҚТ: Мен болды... жоқпын, кетіп қалдым.

ҚБ: Сен қайда кеттің? Бухгалтерияның бәрін көзін құрттың ғой, да?

ҚТ: Түгел-түгел құрттым, түгел бәрін құрттым. Бауырларға дейін бәрін түгел-түгел алып кеттім. Өзім осыған (осы телефон дегені - Ред.) сізге шығамын связьға...

ҚБ: В общем - бір, екінші...

ҚТ: Место пункт етіп алайын, алло...

ҚБ: Балдыз (ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовтың балдызы - Ред.), «Пятнистый» (Дәурен Түгелбаев (кассир), Сёма (Сейдахмет Дәуітов - текшелеуші), Коля, (Т.Қайырбаевтың бауыры), Мико (Мейрамбек Қажыбаев - кәсіпкерлерден ақша жинаушы), Кенже - бәрі кетсін!

ҚТ: Все понял!

ҚБ: Бәрі кетсін! И содан кейін саған осы уақытқа дейін баяғыда айттым ғой, сол ...(бейәдеп сөз, қаржы полициясының агенті болуы мүмкін) сенімен кездескен сөздердің бәрін жазып алыпты, бл... Нет, сен оны бл..., это самое, вот кейбір кезде ренжисің, айтса бірдеңені бар ғой, вот...

ҚТ: Ну, енді мен не істеймін, ана жақта жауап беріп отырғаннан кейін, өтірік болсын, ойлағанымыз ғой біз оны...

ҚБ: Анау «Пятнистыйдағы»... барлық документтер жоқ қой? Уже кететін жаққа?

ҚТ: Все, ничего нет, он тоже с города выезжает, қаладан шығып бара жатыр қазір, жарты сағаттан кейін шығып кетеді...

ҚБ: Аха... Все хорошо! Онда сен на всякий случай анау, екінші нені білесің ғой (телефонды айтады)?

ҚТ: Екіншіні алған жоқпын, өзіммен бірге, түгел тастап кеткенмін, түгел...

ҚБ: Аха, екінші нені...

ҚТ: Мен осыған шығамын ба, сіз екіншіге звондайсыз ғой, мен осыған шығып беремін сізге...

ҚБ: Жоқ, мен онда қазір егер барып қалсам, ол мейрамнан кейін қосамын. А пока осындамын, екінші не қалып қойды... ана жақта, ауылда...

ҚТ: А, онда осыған шығамын...

...

ҚБ: Алло, алло, сен точно жоқсың ғой?

ҚТ: Уже шығып кеттім қаладан...

ҚБ: Все, молодец! Давай!

ҚТ: Жақсы!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 38-39 (166-167) 25 қазан 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019