Сенбі, 23 Қараша 2024
2604 6 пікір 18 Сәуір, 2022 сағат 13:41

Назарбаевтар әулеті салыққа қанша қарыз?

Экс-президент пен оның отбасы мүшелері жер, көлік, басқа да мүліктері үшін мемлекетке салық төлемеген. Тіпті, төлеуге міндетті салықты кешіктіргені үшін айыппұл мөлшері де артқан.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Назарбаев отбасының мүшелері Қазақстан бюджетіне 500 мың теңгедей салық қарызы бар. Бұл соманың бір бөлігі айыппұлдарға арналған.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы Алмалы ауданындағы жер телімін пайдаланғаны үшін төлемеген салық құны - 4 437,85 теңге.

Бұрынғы президенттің жұбайы Сара Назарбаева Алматының Бостандық ауданында тіркелген мүлкіне салық төлемей, мемлекет қазынасына 40662,4 теңге қарыз болды. Оның 2419,43 теңгесі өсімпұлы екен. Ол кейінгі кезде бүкіл мүлкін қыз кезіндегі тегіне тіркеген.

Әлия Назарбаеваның төлемеген жер салығы - 1597,2 теңге, оның өсімпұлы 292,96 теңге. Сондай-ақ ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Самсы  ауылдық округінен жер телімін алу үшін 1890,16 теңге қарыз болыпты.

Елбасының інісі Болат Назарбаев Ақмола облысы Бурабай ауданындағы учаскесі үшін мемлекетке 4327,21 теңге қарыз.

Экс-президентінің қарындасы Әнипа Назарбаева салықты төлемеуден басқа туыстарынан озып кетіпті. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ол Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша тіркелген көлігіне салық төлемей, бюджетке 439 621,25 теңге қарыз болып қалған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435