Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2525 2 пікір 19 Сәуір, 2022 сағат 14:08

ҰҚК: «Мемлекетке опасыздық» жасаған күдіктілер ұсталды

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Тыңшылық, мемлекетке опасыздық, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету» бойынша күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарлады. Ұсталғандардың ішінде шетел азаматы да бар.

«ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қылмыстық істерге «құпия» деген таңба басылған. Тергеуге қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді», - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілерге қастандық жасамақ болған шетелдік барлау агентінің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Шетелдік барлау агенті болып істейтін Қазақстан азаматын тінту кезінде шетелдік дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленген. Қару Қазақстанға бөлшектеліп жеткізілген.

«Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады», - деп хабарлады комитеттің таратқан хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтарда Қазақстанның бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның екі орыбасары ұсталып, «мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша күдікке ілінген болатын. Қазір олардың үстінен бес қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бір қызығы,  Мәсімовтың ісіне де «аса құпия» мөрі басылған еді. Оны ҰҚК «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды» деп түсіндірген болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435