Үшінші дүниежүзілік соғыс...
(фантастикалық әңгіме)
ҮДС алғышарттары
Адамзат баласы сірә, соғыссыз жүре алмайды-ау! Бар әлемді қансыратқан Екінші Дүниежүзілік Соғыстың (ЕДС) қыр-сыры, міне, әлі күнге дейін толықтай ашылып болған жоқ, ҮДС басталып та кетті.
ЕДС кейінгі кезеңге келсек, негізгі қарсыластар Германия мен Жапония жеңілген соң Одақтастар өзара келісімге келіп, бір-біріне көптеген жағдайда орындарын бере салды. Бірақ, ондай жағдайлар сол жердің тұрғылықты халықтарының мәселесін шешті ме, міне, тұтанбай қалған өрт ошақтары солар болатын! Өткен ғасырдың 60-шы жылдары көптеген отарлық елдер тәуелсіздікке де қол жеткізе алды (кей жағдайда әйтеуір заңды түрде болса да). Әлемнің өркениетті елдері өзара бірігіп, ғылыми-техникалық прогресс және ашық экономикалық бәсекелестіке түскен еді. Алайда, реванштзм мәселесі жойылды десек те, неоколониализм мәселесі алдыға шығатындығын ешкім де болжай алмады. Осы екі ұғымның бірге қатар қонған ел, түрі ғана өзгерген, яғни, СССР атын жамылған Орыс империясының жаңарған түрі болып шыға келді. Өзінің адам аузын аштырмас «темір шымылдық» саясатын өз ішіндегі елдерге ғана емес, Қытайдан бастап, Берлин қабырғасына дейін өктемдікпен жүргізген де осы империя тұғын! Халықтарға аузын аштырмас, бас көтертпес репрессиялар қолдану, қарапайым ғана адамдық бостандықты сезіндірудің орнына жалған ұрандар, социализмді дүние жүзіне тарату идеясы (шындығында өз үстемдігін орнату) күштеп таңылды. Артта қалған біз сияқты азияттарды, африкалықтарды қойшы, алдыңғы қатарлы Европалық мемлекеттердің көбі сол Варшавалық келісім арқылы Социалистік лагердің (шындығында ад түрмелік лагерь) құрсауында қалды.
Өркениетті елдердің бұндай қылықтан шошынғаны сонша, әйгілі Кариб дағдарысы кезінде «құрысын, бұларға бәрібір, жоғалтатын ештемелері жоқ, ал біздердің құрған жетістіктеріміз, жақсы, бай өмір сүру қалпымыз бар...» деп, біраз нәрселермен артқа шегініп, «аш бәледен, қаш бәле...» дегендей құтылғаны әлі есімізде.
Сталин өлген соң, өмір жақсарар, демократиялық жолға түсерміз деген үміт көкке ұшып, «қырғи-қабақ соғысы», халықаралық теке-тірес заманы басталды! Социалистік лагердің де бытыраған тұстары Қытай гегемонизмінің оянуымен (Албания, Индия, Египет, Югославия т.б. жағдайлар) басталды. Бірақ СССР күшті еді, жоспарлы экономикасы экстенсивті түрде дамығанымен, ғаламат табиғи ресурстар жетіп артылатын, газ бен мұнайды сату арқылы өз ойларын іске асырған КПСС көсемдері әлемдік саясатта үстемдік көрсетіп отырды (ең өкініштісі, сол үрдіс әлі жалғасуда).
Сонымен, әлемдегі ойшылдардың «...ең артта қалған, ойлау қабілеттері жоқ, Ресейлік қоғамда қалайша коммунистік идеялар іске аспақшы...» дегендері айдай болып, жеке басқа табынатын «патша, императорлар», оларға қоса өз елдерінің қандарын судай төгетін сұрқия «жекелеген княздіктер» әлдеқайда дамып кеткен батыс елдерімен ашық бәсекеге түсті! Талай елде, талай жерде осылардың кесірінен адам өмірі түкке де тұрмайтындай жағдайға жетті! Әлем ең қауіпті бір-біріне қарсы термоядролық қару қолданатын екі бөлікке айналды.
Ақыры, бұндай қалып шегінен шығып, батыстың әбден қитығына тиген СССР, өзі барып Ауғанстанға ұрынды, ондағы он жыл бойы түкте алып келмейтін соғыс және Сауд Арабиясының Американың сұрауымен, мұнайдың бағасын түсіре салуы, СССР экономикасының күйреп, қазынасы дефольтке ұшырып тынды. Батыс шынын айтқанда ядролық қаруы (ЯҚ) бар СССР-ді қаншама таратпайын дегенімен, ол жердегі түрмедегі халықтардың ұлттық сана-сезімі ыдырауды тездете түсті! Балтық жағалауындағы елдер өздерінің жаңаланған екенін көрсете біліп, тез арада Европалық қауымдастыққа өтіп үлгерді. Ондай қадам жасамақшы болған Украина, Молдова, Армения, Грузия елдері Ресейдің жымысқы саясатының арқасында түзелмесе, күйрей берді! Ал Орталық Азиядағы сателлит-мемлекетсымақтар метрополияға аузын ашып, өздері жүгіріп келіп, құшағына енді. Бірақ, басқаның алдында майсаңдайтын «князсымақтар» өз елдеріне келгенде қорлаудың, дамытпаудың тәсілдерін Ресейдегі қожаларынан асып меңгерді, қарңғылық елге орнап, өздері «құдайға» айналды. Қожаларынан кем түскен жоқ!
Батыс елдері бұл жерде де, СССР дефолты кезіндегідей, елді аштықтан құтқарғандарындай, «қойшы, осылар да жақсы өмір сүрсін, темір тордан жаңа шықты ғой, бұл өмірдің қызығын көрсін...» деген принциппен олардың жемқорлық сыбайластық істеріне (коррупциялық махинациялар) көз жұма қарады. Бұл елдердің «жаңа көсемдері» өз елін дамытудың орнына экономикадағы ең оңай жол, батыс-шығыс капиталын елге тартып, солардың іскерлігіне сүйеніп, тұрмысты түзеу жолына көшті.
Бұл жерде батыс либерел-демократтарының «адамсүйгіштік» және артта қалған елдерді отарлаудың экономикалық тұрғыдан қымбатқа түсетіндігін (мысалы: жаулап алған елді басқару үшін әр мың адамға кемінде басқаратын 20 өз адамыңды ұстауың керек, оның үстіне сөзсіз көтерілістер, қарсылықтар болып тұрады) ұққан принциппен оларды, одан да экономикалық жолмен технологияларды игертіп, дамытып, содан барып олардың да жақсы өмір сүруіне жағдай жасап, өз бизнестерін жүргізу тиімді екендігін айналысқа жібергендігінің арқасында көптеген елдер қарыштап дамығанын айта кетуіміз керек. Олардың ішінде Қытай, Индия, Ресей сияқты алып мемлекеттер бар, алайда, Қытай мен Ресей адамзат тарихыныда қаншама империялар күйрегендігінен сабақ алмай, экономикалық жағдайын түзете салып, қайтадан неореваншизм жолына өтіп үлгерді. АҚШ, Германия сияқты жаңа технологиялы елдердің әкелген завод, фабрикаларының өнімдерін елдің пысықтығы мен еңбекқорлығының арқасында көкбеттеніп мойындамастан көшірмелерін жасап, сыртқа сатуды жақсы меңгерді. Аш ел тойынды, енді «жасырын, жымысқы гегемонизм» қайта бас көтеріп, 200 жыл бойғы «бізді қанаушылардан, төмендетушілерден өз есемізді аламыз» деген ұран тасталып, оны іске асырулары анық байқала бастады. Әсіресе, Макао, Гонконг қайтарылып алынған соң, енді Тайваньды күшпен қосу, ал Ресейдің Байкалға, Қазақстанның Балқашқа дейінгі жерлерін де өзімізге «жұмсақ жолмен-ақ» қайтарамыз атты ойлары ұлттық идеологияға айналды. Мемлекетті милитаризациялау қарқынды жүргізілуде. Шыңжаңдағы мұсылмандарды аяусыз басып-жаншып, «темір торға» қамап тастады, бір елді-мекеннен екіншісіне бару үшін арнайы рұқсат алу қажет, себепті-себепсіз «концлагер-түрмелерге» елді топ-тобымен тоғытып, мүлде тілсіз, үнсіз қалдырды. Репресиялық қуғын-сүргіннің қарқыны сонша ел, шекаралас аймақтардағы туыстарымен байланысқа шығудан қорқады. Бар диктаторлар сияқты өздерінің қылмыстарын мойындамайды...
Ресей халқы қытайлықтардай емес, олардың есіне, санасына «сендер жеңімпаз елдің ұрпағысыңдар, міне, тізерлеуден тұрдық...» атты шовинистік идеялар таңылды. Оған мұнай мен газ сатудан түсетін керемет үлкен қаражат мүмкіндік берді, қару-жарақтану үделей жүрді. Басқа елдердің ішкі істеріне үстемдікпен араласу басталды, НАТО арасына жік салу Франция мен Германияны өз пиғылдарына тарту арқылы жүрді. Ресей президентінің Сириядағы іске араласып, сонда әскери базалар салып, елін қырып-жойғаны «бұл бір дұрыс нәрсе болды, жаңа қаруларымызды сынақтан өткізудеміз» дегеніне әлем елдері ашық қарсылық көрсете алмады. Тек, үздіксіз бомбалаудан жермен-жексен болған Алепполық, өлімші жарақат алған он жасар баланың «...мен сендердің осы істеріңді Аллаға айтып барамын...» деген жантүршігерлік оқиғаға тіксіне ғана қарай алды. Алайда, соғысқа ешкім құлшынбады, тағы да сол, қояр, ойланар деген саясат орнаған еді, бірақ, олай болмады, ақыры, Булапештегі «Қазақстан мен Украина ЯҚ бас тартса, олардың жер тұтастығына, тәуелсіздігіне кепілміз» және де басқа көптеген келісім-шарттарды аяққа баса отырып, империялық пиғылдағы Ресей Украинаның Қырымын өзіне қосып, шығыстағы екі облысына ДНР, ЛНР деген қуыршақ мемлекеттер құрып, ашық-жасырын соғысқа көшті. Бұл жымысқы саясат тәуелсіз Грузия мен Молдоваға да қолданылған болатын. Сонымен Ресей батысқа қыр көрсетіп, ЯҚ қолданымыз деп, неоимпериялық бағытқа түпкілікті көшті. Батыс бұларға тек экономикалық кей шектеулер салумен ғана тоқталды...
Индияға келсек, бұл елде диктатура жоқ, демократиялық жолға түскен дегенмен, ішеі қарама-қайшылықтары жеткілікті. Сыртқы сясатында жақын көршілері ЯҚ бар Қытай, Пакистанмен жерге таласы бар, саяси бақталас. Әйткенмен, экономикасы қарыштап дамып келе жатыр, әскери тұрғыдан алғанда адам ресурстары жеткілікті, бірақ, көптеген жыл СССР, одан кейінгі Ресей ықпалынан шыға алмағандығы көп жағдайда технологиялық жағынан артта қалушылық байқалады, сондықтан Ресейден алған қару-жарақтарын өз бетімен модернизациялауға ұмтылады.
Бұл үш елді көрсетіп отырғанымыз, ҮДС басталуы европада болғанымен, негізгі соғыс театр-алаңдары осы елдерде өтеді!
Жалпы алғанда, ЕДС кейін әлемде орнаған қалыптастық бұзылды, ООН т.б. халықаралық ұйымдардың "тоқта" дегендері мүлде іске аспай қалды. ол ұйымдар беделдері жоқ екендігін көрсетті, олардың шығарған қаулы-қарарларын диктаторлар белден басып жүретіндей жағдайға жетті. Бұның арты Қытай бұрынннан артын бағатын әдетімен барлап отырса, Ресей өз өркөкіректігімен соғысты бастап та жіберді!
ҮДС басталу алды
ҮДС алдағы уақытта либералды-демократия мен империялық пиғылдағы диктатуралар арасында өтетіні анық байқалып, соғыс өрті тұтанғалы да біраз болып қалды, әзірге бақылауда дейтіндей бықсыған қалыпта! Ол Сириядан басталды деуімізге болады. Диктаторды қолдаған диктаторларық – Ресей мен Иран бір жақтан, екінші жақтан, демократияны қолдаған АҚШ, Израиль, Түркие мемлекеттері гүлденген Сирияның быт-шытын шығарды! Алеппоны жермен-жексен етіп Ресейдің бомбалағанынан өлімші жарақат алған он жасар баланың «...сендердің мына жаман істеріңді тура Алланың өзіне жеткіземін...» деп көз жұмғаны және диктатордың Ресеймен қосылып өз еліне химиялық қару қолданғаны әлем жұртының санасын түршіктірді. Алайда, оған айылын жиған олар жоқ, керісінше, Ресей президенті: "...Сирия жақсы болды, 140-тан аса жаңа қаруларымызды сынақтан өткізіп жатырмыз..." дегені жан қинады!
Өз күшіне сенген Ресей империялық пиғылын одан арман асырып, Африкаға қол салды, енді Молдова, Грузия, Украинаның екі облысын місе тұтпай, өз сателиті Беларусьпен қосылып, Украинаға толық басып алу шабуылын бастады! Бұл жерде де басты мақсат өз уысынан шығармай тұрған Қазақстан, Беларусь сияқты тәуелсізсымақ елге айналдырып, ең бастысы онда демократияның орнамауын қамтамасыз ету еді! иә, Украина Батыс елдеріне бет бұрса, онда экономикаға жақсы әсер етіп, бір-аз ғана жылда ресейді басып озар еді, ел жақсы тұра бастар еді...міне, соны өзі де дамымай, өзгені де дамытпай ұстайтын Ресей кешіре алмады. Бірақ, бұл жерде Ресей қатты қателесті, біріншіден украиндықтар тас-түйін боп бірігіп, Ресейдің әскерін гүлмен қарсы алады деген мифтің күлін көкке ұшырды (бүл миф Ресейдің млрд-таған қаржы шығарып, Уераинада өз агенттерін елдің өмірінің бар саласына енгізіп, 5-колонна мен колоборанттарды мықтап жасақтадық деген ойынан туған...). Екіншіден, Сирияда шарасыздық танытқан батыс, бұл жерде ендігі соғыстың өз шекарасына келгенін айқын сезініп, Ресейге бұрын-соңды болмаған экономикалық бұғаттау салып, Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз ете бастады. Бұрынғы НАТО-ның өз ішіндегі ресейшілдіктен туындаған Франция, Германия, т.б. мемлекеттер естерін жиғандай болып, өз блоктарын нығайтуға кірісті. Тіпті, бұрыннан лдаққа кірмейтін Финляндия, Швеция НАТО-ға кіруге бет бұрып, Ресейдің соғыс бастауының бір себебі, «одақтың өз шекарасына жақын орналасқанын болдырмаймыз» дегенін керісінше болдырмай тастады. Әлем Ресей пиғылынан шошынды!
Бұны көзімен көріп, әбден бақылап отырған Қытай, бірер келіссөздерден соң-ақ, Ресейге көмектен бас тартты, өйткені батыстың экономикалық бұғатының қаншалықты ауыр екенін есептеп үлгерді, әйтпесе, Қытайдың, адамзатқа жаны ашиды дегенге сенудің өзі күлкілі ғой (ішкі ойы неогегемонизм екенін батыс біліп отырған болар).
Соғыс дегенің әлдебір қанды шайқастар ғана емес, тылдық қамтамасыз ету (логистика), барлау, саяси, хабарлық «соғыс», ішкі ұстаным... т.б. жағдайларды қамтитын үлкен іс-шара ғой, сонымен Ресейдің Украинаға басып кіргеніне екі ай өтер-өтпестен-ақ талай нәрсенің беті ашылды:
- Ресей «хабар соғысынан» (информ) бірден жеңілді десек артық болмас, өйткені өз істерінің соншалықты адал екенін басқа тұрмақ, өз сарбаздарына да жеткізе алмады, содан барып құлшыныс (мотивация) жоғалды, (оған қоса кей елді-мекендердегі қарапайым жұртқа көрсеткен қысымдары, сотсыз-тергеусіз атып-асулар, адам зорлау, тонау, қарақшылық (мородерство) сияқты адамға жат қылықтары әлем жұртшылығының жағасын ұстатты;
- Барлау, соғыс тәсілдерін (такика-стратеги) ұтымды қолдана алмай, сонау 20 ғасырдағы танктік саптармен (колонна) Гудериандық амалды қолданып, қарсыластарды қоршап, немесе екі жақты қыспақ-қысқашқа аламыз дегендері, жер жағдайын жақсы білетін жергілікті батыр украиндықтардың дұрыс қимиылдарының және қарсылықты барлық ел болып жұмыла жүргізгенінің арқасында іске аспады. Оған түріктік «Байрақтардың», АҚШ –тық «Джавелин», Англиялық «НЛОУ»-ларды тиімді, ұтымды қолдану жақсы нәтиже берді. Бұлар керемет қарулар, әйткенмен, танкке қолданатын граната атқыш тектестер, яғни паритзандық қарулар еді. украиндердің бір халық болып жұмылғанын көзбен көрген батыс, енді алыстан да ататын ауыр қару-жарақтарды бере бастады, соның және украиналықтардың көзсіз ерлігінің арқасында әлдеқайда басым жау, әлемдегі 2-армия тұмсықтан ұрып қалғандай күйге түсті (оған басқа тұрмақ өздері де сенбей қалды);
- Ресей қолбасшыларының соғыс ұстанымдарына көз жүгіртсек, 20 ғасырда қалып қалғандай әсер етті. Қатардағы жауынгер, әскербасылар жоғарыдан не айтылады деп жалтақтық көрсетті, содан келіп, өтірік жеңістік ақпараттар беруге көшті;
- Сыртқы саясатқа келсек, НАТО-ға мүше елдердің Франция, Германия сияқтылары, һхдерінің газ-мұнайға Ресейден тәуелсіздікке қойып, кейбір жағдайда қожырай да бастаған еді, мынандай сұмдықтарды көре отырып, қайтадан бірігуге көшті;
- Ішкі саясатта авторитарлық режимдерде түрлі (сарай, елдік) төңкерістер орын алуға тиіс еді, алайда, көптеген жылдар «орыс халқы ұлы, біз..біз...» деген шовинистік-артықшылдық саясат нәтижесін төмендетскен жоқ, оны елдің 80%-ке дейін соғысты қолдағандықтарынан байқаймыз. Жалпы алғанда, қарапайым, басқа халық өкілдері осылардың күнделікті тұрмыстағы (мінберлерден айтылатын халықтар достығы деген жалған ұрандардан басқа) менмендік-шовинистігінен әбден ығыр болғандай еді;
- Қазіргі технологиялар заманында Ресейдің мүлде артта қалғаны байқалып қалды, тіпті батыстың 1980 жылдары жасалған қару-жарағына өздерінің қазіргі-заманауи деген қарулары төтеп бере алмай, тек қана СССР-ден қалған ЯҚ тоқпағын қоқаңдатуға көшкені, басқа либералды елдердің ашу-ызасын арттыра түсті, қорқудың орнына ендігі уақытта, аяусыз қарымта берілетіні туралы да айтыла бастады, өйткені тиран басқаша түсінбейтіндігіне толық көз жетті...
ҮДС басталу себептері
2022 жылғы күзге, тығырыққа тірелген Ресей әскері, жарияланбаған соғысты бастаған алдындағы шекараға, яғни, қуыршақ ДНР мен ЛНР 24.02.2022 тұрған жерлерде бекініске көшті, тіпті, ол облыстардың бұрынғы әкімшілік карта сызығын да ұстап тұра алмады. Шығыс-оңтүстік жерлерін қайтарған Украина әскерінің де қауқары әлсіреп, ендігі уақытта екі жақ та сол қол жеткізген жерлерін сақтау мақсатындағы жергілікті атыстық соғыстарға ғана көшті. Саяси дағдарыс басталды.
Күз келіп, егінінің үштен бірін ғана жинаған Украина және жоспарлаған өнімін мүлде ала алмаған Ресей елдерінен басталған азық-түлік тапшылығы Африка елдеріне дейін жетті. Европаға қашқан 6 млн-ан астам босқындар мәселесі күн сайын бас ауруға айналды, газ-мұнай, басқа энергетикалық шектеулер де елдің мазасын алды. Көптеген елдердің экономикасы айтарлықтай тығырыққа тірелді, оның ішінде Ресей ықпал аумағындағы Қазақстан, Армения, Қырғызстан сияқты т.б. мемлекетсымақтарға Батыс тарапынан Ресейге жасырын көмек көрсеткені үшін, айтарлықтай экономикалық шектеулер қойылып, бұларда тоқырау (стагнация) басталды.
Бұрынғы қару-жарақ алатын Ресейдің жағдайы мынандай болған соң, Индия ендігі кезеңде АҚШ, Батыс-қа толығымен бет бұрды, бұнысы Қытайға, Пәкстанға мүлде ұнамады. Ресейде көптеген өз есесі бар Қытай әліптің артын аңдудай-ақ аңдып отырды, әбден зерттеді, АҚШ үйреткен украин сарбаздарының жетістіктеріне тамсанып, «Тайвандықтар бұлардай ержүрек емес-ау, бізге айтарлықтай қарсылық көрсете алмас» дегендей тұжырымдар жасады, ендігі кезде қару-жарақ (ұшқыр ұшақтар, ұшқышсыз аппараттар, зымыран...) сатуда Пәкстан, Бангладеш, Мьянма ғана емес, бұрынғы Ресейдің тұтынушы-кардарларын өздері иемденгісі келді, Ресейге соғысқа көмектесуден бас тартты, батыстың сөзі ақылдарына басымдырақ тиді.
Ресейдің әлсірегенін көптеген елдер тосып жүргені анықталды, Орталық Африка, Судан, Ливия, Сирия көтерілісшілері осы күнді армандап, күткендей ашық қимылдарға көше бастады. Тек қана «күшігінде әбден таланған» дегендей Татарстан, Башқұрт, Кавказ халықтары сыртқы күштердің әсерімен көтеріліс жасап тәуелсіздікке үмтыла алмады, Қазақстан, Қырғызстан сияқты елдер де әлем қауымдастығының толыққанды тәуелсіз мүшесі ретінде өздерін сезініп, саясатын басқаша құруға ұмтылмады...
Либералды мемлекеттер қаншама ЯҚ қолданатын соғыстан қашқақтағанмен де, әлем жұртшылығы ҮДС асыға күткендей болды, тіптен, соғыс болмауы мүмкін емес еді...ал, соғыстың басталуы деген тіптен, түкке тұрмайтын сылтаудан туындайды екен...
ҮДС басталуы және майдандар
2022 жылғы күзде бар әлем іштей күткен соғыс та басталды, Беларусь-Литва шекарасындағы ерегес, төбелеске ұласып, қару қолдануға барды! Дәл осыны күткендей Ресей әскері (негізі, Украинадан жеңілгеннен көрі, барлық НАТО-дан жеңілдік дегенді дұрыс санап...) ауыр қарулармен Литва шекара бекетінің күлін көкке ұшырды. НАТО-ның әйгілі 5-бабы іске қосылып, бар мүше елдері Ресейге соғыс жариялап, әскери қимылдар басталды. Ресей ұшақтары қарымта ретінде Польша мен Литваны бомбалауға көшті. Әуе күштеріне қарсылық қондырғылар олардың жартысынан астамын бірден атып түсірді (Бірінші майдан, 1-М).
Индияның АҚШ-қа бет бұрған әсерімен Қытай шекарашыларымен келіспеген аймақта және оған қоса Пәкстан-Индия шекарасында да атыс басталып, арты жергілікті соғысқа ұласты (Екінші майдан). Бұл соғыстар күз-қыс айлары бойы жалғасып, көктемге қарай елдердің ішкі аймақтарына да ауысты. Көптеген адам, техника шығындары сезіле де бастады.
НАТО мүшелерінің қорғаныс ережесінің 5-бабына сай, түгел елдер Ресейге соғыс жариялады. Ресейдің Қара Теңіз флоты күл-талқан етіліп, қалған-құтқан кемелері Украинаға берілуге мәжбүр болды. Ресей әуе-космос күштеріне айтарлықтай соққы беріліп, алдағы уақытта аспан кеңістігі қорғаусыз қалды. Түрік әскері шекаралық кикілжіңдерді пайдаланып, Армениядағы әскери базаны қоршап, берілуге мәжбүрледі. Әзербайжан әскері Қарабақтағы әскери базаны (бейбітшіл күштер деп аталатын) қоршап, берілуге мәжбүр етіп, Қарабақ сұрағын толықтай шешті және оған қоса Зангезур аймағына толықтай бақылау орнатты. Армения қарулы күштері толығымен жойылды. Түрікшіл бағыттағы күштер Сириядағы Хмеймимдегі Ресей базасын басып алып, Түркиеге өткізді және өздері Асадшыл әскерлерге ашық шабуылға көшті (Үшінші майдан).
Түрік әскері Қырымға десант тастап, түбекке және Азов теңізінің жағалауларына қоса бақылау орнатты. Польша әскері Калинград аумағына түгелдей бақылау орнатып, Ресей-Беларусьтің қалған әскерін тізе бүктірді, Белорусияда азаматтық көтеріліс басталып, диктатура құлады. Өте жақсы қолдау тапқан Украина әскері шабуылға шығып, Донбас, Луганск аумағын азат етіп, Краснодар-Дон өлкесі тұрғындарына көтеріліске әсер етті. Приднестрь аймағына Румынь-Молдова әскерлері кіріп, ол жерлер толықтай азат етілді. Шекаралық қиқылжыңдардан мазасы кеткен Финляндия НАТО әскерінің қолдауымен ЕДС барысында жоғалтқан 11% территориясын түгелдей қайтарып алды. Европадағы соғыс қимылдары 2023 жылдың жазына таман Ресейдің тас-талқан болып жеңіліп, бұрынғы тарихи әділеттік орнады.
Ресей Европада жеңілгенімен де Азиядағы жағдай шиеленісіп кетті де, Куриль аралдары үшін Жапониямен соғыс басталды, Корей-Жапон біріккен әскер күштері бір айдың ішінде аралдарды толықтай тазалап, Сахалин түбегіне ендей кіріп, қарсыластарына оңдырмай соққы берді. Ресейдің Тынық Мұхиттық флоты, Біріккен Жапон одақтастар және АҚШ флотынан тас-талқан болып жеңілді. Бұл жағдай өздерінің неогегемондық саясатына қарсы келгендіктен, Индия бағытындағы қиян-кескі шайқастарға қарамастан, Қытай көп қарсылық көрмей Байкал өңіріне дейін және Қазақстандағы мұнай құбырын қорғауды желеу етіп, екі бағыттан өңмеңдей кіріп, Солтүстік-Орталық Қазақстанды жаулап, ел астанасынан Ақтөбеге дейін және Оңтүстік-шығыстағы Алматы-Семей-Өскемен аумағымен де Астана бағытына толық бақылау орнатты (Төртінші майдан). Қазақстан әскері Қытайдың бұнда қолданған, ескі қару-жарақтанған жартылай әскери қосалқы дивизияларына тегеурінді майдандық қарсылық көрсете алмай, қалған-құтқаны елдің оңтүстігіне қашып шоғырланып, Түркиенің қолдауымен Қырғызстан-Өзбекстанмен бірлесіп жасақ құруға кірісті. Әлемдік қауымдастықтан көмек сұрады, алайда, ел басшыларының нақты пиғылы, елдің қарсылық деңгейі анықталмағандықтен және НАТО мен Қытай арасында әзірге соғыс жоқ себептен, бірден әскери көмек ала алмады. Дегенмен, бар басшылары шетелдерге қашып, кейбірі басқыншы қытайлықтармен келісімге келе бастағанын көрген, патриоттық күштер сәл ес жинап, қазақ елі көтеріліс және басқыншымен күрес жолына түсті, уақытша Өкімет жасақталынды.
АҚШ-Ағылшын-Австралия біріккен теңіз флоты Жапон теңізінде өз одақтастарына көмек ретінде Қытай флотын толық бақылауда ұстады, бұл жағдайды тиімді пайдаланған Жапон-Тайван-Оңтүстік Корея Қытаймен екі арадағы талас аралдарды түгел босатып, өз бақылауына алуға, бекінуге тиімді мүмкіншілік тудырды.
Сириядағы (3-М) өз мүдделеріне сай, Иран жалған президентшіл және өз қолдаушы жақтаушы (проксиларын) күштерге көмекке ұмтылды, алайда, бұл жолы қатты қателесті! НАТО, Түркие, Израиль күштері айтарлықтай соққы беріп, әуе, қорғаныс күштерін тас-талқан етті. Түркие бұл жердегі барлық түркілік күштерді біріктіре алды, соның арқасында Бағдат алынып, ел бір араб, бір Шамдық, (оның ішінде күрдтер де) түркі мемлекеттерін құру жолына түсті. Ирандағы жағдай өз ішіндегі алауыздықпен шиеленісіп, ақыры түркі-парсылық азамат соғысына ұласты. Бұған Түркие-Әзербайжанның батыл араласуының арқасында, Ирандық әзербайжан халқы тәуелсіз Тебриздік мемлекет құруға кірісті, Кавказдық Азербайжанмен достық ниет ұстанды.
Қолдаушы Иран болмағандықтан Сауд Аравиясы (бұның алдындағы Ресей-Қытайшыл бағытын ұмытып) НАТО күштерінің көмегімен Иемендік Хуситтік содырларға күйрете соққы берді (4-М), бұдан былай мұнай құбырларына қауіп төнбейтін болды.
Ресейдің көмегінен айрылған Ливиядағы Хафтарлық күштер, НАТО қолдаған, әлем қауымдастығы мойындаған мемлекеттік күштерден толығымен күйрей жеңіліп, Египетке қашты. Бұған араласқан Египет әскері де оңбай жеңіліске ұшырады. Африкадағы Орталық Африка, Судан т.б. мемлекеттер Ресей ықпалынан шығып, демократиялық жолға түсті.
Алайда әлемдегі жағдай толық тұрақтанды десек, қатты қателесер едік, Индия-Қытай-Пәкстан (2-М) соғыстары толықтай көптеген адам-материалдық шығындарға әкеліп, сұрапыл қанды қырғындарға ұласты. Жапон-Оңтүстік-Тайвань армиясы Сахалиннен бастап Ресей әскерінен тазаланған аймақтарға бақылау орнатып, ендігі кезде Қытай армиясымен бетпе-бет келді.
Жеңіліс тапқан Ресей армиясының қалдықтары Татар-Башқұрт жерлеріне жетіп, ондағы жергілікті халыққа көрсеткен қысымдары өздеріне таяқ болып тиді, сыртқы күштердің қолдауымен Татар-Башқұрттар қарулы көтеріліске шықты. Бұны қолдамаған Қытай билігі, қызу қолдаған Жапондықтармен келіспейтіні белгілі болып, арты шайқастарға алып келді. Біріккен Жапон-Оңтүстік Корея-Тайвань күштері Сибирде Қытайлықтармен соғысты бастап та жіберді, бұл елдер арасындағы дипломатиялық қатынас тоқтатылып, ашық соғыс жарияланды. Түркие, басқа демократиялық елдер қолдаған Қазақ-Өзбек-Қырғыз күштері де қытайлықтарға жауланған қазақ жерінің оңтүстік-шығысында айтарлықтай іске көшіп, бірнеше соққылар берілді.
...Осы екі арада әлем жұртшылығы қорқатын ядролық соғыс (ЯС) та бір неше жерден бір уақытта басталды, әбден титықтап жеңіле бастаған Индия Пәустан мен Қытайға бірнеше ЯҚ-мен тактикалық соққы беріп, қарымта соққылар қайтарылды. Сол арада Солтүстік Корея Қытаймен одақтастығы бар және Оңтүстік Кореяның Жапон жағында шайқастарға қатысқаны бар, себептермен бір мезетте Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ-қа қарсы үш тактикалық ЯҚ бар ракеталарын атты. Бірақ, бұл жағдайды жіті бақылап отырған АҚШ, Британия күштері ол ракеталарды ұшып үлгермеген қалпында өз шахталарында және ел аспанында жарып жіберді. Елде қаратүнек орнады, Оңтүстік Корея бірден көмекке келіп, қару қолданылып, диктаторды орнынан тайдырып, елге толық бақылау орнатты және ЯҚ салдарымен, радиация орындарымен күрес басталды. Индия-Қытай-Пәкстан тактикалық қолданыстан әлдебір жетістіктерге жете алмай, стратегиялық ЯҚ қолдануды бастады, алайда осы арада АҚШ, Британия, Франция күштері бұдан ары төзбейтіндіктерін білдіріп, ЯҚ өз шахталарында жаруды қолданып, бұл елдерге тиым сала алды. Әйткенмен, бар әлемнің жартысы радиацияға ұшырап үлгерген еді. Индия мен Пәкстан соғыстан шығып, қандай да болсын, келісімге келетіндіктерін мәлімдеді. Бұндай соғысқа да әбден дайындалған Қытай, АҚШ және Жапон блоктарына соғыс жариялады, бір ғана оң жері ЯҚ қолдану тоқтап, оның салдарымен күрес әлемдік деңгейде басталған еді.
Бар әлем назары Қытайға ауды, экономикалық, әскери бұғатта қалғанына қарамастан олар қарсылықтарын күшейте түсті, жаулап алған Қазақстан-Сибирь аумағына «радиациядан қорғану» атты желеумен жай халықты көптеп орналастыруға тырысты. Дегенмен Сибирьдегі Жапон блогі және Түркие қолдаған Орталық Азия түркілерінің, оларға қосылған еріктілердің әскері қытайлықтарға бар жағынан күйрете соққы бере алды, бұған логистиканың да қиындап кеткені әсер етті. Ауғанстандағы талибандықтар да қытай жеріне басып кіріп, ондағы ұйғыр-түркі халықтарының көтерілісін басталды. Ақыры, бұл жағдайдың аса созылып кеткенінен мазасызданған жеңімпаз елдердің үлкен көмегінің арқасында бұл алып территориядағы қытай әскері жеңілді. Бұл екі арада АҚШ-Британ-Жапон флоты Қытай флотына күйрете соққы беріп, жеңілуге мәжбүр етті...
ҮДС аяқталуы және саяси өзгерістер
2025 жылғы жазда бар әлемде соғыс қимылдары тоқтап, планета халқы үлкен дағдарысқа түсті. Күйреген экономика, радиацияға ұшыраған көптеген жерлер, Жер беті адамдарының жартысынан астамы қаза болып, тығырыққа тығылған елдер! Міне, ҮДС алып келген нәтижесі осы еді. Алайда, алапат соғыстың оң жақтары да болды, бастысы, қанішер диктатуралық мемлекеттер жойылып, адамзат демократия жолына бағыт алып, барлық күш, ресурстар радиация алған жерлердің экологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік туындады.
Халықаралық институттары да өзгеріп, Халықтар Кеңесі атты ұйым (ҚК) пайда болды, бұның ООН-нан өзгешелігі, мүшелікке белгіленген региондардың көсем-лидер елдері қабылданып, мәселенің барлығын солар шешетін болды.
Рениондардағы елдер қазіргі федерация сияқты, өз ішінде автономиялық тәуелсіздігі бар елдер біріккен одақ болды (солай болғанда мемлекетсымақтар пайда болып, князектарға коррупцияға жол ашылмайды):
- Сихотэ-Алинь федерациясы Жапондықтардың қарауымен барлық Сибирь халықтарының Оралға дейінгі жерлері! Бұндағы қазба байлықтар бар адамзат баласының игілігіне Жапондықтардың бақылауымен бөлінеді. Аз ұлттардың өзіндік мәдени автономиясы шынайы жүзде іске асырылады.
- Европалық Одақ елдерінің көсемі ретінде Ағылшын елі федарация жұмысын атқарады; Ресей орнына Московия Республикасы, Украина Киев Русі, Молдова Румынға қосылып, түбегейлі өзгерістер орнады. Соғысты бастаушы ел ретінде Московияға әскер ұстауға рұқсат берілмейтін болды, өзі Шығыс Европа Федарациясына жатқызылды;
- Шығыс Европа, Балкан елдері федерациясы құрылып, ондағы тең төрағылықты Польша мен Украина қолына алды;
- Сириядан бастап Қытайға дейінгі Кавказ-Орта Азия аймағының қараушысы Түркие болады. Жаңадан құрылған Шам, Тебриз, Орал, Шығыс Түркістан түркі мемлекеттері және Кавказ, Орта Азия халықтары біріккен алып территориядағы бұл федерацияның болашағы зор болмақшы.
- Араб мемлекеттері федерациясы жанданды, дін мәселесіне келсек, ұсақ діндер өзгерістерге ұшырап, Ислам бағытындағы сүннизм күшейді.
- Ауыр дағдарысқа ұшыраған Оңтүстік Азия елдерінде де тыныштық орнады, Гонконг, Аомынь, Тайвань, Тибет мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізді. Апатқа ұшыраған Қытай, Индия, Пәкстан мемлекеттері де тынышталып, экономика, экология саласын реттеуге көшті. Корея елі бір мемлекет болды. Бұл федерацияға қараушы ретінде Жапон-Корея-Тайвань елдері белгіленді.
- Африка елдеріндегі аштыққа жеткен ауыр жағдайға әлем барынша назар аударды, соның арқасында бұл елдердегі милитариязация тоқтатылып, экономикаға баса назар аударылды.
- Америка құрлығындағы диктатуралар таратылып, есірткі саудасы, қолдану барынша азайды;
- Ауғанстанның парсы жағы Пәкстанға қосылып, оған қоса Индиямен талас Жамму-Кашмир сияқты аймақтар да Пәкстанға өтті. Ауғанның түркілік аумақтары Орта Азиялық елдерге қосылды. Тәжіктер де Пәкстанға қарағанда Орта Азияға қосылғанды мақұл санады. Ең күрделі сұрақтардың бірі Курд мәселесі де оңын тапты, Ирак-Иран-Сириядағы күрділер өз автономиясына қол жеткізіп, Түркі федерациясында қалатынын мәлімдеді, ал Түркиелік күрділер осы ел құрамында қалатындықтарын ашық айтты. Иран-Ирак Парсылары өз автономиясын құрып бейтараптық ұстанды.
- Кавказдағы бір түйін Армян-грузин мәселесі де оңын тауып, өз автономиясымен Түркі федерециясында қалды, оған Солтүстік Кавказ халықтары да түгел қосылды.
Әлемдік экономикада түбегейлі өзгерістер орнады, қаражат мәселесі әр федерация аймағында біріңғай болып жүретіні келісілді, алайда алапат соғыстан кейінгі технологиялық даму қатты саябырлады. Экологиялық апатпен күресу ғасыр соңына дейін жүрді, радиациямен күресте көптеген технологиялар ойлап табылды. Әлем халқының үштен бірін жалмаған ҮДС аяқталып, адамзат баласы көптеген жеңілдіктер алғандай болды. ЯҚ түгелдей бақылауға алынып, технологиялық прогресті елдердің қолына өтіп, бейбітшілік мақсаттағы энергия көзіне айналды. Аз ұлттардың игере алмайтын территориялары тиімді пайдалануға берілді, жалпы әлемде аграрлық саясат үстемдік алды...
Азамат Ақылбеков
Abai.kz