Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4254 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 13:24

Қырық шалдың әлегi Жаңаөзеннiң жарасын қайта тырнады

Жаңаөзен қаласының атын өзгертiп, Бекет Ата есiмiн берейiк деп бастама көтерген қырық шалдың (ақсақал деуге аузым бармайды) әлегi дүйiм елдi дүрлiктiрiп жiбердi. Маңғыстаудың түкпiр-түкпiрiнде тұратын қырық шал түстерiнен шошып оянғандай, бiр күнде, бiр сағатта, Бекет Атаның басына бара қалуы, сол кезде барлық аудан, қала, облыс әкiмдерiнiң келе қалуы, Бекет Атаның аян бергенiнен емес, Ақорданың әмiр еткенiнiң белгiсi болса керек.

Көпшiлiктiң көкейiнде бұл бас­таманы көтерген кiм?.. Жа­ңа­­өзеннiң атауын неге өзгерт­кiл­ерi келедi? Бекет Атаның есiмiн қалаға неге таңдады? Қырық шал деген кiмдер? Бекет Атаның атын кез келген жерде атай беруге бола ма?...

Елдi елеңдеткен осы сауалдарға жауап берiп көрейiк. Бiрiншiден, "Жаңаөзен" деген атауды жақтырмайтын адам - президенттiң өзi. Қай елге барса да, "Жаңаөзен" сөзi алдынан шыға беретiн болды. Ал "Жаңа­өзен атауын өзгертейiк" деп ұсыныс айтқан қасындағы кеңес­шiлерiнiң не ойлағаны бар. Бұл бастаманы Ақорда Адайдың шалдарының атынан, Атаның ұрпақтарының ауыздарымен айт­қызғанды жөн деп санады. Сол арқылы маңғыстаулықтарды бiр-бiрiмен дауластырып қойды.

Жаңаөзен қаласының атын өзгертiп, Бекет Ата есiмiн берейiк деп бастама көтерген қырық шалдың (ақсақал деуге аузым бармайды) әлегi дүйiм елдi дүрлiктiрiп жiбердi. Маңғыстаудың түкпiр-түкпiрiнде тұратын қырық шал түстерiнен шошып оянғандай, бiр күнде, бiр сағатта, Бекет Атаның басына бара қалуы, сол кезде барлық аудан, қала, облыс әкiмдерiнiң келе қалуы, Бекет Атаның аян бергенiнен емес, Ақорданың әмiр еткенiнiң белгiсi болса керек.

Көпшiлiктiң көкейiнде бұл бас­таманы көтерген кiм?.. Жа­ңа­­өзеннiң атауын неге өзгерт­кiл­ерi келедi? Бекет Атаның есiмiн қалаға неге таңдады? Қырық шал деген кiмдер? Бекет Атаның атын кез келген жерде атай беруге бола ма?...

Елдi елеңдеткен осы сауалдарға жауап берiп көрейiк. Бiрiншiден, "Жаңаөзен" деген атауды жақтырмайтын адам - президенттiң өзi. Қай елге барса да, "Жаңаөзен" сөзi алдынан шыға беретiн болды. Ал "Жаңа­өзен атауын өзгертейiк" деп ұсыныс айтқан қасындағы кеңес­шiлерiнiң не ойлағаны бар. Бұл бастаманы Ақорда Адайдың шалдарының атынан, Атаның ұрпақтарының ауыздарымен айт­қызғанды жөн деп санады. Сол арқылы маңғыстаулықтарды бiр-бiрiмен дауластырып қойды.

Ал әлгi шалдар "Жаңаөзен деген ат құрыса, бәрi жөнде­ледi" деп түсiндiредi. Жаңа­өзен­дегi жанжал, ереуiл, қан­төгiс қала атауының Жаңаөзен болғанынан емес - әдiлетсiздiк­тен, қалада тәртiптiң жоқтығынан, қарапайым халықтың жанайқайына билiктiң құлақ аспағанынан болған жағдай.

Екiншiден, Жаңаөзен қаласын Бекет Ата деп атау қандай қа­жет­тiлiктен туды? Ата мадақ пен атаққа зәру ме? Жоқ! Баяғы адайдың ақсақалдары Бекет Атаның есiмiн кез келген жерде айтпаған, тек қорыққанда, қуанғанда, жауға шапқанда ұран ретiнде атаған. Атамыздың дү­ние­ден озғанына екi ғасыр уақыт өтсе де, Маңғыстауда туылған адайдың баласына Бекет деп бiрде-бiр ұрпағы ат қоймаған. Сенбесеңiз, Адай шежiресiн оқып қараңыз. Не үшiн? Себебi, сол балаға Ата атын алып жүру ауыр болады. Шешесi қарғайды, әкесi боқтайды, көрiнген адамның сөзi тиедi, Атаның есiмi қор болады деп рұқсат етпеген. Маң­ғыстаудың елi: "Бекет Атаға зиярат етуге бара жатырмын деп көп айтпайды, Атаға бара жатырмын, Атадан келдiм, Ата түсiмде аян бердi", - дейдi. Ал елдiң бәрi оның Бекет Ата екенiн айтпаса да түсiнедi. Бекет Атамыз атаққа зәру емес, бостан- босқа Атаның атын қор қылмаңдар. Ел бiлгендi Ақорда бiлмейдi емес, бiледi. Әлгi бастамашыл болып жүрген қырық шал да мұны сезбейдi емес, сезедi, әкiмдер айтқан соң амалы жоқ, көнедi. Бұл идеяны ортаға тастап отырған топтың түпкi мақсаты: адайларды рухани темiр қазығынан адастыру.

Бекет Атаға ұрыну - көптен берi басталған әрекет. Әлгi "белгiсiз" топтың бастамасымен алдымен Пiр Бекет Атамыздың суретiн салдырды. Ол суретке жазушы шалдардың батасын алдырды. Газет-журналдарға аямай бастырды, содан соң аяқ астына шаштырды. Сол арқылы алғашқы жоспарларын орындады. Шындығында да, атамыз суретке түспеген, сопылық жолды ұстанған кiсi. Ол түгiл, күнi кешеге дейiн өмiр сүрген аталарымыз суретке түспек түгiлi, сурет iлулi тұрған бөлмеге намазын да оқымайтын. Бекет Атамыз қаламаған, қарсы болған нәрсенi оған тықпалау орынды ма? Сенiң әкеңдi көрмей-бiлмей, сыртынан бiр шалдың суретiн салып, "мынау сенiң әкең" деп саған берсе, алар ма едiң?.. Бекет Атаның суретiн салу - құрмет емес, тек қиянат. Ол аздай, Атамыз жөнiнде көркем фильм түсiремiз деп жүргендер бар. Сонда Бекет Атаның рөлiнде кiм ойнамақ. Әлгi қырық шалдың бiреуi ме? Сол кино арқылы Атаның аруағын келемеж ету емес пе? Бұған да жол беруге болмайды!

Соңғы жылдары Бекет Атамыздың мәңгiлiк мекенi - Оғыландыдағы мешiт тарыққандардың зия­рат ететiн орны емес, ерiккендер­дiң көңiл көтеретiн жерiне айналып барады. Шырақшылар қасиеттi орында, ақша үшiн жанжалдасып жататыны жасырын емес. Баяғы тәртiптiң бiрi жоқ. Жаңаөзеннен Оғыландыға баратын тас жол салды. Бұл ерiккендердiң, желiккен­дердiң (туристердiң) жағдайын жеңiлдеттi, ал ауруына шипа iздеп тарыққандар, бiр перзентке зар болып зарыққандар жаяу да болса баруға пейiл. Әлгi билiкқұмар шалдар бұл жолға "Ата Жолы" деп ат қойды. Ал шындығында бұл - Ата жолы емес, автокөлiк жолы болатын. Бекет Атаның өзi қолымен тау басынан мешiтке дейiн көк тасты қашап салған жолын бұзып, тас төсеп қоршау орнатып қайта салды. Бұл - тарихи мұраны қирату деген сөз. Ата көзiнiң тiрiсiнде, "маған зиярат етуге келген пенде, арнайы iздеп жол азабын тартып, Шопан Атаға соғып келсiн" деп өсиет қалдырған. Ал қазiр Бекет Ата жатқан орынды картаға түсiрiп, туристiк орынға айналдырып ақша таппақшы. Басына жұлдызды қонақ­үйлер салып жын-ойнаққа айналдырмақшы.

Ендi "Жаңаөзен қаласын "Бекет Ата" қаласы деп ауыстыру керек" деп "бастама көтерген" қырық шал кiмдер? Соған тоқталайық. Олар Жаңаөзен қаласының ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Асылбек Айдаров, оның орынбасары Тыныштық Базарбаев, ақын Қаржаубай Рейм­бай ұлы, Ата ұрпағы Бердiхан Сәндiбеков, Өмiрзақ Озғанбаев, Бектұр Төлеуғалиев, Әбiлхайыр Спанов, Сақып Керелбаев, Сағын Қырымқұлов, Дүйсенбi Әрiпов т.б. Бұлардың көбi күнi кешеге дейiн билiктiң шендi-шекпенiнен шыққан кiсiлер. Кешегi Жаңаөзен мен Шет­педегi қырғында осы шалдардың көпшiлiгi билiктiң сөзiн сөйлеп, жас­тарды кiнәлаған адамдар.

А.Айдаров, Ө.Озғанбаев Жаңаөзен - Шетпе оқиғасына байла­ныс­ты билiктiң құрған қоғамдық комиссиясының мүшелерi болатын. Олар -"түрмеге кiрдiк, қорлық көрiп, азапталып жатқан ешкiмдi көрмедiк, сотқа қатыстық, бәрi әдiл өттi" деп мәлiмдеме таратқандар. Ал жазушы Ә.Спанов теледидар арқылы "Жаңаөзендi "Бекет Ата" қаласы деп ауыстырсақ, бәрi жақсы болады. Оған мысал: Ленинградқа барған кезiмде халқы өте мәдениеттi екенiн көрiп таңғалдым, қала тұрғындары Лениннiң атына кiр келтiрмеуге тырысады екен", - деп, соны үлгi еттi. "Құдай-ау, дiннен безген, өлгенде қара жерден бiр уыс топырақ бұйырмай шөлмектiң iшiнде жатқан кәпiрдi мадақтағаны несi?!" деп жағамызды ұстадық. Әлде, Атаға соны теңестiргiсi келе ме? Ұзақ жылдар облыс әкiмiнiң орынбасары болған Сақып Керелбаев "Бұл 10 жылдан берi орындалмай келе жатқан арман едi. Бүгiн соған қол жет­кiздiк", - деп мақтанды. Сәке-ау, бұл құпия­ыңызды 10 жылдан берi iште қалай сақтадыңыз? Неге газеттерге жазып, теледидардан айтпадыңыз? Бәрi қолыңызда болды ғой, әлде Б.Мұхамеджановтың әкiм болып келуiн күттiңiз бе?

Жазушы Бектұр Төлеуғалиев: ""Өзен" деген қазақ тiлiнде атау жоқ, ол түрiкменнiң "өже" деген сөзiнен шыққан. Мен оны дә­лелдедiм", - дедi. Беке, Өзен деген атау қазақтiкi, өз тiлiңнен өзiң жерiнбе! "Өзен" деген бұрыннан келе жатқан атау. Адайдың жетi қайқысының бiрi Өскiнбайдың жырында да бар, оқы.

Осы қырық шал қазақ қалаларының атауын қайтарғысы келсе, "Петропавлды, Павлодарды, тiптi Маңғыстаудың кәрi шаңырағы Форт-Шевченконы, сол қаладағы Баутино деген ауылдардың атын өзгертейiк" деп неге президентке хат жазбайды? Сонда осы қырық шалға Қырымның қырық батырындай құрмет көрсетер едiк.

Ал сiздер армандағандай, Жаңаөзен атауын өзгертiп, Бекет Ата қаласы деп аталық. Сонда Атаның атына қандай сөз келетiндерiн бiлесiңдер ме?! Бiлмесеңдер, мысал келтiрейiн: "жаңаөзендiктердiң соты", "Жаңаөзеннiң жеңiлтек қыздары ұсталды", "Жаңаөзен нашақорлар қаласына айналып барады", "Жаңаөзен қасiретi", "Жаңа­өзенде бала өлiмi көбейiп тұр" деген осы сөздердiң бәрiне Бекет Ата деген атауды қосып жазса қалай болар едi? Олай болмасына кепiлдiк бере аласыздар ма?! Артық қыламын деп, тыртық қылып алып жүрмеңiздер. Атаның аты қалаға берiлмесе де, жүрегiнде иманы бар әр қазақтың баласы атасының есiмiн ұмытпайды.

Бүгiн Атаның атын қалаға берсек, ертең тойханаға, арғы күнi араққа берiлмесiне кiм кепiл? Өткен жылы Атырау қаласынан "Адай" деген арақ шығып едi, соны ұмыта қалдыңыздар ма?

Осы мақала жазылып жатқан кезде Жаңаөзен қаласынан көптеген телефон қоңыраулары шалынды. Олар өз қарсылықтарын бiлдiрiп жатыр. Аруақпен ойнауға болмайды! Халықтың арасына от салмаңдар! Жаңаөзеннiң жарасы жаңа бiтiп келедi. Тырнай берсе, қан шығады.

Бiз Пiрiмiз Бекет Атаны арымыздай құрмет тұтамыз. Оның әлсiзге - демеу, жетiмге - жебеу, асқанға - тос­қан, сасқанға - сая, ұлысқа - ұран, ұрпаққа ұстаз екенiн жақсы бiлемiз. Сондықтан да Атаның атын қорлатуға жол бермеймiз! Бекет Ата бiздiң - арымыз, намысымыз, рухани темiрқазығымыз. Ата жолынан бiздi ешкiм де адастыра алмайды!

Жәнiбек ҚОЖЫҚ,

Маңғыстау облысы

"Жас Алаш" газеті

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371