Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3943 2 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 14:48

Рейтинг: Қырғызстан - 72, Қазақстан - 122 орында

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" үкіметтік емес ұйымы 3 мамырда БАҚ еркіндігінің жыл сайынғы рейтингі - Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексін жариялады.

Биыл Қырғызстан рейтингте жеті саты көтеріліп, 72-орынға тұрақтады. Республика былтыр 79-орында болған. Дегенмен Қырғызстан баспасөз еркіндігі күрделі елдер тізімінен әлі шыға қойған жоқ.

Рейтингке сәйкес, Қырғызстанда "баспасөз бен сөз бостандығы айтарлықтай деңгейде", мемлекет дәстүрлі БАҚ-қа бақылау орнатқанына қарамастан, баспасөзде "әжептәуір плюрализм бар".

"Шекарасыз тілшілер" 2022 жылғы индексті есептеу әдісіне өзгеріс енгізгенін хабарлады. Ұйым биыл жаңа бес көрсеткішке сүйенді. Олар: саяси контекст, құқықтық база, экономикалық контекст, әлеуметтік-мәдени контекст және қауіпсіздік.

Рейтингте Норвегия бірінші орында тұр, ал соңғы 180-орында Солтүстік Корея орналасты. Қазақстан 122-орында, Өзбекстан – 133, Тәжікстан – 152, Түркіменстан – 177. 3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні аталып өтті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930