Жексенбі, 12 Қазан 2025
3203 5 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 16:55

Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк" бойынша тіркеліп, Серік Мырзақұлұлы Күдебаев күдікті деп танылған облыстық ПД лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз", - деді Бас прокуратура.

Ведомство мәліметінше, ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, "соған байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес".

Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев 18 ақпанда қызметінен босатылған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 829
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9913