Сенбі, 23 Қараша 2024
2535 0 пікір 23 Мамыр, 2022 сағат 14:43

Зеленский: Донбаста тозақ орнады!

 

 

Украина президенті Владимир Зеленский бейнеүндеу жариялап ресейлік басқыншылар Донбаста қысымды күшейтіп жатқанын хабарлады. 

"Украинаның Қарулы Күштері Харьков облысын азат ету үшін алға жылжуын тоқтатқан жоқ. Бірақ Донбаста басқыншылар қысымды одан әрі күшейтуге тырысып жатыр. Ол жерде тозақ орнады. Мен әсірелеп тұрған жоқпын. Северодонецті аяусыз бомбалауда. Бір күнде 12 адам қайтыс болды, ондаған адам жараланды. Біздің басқа қалаларымызды бомбалау мен атқылау, Ресей армиясының әуе және зымыран шабуылдары - бұл соғыс кезіндегі ұрысқа мүлде жатпайды.  

Көптеген адам Чернигов облысындағы Ресейдің соққыларының, әсіресе Деснаға жасалған аяусыз соққының құрбаны болды. Үйінділер әлі аршылып жатыр. Одесса облысына, Орталық Украинаның қалаларына жасалған толассыз атқылаулар Донбасты толығымен жойды. Мұның бәрін Ресей ешқашан түсіндіріп бере алмайды",- деді Украинаның мемлекет басшысы.

Зеленский бұл - Украина халқын қыруға бағытталған геноцид екенін айтты. "Осы әрекеттері үшін басқыншылар сот алдында жауап береді", - деді ол.

Украина президенті 19 мамырда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен қаржылай көмек және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жайында сөйлесті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434