Жұма, 11 Қазан 2024
1759 1 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 13:25

Мақсұт Жапаровтың Ахметжан Есімовке қандай қатысы бар?

 

 

Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Мақсұт Жапаров екінші рет Антикордың күдігіне ілініп отыр.Бұл туралы @abzhannews телеграмм арнасы жазды.

Ол алғаш рет шаруа қожалықтарына субсидияларды негізсіз есептеді деген күдікке ілінді. Бұл өткен жылдың тамыз айында болған. Кейін ақталып, креслосына қайта оралды. "Жапаровты "Самұрық-Қазына" қорының экс-төрағасы Ахметжан Есімовтің "туысы" деген қауесет бар. Ол оған істі "шешуге" көмектескен-мыс".

Екінші рет облыстың бас ауыл шаруашылығы қызметкері қызметін аяқтағанына бірнеше ай өткен соң, оның үстінен " Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жапаров жоғары бағамен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу арқылы 50 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Алайда Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Олар фактіні жоққа шығармайды да, растамайды да.

 

Abai.kz

1 пікір