Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3050 0 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 15:01

BI Group мәселесін прокуратура қарай бастады

Алматы қаласының прокуратурасы Егізбаев көшесінде орналасқан бұрынға автопарктің орнына тұрғын үй кешенін салуды тоқтатып тастады. Оны BI Group құрамына кіретін LK Astana Realty Plus компаниясы сала бастаған еді.

"Мемлекет бойынша құрылыстың соңғы параметрлері мен көрсеткіштерінің, сондай-ақ халықты әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етудің есептеулері бұл аумақтағы ғимараттардың биіктігі 10 қабаттан аспайтынын көрсетті. Маңайдағы балабақшалар мен мектептердің жобалық қуаты тұрғындардың барлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Құрылыстың әлі басталмағанын ескере отырып, Бостандық ауданының прокуратурасы осы учаскенің аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын есепке алу, сондай-ақ қоғамдық азаматтық талқылаулар жүргізу үшін уәкілетті органға қадағалау актісін енгізді», - деп түсіндірді Алматы прокуратурасы.

Жалпы, қазір жер-жерлерде BI Group құрылыстары тоқтатыла бастады. Оған бір ғана себеп бар - мемлекет осы құрылыс компания басшыларын ұстауға дайындалып жатыр деген сөз.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2660
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1709