Қазақстан адам өлтіруден алда келеді
Бүгінде телеарнаға телмірген ел тұрғындарына көрсететұғын жағымды жаңалық тапшы сияқты. Таңнан кешке дейін биліктің "берекелі іс" тындырып жатқанымен қоса, "атып кетті, шауып кетті" сарынынан жалығатын телетілшіні көрмедік.
Ғаламтордың беті онсыз да қан-жоса. Сонда, біздің шынымен де өңкей қаныпезерлерден құралған мемлекет болғанымыз ба? Олай демеске шара жоқ. 2011 жылы БҰҰ статистикасына Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда 11 кісі өлімі тіркеліпті. Құдды бір қызыл қырғын-ау дерсің...
Бар болғаны 16-ақ миллион адамды әзер құрап отырған ұланғайыр жеріміз біздің сүйекке тоймай жатқандай елес береді. Амандығымыздың ала-құлалығын Бас прокуратура да жасырмайды. Тек БҰҰ дерегін ептеп "100 мың адамға шаққанда 9 кісі өлімінен сәйкес келеді" деп "түзетіп" қойғаны болмаса. Өткен жылы адам өлтіру оқиғалары Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында көп тіркелді.

Денін өз шама-шарқын, ішер ішімдігінің мөлшерін білмейтін пәтшағарлар мас күйінде жасаған. Тіпті, отандастарымызды қит етсе шиқ еткізіп, о дүниеге аттандырып жібере салу жағынан Мадагаскар, Мозамбик, Того, Мали және Гренландия елдерінен асып түсіппіз. Оларда мұндай сұмдық баяғыда тіркелген. Біздікі - біреудің жантүршіктірер ескі көшірмесін жасау, әншейін. Мысалы, қазір кең жеріне сыймай, қара құртша қаптап кеткен Қытай елінде 100 мың адамға шаққанда бір-ақ кісі өлімі болады екен.
Ал, бізге жіберіп тұратын кинолары бірыңғай жарқ-жұрқ, тарс-тұрстан тұратын америкалықтар мен түріктер шынайы өмірде қолын былғап, абырой таппасын білетінге ұқсайды. Тыныштығына сүйсінесің. Дерекке қарап отырсақ, Ортаазия елдерінен де Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан азаматтары қарсыластарына жиі ажал төндіре бермейтін көрінеді.
Қазақ жеріндегілерге қарағанда, олардың қаруға жүгінетіндері он есе аз. Өлім-жітімсіз өсіп-өну дегеніміз - сол! Текке есерленбей, басқаның еншісіндегі үлгіні осындай жақсы жағынан алуды үйренсек, нетті?!
Дереккөз: shyn.kz/