Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3733 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 15:31

Ұлыс ұйытқысы – Оңтүстік

Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына - 80 жыл

 

 

 

 

 

 

ОРНЫ БӨЛЕК ӨЛКЕ

80 жыл. Тарих үшін қас-қағым сәт. Ал адамзаттың ғұмырымен өлшесеңіз, 80 жас нағыз кемелдіктің, жан-жақты толысқандықтың белгісі. Осы аптада 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Оңтүстік талай тарихты бастан өткерді. Өрледі. Өсті. Өнді. Осы 80 жылдың соңғы 20 жылы Тәуелсіздіктің толағай табыстарымен ұштасып жатыр. Алысқа бармай-ақ қоялық, Оңтүстікте кейінгі үш-төрт жылдың көлемінде тәуелділіктен құтқарған бірнеше алып жобалар жүзеге асты. Оның бастысы - Көксарай су қоймасы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистарльді газ құбыры. Алдымен Көксарайға тоқталайық.

Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына - 80 жыл

 

 

 

 

 

 

ОРНЫ БӨЛЕК ӨЛКЕ

80 жыл. Тарих үшін қас-қағым сәт. Ал адамзаттың ғұмырымен өлшесеңіз, 80 жас нағыз кемелдіктің, жан-жақты толысқандықтың белгісі. Осы аптада 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Оңтүстік талай тарихты бастан өткерді. Өрледі. Өсті. Өнді. Осы 80 жылдың соңғы 20 жылы Тәуелсіздіктің толағай табыстарымен ұштасып жатыр. Алысқа бармай-ақ қоялық, Оңтүстікте кейінгі үш-төрт жылдың көлемінде тәуелділіктен құтқарған бірнеше алып жобалар жүзеге асты. Оның бастысы - Көксарай су қоймасы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистарльді газ құбыры. Алдымен Көксарайға тоқталайық.

О

2011 жылдың қысында Сырдариядан 1 миллиард текше метр су қабылдаған Көк­сарай су қоймасы былтыр бұл көрсеткішті үш есеге арттыруға мүмкіндік алды. Осы­лайша сыйымдылығы 3 миллиард текше метрді құрайтын су қоймасы өткен қыстан бастап өзінің міндетіне толығымен кірісті.

Көксарай Арыс қаласының аумағында жатыр. Шымкент пен Арыстың арасы 80-90 шақырымды құрайды. Ал, Көксарай су реттегіші Арыстан 45 шақырым қа­шық­тық­та, Арыс-Шардара тас жолының бой­ын­да орналасқан. 45 шақырым дегеніңіз оншалықты алыс көрінбегенімен, екі араға ба­қандай екі сағат уақытыңызды жұм­сай­сыз. Тас жолдың бойы бүгінде үлкен өз­ге­ріске ұшыраған. Кешегі шаңы аспанға кө­те­ріліп жатқан жер - бүгінде су қой­ма­сының табанына айналған аумаққа қалың құрақ біткен. Жергілікті халық жаз бойы осы құрақты орып алады. Су тіршілік көзі деген осы емес пе?

...Жалпы, Көксарай су қоймасы салы­нар тұста Сырдариядағы қалыптасып отыр­ған ахуал мәз емес еді. Сырдың суын өзара келісіммен пайдалануда Орталық Азия елдері арасында ретсіздіктер жиі орын алып, соның салдары судың соңында тұрған Шардара су қоймасын шара­сыз­дық­қа ұрындырды. Қыста суға «қарық» болып, шіліңгір шілдеде сусырау жылда қайталанатын әдетке айналды. Сыр бойын жайлаған Арыс, Түркістан қалалары мен Отырар ауданына қарасты біраз елді мекендер қыс-көктем айларында су тас­қы­нына ұшырады.

Көксарай су реттегішін салуға келгенде Үкіметтің он ойланып, жүз толғанғаны есімізде. Судың соңында отырған Қазақ­стан Орталық Азия мемлекеттері Сыр­да­рияның суын өзара келісіммен пайда­ла­нады деген сенімнен ажыраған жоқ. «Егер көршілермен келісімге келе алсақ, бізге Көксарайдың керегі жоқ» дегендер де болды. Алайда бұл үміт жібі үзілді. Көр­ші­лер келісімге келгенімен, қысылтаяң ке­зеңде баяғы әдетіне басып, қарақан бас­тарын күйттеп кетті.

...Ақыры 6-7 жылдан бері тынымсыз айтылып келе жатқан ғасыр құрылы­сы­ның қазығын Елбасының өзі араласып, қа­ғуына тура келді. Көксарай су реттегіші - Сырдария-Нарын сағасында жатқан су қоймаларына қарағанда жобасы ерекше, күрделі құрылыс. Мұндай құрылысты жүргізуге ерен күш қажет еді.

Салыстырып көрейік, сыйымдылығы 5 миллиард текше метрді құрайтын Шардара су қоймасындағы бөгеттің ұзындығы 8 шақырымды құрайды. Ал, Сырдың бас­тауында жатқан, сыйымдылығы 19 миллиард текше метрді құрайтын Тоқтағұлда ол 300 метрге де жетпейді. Ал, 3 миллиард тек­ше метр суды қабылдауға мүмкіндігі бар Көксарай бөгетінің ұзындығы 44 ша­қырымнан асады. Өйткені, жер жағдайы солай.

Жоба бойынша су сақтағыш қойма Сыр­дың бойында емес, онымен іргелес жатыр. Ол тап бір су құятын ыдыс тәрізді. Оған су қажет кезде Сырдариядан арнайы канал арқылы келіп құйылады. Одан кейін реттегіш арқылы қайта Сырдарияға жіберіледі.

Жалпы, Көксарай су реттегішінің елге берер пайдасын санамалап жатудың өзі артық. Ең басты пайдасы - Шардарадан Арал­ға дейінгі аралықтағы Сырдың бойы­на қоныстанған елді мекендердің қауіпсіз­дігі. Бұл елді мекендердің қатарында Қы­зылорда қаласы да жатыр. Көксарай Сыр­дария өзені жағалауына қоныстанған елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін қамта­масыз етумен қатар, көлдер мен суармалы егісті сумен тұрақты қамтамасыз етеді. Көк­сарайдың құрылысы бітпей жатып, көрші облыстың күрішшілері өнімнің арт­қандығын айтып отыр. Ал, жалпы су қау­пінен сақтану үшін миллиардтан астам бө­лінетін қаржының үнемделіп отырғаны - бұл өз алдына. Сондай-ақ, қайтқан теңізге толассыз су жіберіп, экологиясын жақ­сар­ту да үлкен ұтымдылық.

Су қоймасының құрылысы жергілікті халықтың әлеуметтік тұрмысына да оң әсер етіп отыр. Көксарай су реттегіші Арыс қаласының Байырқұм, Жиделі, Ақ­да­ла, Қожатоғай, Шөгірлі сияқты ауыл­да­рына жақын жатыр. Ғасыр құрылысына жұмылдырылған жалдамалы жұмыс­шы­лар­дың көпшілігі осы ауылдардың тұр­ғын­дары еді. Қазіргі уақытта нулы, сулы Көксарайдың бойын халықтың демалатын орнына айналдыру туралы ұсыныстар ай­тылып жатыр. Елбасының өзі қолдап, оның құрылысын тікелей бақылауына ал­ған Көксарай мемлекетіміздің игілігіне, ел­дің қауіпсіздігі мен экономикасына қыз­мет ете бермек.

Мемлекет басшысының тікелей тап­сырмасымен басталған тағы бір алып жоба - «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры Қазақстанның оңтүстігін газға тәуел­ді­лік­тен құтқарады.

- Бұл Қазақстанға өте қажетті құбыр желісі болып табылады. Біздің бүкіл оң­түстік аймағымызды газға тәуелділіктен арылтады, ел өзіміздің газды пайда­лана­тын болады. 15 миллиард текше метр газ құбыр желісі Бейнеуден Бозойға қосыл­ғаннан кейін беріледі. Бұл газ құбыры Бейнеуден Шымкентке дейін жеткізіледі. 1,5 миллион адам өзіміздің Қазақстан газын пайдаланады, артығын Қытайға сатамыз. Сондықтан бұл құрылыс жылдам бітуі, шапшаң қолданысқа енуі керек, - деген болатын Елбасымыз Н.Назарбаев аталған газ құбырының басталуына байланысты ұйымдастырылған тікелей телекөпір бары­сында.

Осы жобаның арқасында оңтүстік об­лыстар алғаш рет Батыс Қазақстан өңірін­дегі кен орындарында өндірілген «көгілдір отынға» қол жеткізеді. Жалпы ұзындығы 1475 шақырым газ құбырының құрылысы екі кезеңмен жүзеге асуда. Оның алғашқы кезеңінде (2011-2013 жылдар) «Самсоновка» компрессорлық стансасына қосы­ла­тын, өткізу мүмкіндігі жылына 6 миллиард текше метрге жететін Бейнеу-Керейіт учаскесі іске қосылады. Екінші кезең (2014-2015 жылдар) - өткізу мүмкіндігі жы­лына 10 миллиард текше метрге дейін ұлғайтылатын Бейнеу-Бозой учаскесінің құрылысы. Келешекте газ құбыры қуатын жылына 15 миллиард текше метрге дейін ұлғайту Қазақстаннан Қытайға табиғи газ­ды экспорттау мүмкіндігіне кең жол аша­ды.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағы бойынша өтетін құрылыс жұмысы кезінде оған 3500-ге жуық қазақстандық маманды тарту көзделіп отыр. Ал пайдалану кезінде 500-ге жуық жұмыс орны құрылады.

2011 жылы қыркүйекте Түркістан қа­ла­сында аталған газ құбырының алғашқы желісін тоғыстыру рәсімі өтті. Оған Қа­зақ­стан Үкіметіндегі жауапты қызметкер­лер­мен бірге, Қытай басшылары да қатысты. Құрылысты іске қосу кезінде Мемлекет басшысы атынан құттықтау хат оқылды. Құрылыс жұмыстарын 2015 жылға аяқтау жоспарланған. Оңтүстік Қазақстан облы­сы аймағы арқылы өтетін газ құбырлары құрылысының ұзындығы - 264 шақырым. Құбырдың шеңберлік диаметрі - 1220 мм. Облыс аймағындағы магистральді газ құ­быр­лары арқылы пайдаланылатын бол­жам­ды жылдық табиғи газ мөлшері жылы­на - 749,4 млн. текше метр. Бұл жүйе бойынша 9 дана АГРС (автономды газ тарату стансасы) салынады.

Оңтүстікте құрылыстың қарқыны ерек­ше. Соңғы үш жылдың көлемінде об­лыста тұсауы кесілген әлеуметтік нысан көп. 2010 жылы облыс көлемінде әлеу­мет­тік сала бойынша 148 нысан, 2011 жылы 110 нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. 2012 жылы 152 әлеуметтік сала ны­сандарының құрылысы жүріп жатыр. Оның 74-і білім беру нысаны. Биыл бар­лығы 42 нысанның құрылыс-монтаж жұ­мыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспар­лан­ған. Оның ішінде, 20 білім беру нысанының құрылысы 2012 жылдың 1 қыр­күйегіне пайдалануға берілді. Ал, 22 ны­санның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ, 32 нысанның құры­лысы 2013 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылы 64 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгін­гі таңда, 21 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға тапсырылған. Жыл соңына дейін 38 нысан пайдалануға беріледі, ал 5 нысан келесі жылға өтпелі.

2012 жылы бюджет қаражаты есебінен 44 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде биылғы жылы 32-сін пайдалануға тапсыру жоспарланған, 12-сі 2013 жылға өтпелі. 2012 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 95,6 мың шаршы метр, барлық қаржыландыру көздерінен 300 мың шар­шы метр тұрғын үй пайдалануға тапсы­ры­лады деп жоспарланған. Елбасының ең­селі саясатының жемістерін Оңтүстіктегі құ­рылыстың қарқынынан байқауға бо­лады. Жергілікті билік 2013 жылды «Тұр­ғын үй жылы» деп жариялады. Келесі жылы барлығы 112 тұрғын үйдің құ­ры­лы­сын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 11,9 млрд. теңге қаржы қарастырылуда.

Ел егемендігімен етене болған Түр­кістан шаһарында осыдан 20 жыл бұрын бой көтерген Қ.А.Ясауи атындағы оқу орны барша түркі жастарының ордасына айналды. Қ.А.Ясауи атындағы Халық­ара­лық қазақ-түрік университетінің ашылуы Тәуелсіздік тұсындағы биік белес еді. Тарих бетіндегі ақтаңдақтар мен олқы­лық­тардың орнын толтыруды қолға алып, Түр­кістан қаласында бүкіл түркі хал­қы­ның рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи атындағы университетті ашудың өзі Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың тікелей атсалысуының арқасында жүзеге ас­қандығына халқымыз куә. Туысқан Түрік мемлекеті де дер кезінде өзінің бауырлас ел екендігін көрсетіп, бауырмалдық қолын соза білді. Осылайша халықаралық дәре­жедегі білім ордасы қазақ сахнасына енді. 1992 жылдан бастап басқа да шетмемлекеттермен қарым-қатынасты нығайта түс­кен сәтте Түрік мемлекетінің Президенті Тұрғыт Өзал біздің аталған білім ошағына арнайы келіп сәттілік тілеген болатын.

Елу жылда ел жаңа. Тәуелсіздіктің тарланындай болған 20 жылдық кезеңде қазақ халқы ерекше құбылысқа енгені белгілі. Ата-бабаларымыздың жүріп өткен санқилы жолының бойтұмардай сақталған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпымызды дә­ріптей отырып, ұлт болашағы үшін қажымай еңбек ету - басты парыз. Жүрегі «қазақ» деп соққан әрбір елжанды азамат тұтастықты ардақ тұтары анық. Еура­зия­ның жүрегіне айналған Астанамыздың күннен-күнге көркейгеніне куә болып, мерейленіп қуанамыз. Шаттығы мен ырысы тасыған, қуаты мен жігері қайнаған ХҚТУ - Қазақстандағы халықаралық дәрежеге ие оқу ордасы. Мұнда оқып, білім мен тәрбие алған әрбір жас өрен келешекте биіктерге қанат қағарына сенім мол. Еліміздің ең­се­сін биік көтеретін жастарымызды, өз Ота­нына қалтқысыз қызмет етуді армандаған бауырларымызды осы ордадан табасыз. Бабалар аманатын арқалаған қаншама жас еркін елдің тұғырын биікте ұстауы хақ. Сөйтіп, олар Түркия мен Қазақстанның бейбіт өміріне, тыныс-тіршілігіне, еркіндігіне куә болуда. Біз осындай қасиетімізбен мақтана аламыз. Келешек ұрпақ Елбасы­ның үмітін ақтарына сенім мол.

Шынын айту керек, Оңтүстіктің орны бөлек. Алтын құрсақты аймақ, бауыр­мал­дық пен бірліктің мекені атанған Оңтүстік Қазақстанда экономика мен әлеуметтік салалар түбегейлі жаңарып, жаңғырып келеді. Өскен өңіріміз 1932 жылы жеке шаңы­рақ көтергенде, оның аумағында қазіргі Жам­был және Қызылорда, Қарағанды об­лыстарының құрамындағы біраз аудандар болған екен. Кейін олар осы облыстан енші алып, бөлініпті. Бұл жағынан келгенде Оңтүстік Қазақстан облысының басқа­лар­ға үлгі боларлық жөні бар. Еліміз тәуел­сіз­дік алғалы бері облысымыздың қарқынды өркендеп келе жатқанына ел куә. Облыс орталығы - Шымкент республикадағы үшін­ші қалаға айналып отыр. Әлеуметтік дамудың барлық салаларында көңіл қуан­тарлық табыстар бар.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халық­ара­лық көлік дәлізі облыс пен бүкіл елдің экономикасын дамытуға ықпал етіп отыр. Жалпы алғанда, бұл көлік дәлізі Оңтүстік Қазақстан облысының 448 шақырымын басып өтеді. Бүгінде соның 239 шақы­ры­мында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Яғни, Шымкенттен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бағытта 7 компания жол салуда. Жылдың аяғына дейін жаңа жолдың 186 шақырымы пайда­лануға беріледі. Жол құрылысында 4294 адам жұмыс істеуде. Оның 80 пайыздан астамы жергілікті тұрғындар. Ғасыр құры­лысының облыстың тіршілігіне тың серпін бергені анық.

Үш жылдан бері аудандарда «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы ұйым­дастырылып, елдікке, бірлікке шақы­руға үндейді. Биылғы жиынын Түлкі­бас­тың төрінде Елбасымыздың «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласына орай «Әлеуметтік жаңғыр­тылу мұраттарына сәйкес ақсақалдықтың абырой-беделін арттыру - уақыт талабы» тақырыбына арнады. Облысымызда бұл ба­ғытта бірқатар нақты жұмыстар атқа­рылды. Жастар тәрбиесіне жан-жақты қоз­ғау салынып, жұмыс жандана түсті, жан-жақты жаңару, жаңғырту айтарлықтай сезілуде. Биылғы жиында ұрпақтар сабақ­тас­тығын жалғастыру мақсатында ата буынның, ардагерліктің, ақсақалдықтың, көп­ті көрген, қиындықты көп өткерген зиялылардың қадір-қасиетіне, абырой-бе­деліне орай ортаға ойлар тасталып, пара­сатты пікірлер қозғалды. Алдағы міндеттер межеленді.

Ұлтаралық татулық, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсат-мұраттарын об­лыс­тарда, қалалар мен аудандарда нақты жүзеге асыру туралы Елбасымыз ерекше айтты. Осы орайда Сарыағаш ауданында «Ұлтаралық татулық - ел байлығы» деген тақырыпта қоғамдық форум басқосуы өтіп, онда бауырлас ұлттар өкілдерінің бір­лігін нығайту жолдары жан-жақты, ашық әңгіме болды. Ауыл-ауылдарда, кент­тер көшелерінде, ұжымдарда, мешіттер мен мектептерде отбасылар мен әу­лет­терге дейін аудандық форумда көтерілген мәселелерді талқылап, түсіндірудің қолға алынғаны құптарлық жәйт болды.

Ұлысымыздың ұйытқысы Оңтүстік 80 жылдық мерейтойына осындай толағай та­быстарымен, берекелі бірлігімен, тия­нақ­ты тірлігімен, елден ерек ірілігімен жетіп отыр. Ендеше, той құтты болсын, ағайын!

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

________________________

Cуреттерді түсірген
Динара БІТІКОВА, Хусан АЗИЗОВ.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371