Ерінің жібісін десең еліңде болсын
Биылғы қазан айының соңғы күндерінде Елбасы бастамасымен қолға алынған «Халықтық IPO» бағдарламасы өзінің кезекті сапалық кезеңіне аяқ басты. Біз мұндай тұжырымды аталған бағдарламаның мәні мен мақсатын халыққа түсіндіру шаралары мәреге таяп келуіне байланысты қолданып отырмыз. Бұл жұмыстар мамыр айында басталғаны белгілі. Осы уақыт аралығында Орал өңірінде 53 таныстырылым өткізіліп, үш қоғамдық дәріс оқылыпты. Бұған үш мыңнан астам адам қатысқан. Облыс орталығындағы сауда орындарында, саябақтар мен үлкен алаңдарда промонүктелер ашылған. Сонымен бірге, ақпараттық насихатпен айналысатын 49 адам арнайы семинар тренингке қатысып сертификат алғаны да түсіндіру шараларының жан-жақтылығын көрсете алады.
Ұзақ жылдар бойғы тәжірибелерге көз салсақ, үгіт-насихат пен ақпараттық науқандар бірден нәтиже бере қоймағанын көреміз. Ал «Халықтық IPO-ға» қатысты іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесі жөнінде бұлай дей алмаймыз. Өйткені, бұл мәселеде нәтиже көп күттірмей келіп отыр. Айталық, Ақжайық өңірінде аталмыш бағдарламаға қатысушы инвесторлар қатары тез толыға түсуде. Мұны брокерлік шоттардың ашылу динамикасынан да байқауға болады.

Театр киім ілгіштен басталса, республика азаматтарының «Халықтық IPO-ға» қатысуы шот ашудан басталады десек қателесе қоймайтын шығармыз. Дерекке сүйенсек «Асыл-Инвест» компаниясында қараша айына дейін 10043 жеке инвестор шот ашыпты. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 56 есе артық екен. Сондай-ақ бұған дейін шоттардың тоқсан пайызын Алматы қаласының тұрғындары ашып келген болса, бүгінде жағдай күрт өзгеріп 360 градусқа бұрылғанын көрсетеді. Яғни, дәл қазіргі күні 68 пайыздық көрсеткшіпен Батыс Қазақстан облысының инвесторлары суырылып алға шығыпты. Бұдан кейінгі кезеңде Солтүстік Қазақстан облысы тұр, Астана, Жезқазған, Қарағанды өңірлерінің тұрғындары 17, Оңтүстік Қазақстан облысы 11 және Шығыс Қазақстан облысы 4 пайызды құрапты.
«Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыруға қатысты «Казпошта» АҚ мен оның облыстардағы филиалдарының қызметі жаңа сапалық мәнге ие. Қазір мұндағы іс тұрғындардың аталған бағдарламаға қатысуына жағдай жасаудан, брокерлік қызмет көрсетуден және шот ашудан көрініс тауып келеді.
- Қазіргі күні біздің филиал арқылы 534 шот ашылды. Әрине, мұның бәрі брокерлік шот дей алмаймыз. Әйтсе де осы қадамның өзі тұрғындардың бағдарламаға қатысты кеңес алып, келешекте инвестор болуға талпынысын байқатады. Шот ашушылардың дені - зейнеткерлер мен мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, - дейді «Казпошта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлбаршын Дәрішева.
Иә, бүгінде батысқазақстандықтар «Казпоштаға» «Халықтық IPO» жөнінде ақпарат, кеңес алуға ғана емес, сонымен бірге, брокерлік қызмет жөнінде келісімшарт жасауға көптеп келе бастаған. Мысалы тек соңғы айларда ғана брокерлік шот ашқандардың қатары Орал өңірінде бірнеше есеге өсіпті. Ендігі жерде шот ашқан азаматтар бағдарлама бойынша «ҚазТрансОйл» «KEGOK», «Эйр Астана», «КазТрансГаз», «Самұрық-энерго», «Қазақстан темір жолы» секілді ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алуға бекем бел буып отыр. Сонымен бірге, олар қазіргі нарықтағы акциялар мен пайларды сатып алу мүмкіндігіне де ие. Ең бастысы облыстағы ауыл тұрғындарының «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысуға ықыласты екендіктері де сүйсіндіреді. Бұл істе облыстың Бөрлі, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе, Ақжайық аудандары тұрғындарының белсенділігі жоғары деуге болады.
Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары жазып хабарлағанындай қазақстандық компаниялар арасында бірінші болып «ҚазсТрансОйл» компаниясы өз акцияларын құнды қағаздар рыногына шығаруды қолға алды. Елімізде өндірілетін мұнай-газдың 58 пайызын тасымалдайтын отандық компания өткен жылды 25,9 миллиард теңге таза пайдамен аяқтаған екен. Осындай табысы мол отандық компанияның акциясын сатып алу арқылы қарапайым тұрғындар осындай пайдадан үлеске ие болып жатса, игілік деген сол емес пе?
«Елде болса ерніңе тиеді» деген даналық сөз бар. Халықтық философияның бұдан артық тіркесін тауып айта алар ма екенбіз? Халқымыздың даналығы мен болашақты болжағыштығы да осы бір ауыз сөздің астарында тұнып тұрғандай. Жоғарыда айтылғандай «Халықтық IPO» бағдарламасының кезекті сапалық кезеңін қазақстандық компаниялар акцияларының нарыққа шығу сәтімен байланыстыра аламыз. Халық көптен күтіп жүрген сол сәт, сол күн де босағадан аттады. Ендеше, іске сәт, қоржын толсын, ағайын демекпіз?
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Абай-ақпарат»