Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4648 0 пікір 27 Шілде, 2009 сағат 08:30

Қуандық Танабас. Қара орманға қарай жүр…

Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігі орманды алқапқа ұласады. Мемлекеттік табиғи резерватқа енгізілген қарағайлы орман бүгінде күзетіліп, қорғалады. Өйткені, бірінші сортқа жатқызылатын қымбатты қызыл, майлы қарағай тек Канада мен Қазақстан жерінде ғана өсетін көрінеді. Сапалығын ескеріп кезінде патша І Петр де кеме жасау үшін қазақ орманының ағашын алдыртыпты деседі. Осы қарағайдың бүгінде өндірістегі бағасы тым қымбат. Сондықтан да оған қол жеткізу үшін қасақана от қоятындар баршылық. Орманшылардың айтуынша,  97 жылдары болған өрттің салдарынан орманның жартысына жуығы жанып кеткен. Соңғы екі-үш жылда ғана орман іші тынышталып, ұрлық-қарлық та азая бастапты.

Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігі орманды алқапқа ұласады. Мемлекеттік табиғи резерватқа енгізілген қарағайлы орман бүгінде күзетіліп, қорғалады. Өйткені, бірінші сортқа жатқызылатын қымбатты қызыл, майлы қарағай тек Канада мен Қазақстан жерінде ғана өсетін көрінеді. Сапалығын ескеріп кезінде патша І Петр де кеме жасау үшін қазақ орманының ағашын алдыртыпты деседі. Осы қарағайдың бүгінде өндірістегі бағасы тым қымбат. Сондықтан да оған қол жеткізу үшін қасақана от қоятындар баршылық. Орманшылардың айтуынша,  97 жылдары болған өрттің салдарынан орманның жартысына жуығы жанып кеткен. Соңғы екі-үш жылда ғана орман іші тынышталып, ұрлық-қарлық та азая бастапты.

Жалпы мәліметтер еліміздің мемлекеттік орман қоры 26,2 миллион гектарды алып жатқанын көрсетеді. Яғни, республика жерінің бар жоғы 4,6 пайызы ғана орманды алқап деген сөз. Солардың бір пайызы қарағайлы орман ағаштарына бай Кереку өңірінің үлесіне тиесілі екен. Осыдан бес-алты жыл бұрын Ертіс өзені бойындағы көне реликті яғни, қарағайлы ормандарды сақтап қалу, қалпына келтіру мақсатында Үкімет қаулысы шыққаны белгілі. Осы қаулының негізінде "Семей орманы" және "Ертіс орманы" деп аталатын  екі ерекше қорғалатын табиғи мемлекеттік мекеме құрылды. "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты мекемесіне облыстың Лебяжі және Шарбақты аудандарының аумақтарын қамтыған қалың ағашты Шалдай, Бесқарағай орманды аймақтары қарайды. Оның орталығы Шалдай ауылы болып есептеледі. Резерваттың құрамында әрқайсысы жеті-жетіден 14 орманшылық бар. Осыдан шамалы жылдар бұрын техникалық құжаттары да болмаған «Ертіс орманы» ерекше қорғау статусын иеленбестен бұрын ашық тонауға түсіп, контрабандалық сауданың қызу орталығына айналғандай еді. Орман бойын қоныстанған ауыл халқы да жұмыс таппағандықтан ағаш ұрлаумен айналысып, тіпті орман іші бандиттік топтар арасында бөліске түскен деген қауесет те тарай бастаған. Тек 2002 жылдың 16 шілдесіндегі еліміздің Үкіметі шет елге ағаш экспорттауға тыйым салу, орман ағаштарын кесуді лицензиялау жөнінде қаулы қабылдағанынан кейін орман тонау сейілді. Орман шаруашылығы мамандары, табиғат қорғау прокуратурасы, қаржы полициясы бірлесе отырып, заңсыз түрде ағаш өнімдерін дайындайтын кәсіпорындарды тексеріп, анықтауға қол жеткізген еді.

Ал, бүгінгі күні «Ертіс орманы» қандай жағдайда?.. Осы сұраққа жауап іздеп Шалдай ормандарына барып қайтуды жөн санадық. Бірінші қырсық - әлі жөнделіп бітпеген шұңқыр жол болды. Сонымен...

Орман іші биыл тыныш. Жергілікті халықты жұмыспен қамту мақсатында 307 адам орман күзету жұмыстарына тартылыпты. Сөйтіп, бұрынғы ағаш ұрлаған халық енді оны күні-түні күзетумен айналысады. Орман резерватының да құжаттары реттеліп, шартты эмблемасы бекітілген. «Ертіс орманы» табиғи резерватының бастығы Амангелді Сыздықовтың айтуынша, бұрындары жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту қиын болатын. Көбі жалақының аздығынан бас тартатын еді. Қазірде жұмыс істеуге ниет білдірген адамдар көп. Алатын жалақылары 25-30 мың теңге аралығында. Сондай-ақ, биылғы жылы Әлемдік банктің қолдауымен орман ішінде төрт мұнара салынбақшы. Олардың көмегімен өрттің қай жерден шыққандығы тез арада анықталып, орталыққа хабарланады. Орман шаруашылығы мамандарының айтуына қарағанда бүгінгі күнге дейін Семей өңірімен шектесетін орман алқаптарының 50 пайызына дейінін өрт жалмап тастаған. 1947 жылы өсірілген қарағайлардың 80 пайызына дейіні жоқ болып кеткен деген де мәліметтер бар. Әсіресе, 1996 жылдан бастап 7-10 мың гектар шамасында орманды жалмап отырған өрттің зардабы орасан. Осының орнын толтыру мақсатында соңғы екі жылда қосымша 1200 адам жұмысқа тартылып, 2232 га аумақты құрайтын екі питомник отырғызылған. Питомниктердегі 1 га жерге себілген 60 килограмм тұқымнан бір миллион 200 дана түп шыбық өсіп шығады. Жас шыбықтар екі жылдай уақыт күтіп-бапталып, үшінші жылы бойлау үшін қарағайлардың арасына трактормен жыртылған жерге механикалық түрде отырғызылады. Питомниктегі бір балапан қарағайдың екі жылдағы бойлауы 8-10 см жетеді. Яғни оны өсіріп, ағашқа айналдырып, өндірістік мұқтажға пайдалану үшін кемінде 70-80 жыл уақыт кетеді екен. Сондықтан да оларды күтіп баптайтын арнайы ғылыми қызметкерлер шақыртылған. Ал биылғы жылдың 1-ші шілдесінен бастап «Жасыл ел» бағдарламасы негізінде 250 студент жастар 15 күн бойы орман ішін тазалау жұмыстарын жүргізеді. Олардың жатын жерлері, ішетін тамақтары орман басқармасы тарапынан тегін қарастырылған. Сондай-ақ орман алқаптарындағы күзету жұмыстарын нығайту мақсатында Шарбақты аудандық әкімдігі табиғатқорғау полициясына биыл қосымша 1 «УАЗ» көлігін бөлді. Күннің райына байланысты тікұшақпен де орман ішін бақылау жүргізіледі. Өртке қарсы және күзет шаралары жөніндегі жұмыс тәжірибесін үйрену мақсатында аудан делегациялары көршілес Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің орманды алқаптары Басқармасына барып қайтты. Бір қызығы, Алтай  өлкесіндегі мемлекеттік орман «Лес» жауапкершілігі шектеулі қоғамына жалға берілген екен. Мердігер өртке қарсы, орманды қалпына келтіру және орманды күзету іс-шараларын өзі іске асырады. Сондай-ақ, орман мердігерлері сауда-саттық келісімшарты негізінде тек қана өсіп жетілген және көп тұрып қурап қалған орман ағаштарын даярлаумен айналысады. Өртке қарсы іс шараларын 6 химиялық-өрт станциялары қамтамасыз етіп, өртке қарсы жағдайды қадағалау бейнеаппаратура орналасқан 8 бақылау мұнаралары арқылы  жүргізіледі. Тіпті спутниктік қадағалау да бар, яғни өрттің нақты болып жатқан жерін анықтайтын жылу көздері белгіленген. Өрт пайда болған жерге жету уақытын қысқарту мақсатында кордон аумағында өрт машиналары кезекшілік етеді. Осындай екі шоқып, бір қараған сақтылықтың арқасында 2008 жылы Алтай орманының бар-жоғы 3,9 гектар жер аумағында орман өрті болып өтті. Ал Қазақстан жеріндегі "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватында 2007 жылы 900 га, 2008 жылы 1200 га қарағайлы алқап жанып кеткен. Көрсеткіштердің өзі көршілес екі орманның жағдайын салыстырмалы түрде көрсетіп тұрғандай.

Биылғы жаздың жауын-шашыны мол. Әзірге орманда өрт байқалған жоқ. Дегенмен де ол өрттің тосын табиғат мінезінен емес, көбінесе адам қолынан шығатынын білу керек. Қарақшылар да ұрлыққа енді бұрынғыдай үлкен КамАЗ-дармен емес, шағын қорапты тракторлар мен ГАЗ-53 маркалы автокөліктерді, тіпті ат-арбаларды пайдалануға көшкен көрінеді. Барлығы да тойымсыз аш пейілден екен.

 


Павлодар облысы

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338