Жұма, 11 Қазан 2024
1022 0 пікір 25 Мамыр, 2022 сағат 15:58

Алматы: Оқушылар қандай жетістіктерге жетуде?

Кез келген мемлекет үшін білім аса маңызды. Бұл ең көп қаржы бөлінетін сала және мектеп оқушыларының жетістігі, болашақ студент пен қызметкердің қандай болатынын айқындайды. Қазақстан білім беруге барынша мән беріп келеді. Алматы қаласы Қазақстан бойынша оқушылар саны бойынша бірінші орында және білім деңгейі бойынша да көш басында. Өткен оқу жылында да Алматы оқушылары толағай табыстарға қол жеткізді. Бұл артық айтқанымыз емес.

Қалада 230 мыңнан астам баланы қамтитын 20 ауқымды шығармашылық фестиваль, форумдар, конкурстар, слеттер мен көрмелер өткізілді.

2021-2022 оқу жылында Алматы қаласы мектептерінің 30 мыңнан астам оқушысы 85 қалалық, 57 республикалық, 18 халықаралық зияткерлік олимпиада мен конкурсқа қатысты, оның қорытындысы бойынша 4 045 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

16 пән бойынша ЖББ жыл сайынғы ең басты республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласының командасы 1 орынды иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда-2022» атанды, жалпы біздің оқушылар 88 жүлделі орынға: 16 алтын, 27 күміс және 45 қола медальға ием болды.

Алматы қаласының құрама командасы ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша да алда келеді. Биыл республикалық ғылыми жобалар байқауында оқушылар 51 медаль жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын, 12 күміс және 31 қола, нәтижесінде республика бойынша жалпы командалық есепте 1 орын алды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласында спорттың 10 түрі бойынша ұлттық мектеп лигасының іріктеу кезеңдері өтті, онда 5-11 сыныптың 97 мыңнан астам оқушысы қатысты.

2022 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Ұлттық Мектеп лигасының республикалық кезеңі өткізіледі. Бүгінде Алматы мектептерінің оқушыларының қоржынында жалпы командалық есепте 2 бірінші, 1 үшінші орын бар.

Француз Нормандиясында 2022 жылдың 14-22 мамыр аралығында спорттың 20 түрі бойынша Бүкіләлемдік гимназиада өтті. Бұл 16-18 жастағы мектеп оқушылары үшін үлкен мультиспорттық оқиға. Қазақстан Республикасының құрамасы алғаш рет қатысып, 85 медальға ие болды, оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола. Ел құрамасы жалпыкомандалық үшінші орынға ие болып, көшбасшылар үшенді. Қазақстан Республикасы құрамасының ішіндегі 25 спортшы Алматы қаласының оқушылары, олар Дүниежүзілік гимназиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.

Биылғы оқу жылында халықаралық деңгейдегі түрлі шығармашылық фестиваль мен байқауға Алматы қаласынан 4 мыңнан астам оқушы қатысып, олардың қорытындысы бойынша барлығы 137 жүлделі орынға ие болды: Гран при - 33, 1 орын - 31, 2 орын - 42, 3 орын - 31. 13 республикалық шығармашылық байқаулар мен фестивальдерге 2 мыңнан астам бала қатысып, 1 орын - 12, 2 орын - 18, 3 орын - 15 иеленді.

Алматы оқу жылын осындай табыстармен аяқтады. Келер жылдан үміт көп. Оқушыларды дайындау мен оларға тәрбие мен білім беруде қала тағы да алға шығуды жоспарлап отыр.

Abai.kz

0 пікір