Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2295 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 08:44

Бас бостандығынан айрылғандар босқа қарап жатпасын

Сотталғандарды Үдемелі индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға «жегу» қажет. Кеше Астанада өткен Жергілікті билік органдарының ұлттық форумында қызықты ұсыныс жасалды. Ол Парламент өкілдері тарапынан қолдау тапты. Бір айта кетер жайт, тіпті өзін қазіргі заманауи өркениеттің көшбасшысы санайтын Америка Құрама Штаттарында да ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын салуға, әсіресе, егер олар шөл дала сияқты адам төзбес, ауыр жағдайларда жүретін болса, аса ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айырылғандарды тарту тәжірибесі бар. Ал Қазақстанда болса, Ұлттық форумға қатысушылардың байламынша, үлкен адами ресурс пайдаға жаратылмай жатыр. Қазіргі кезде Қазақстандағы бір­қатар ірі жобаларды іске асыруға жұмыс қолының жетпейтіні ашық айтыла бас­тады. Елбасының Үдемелі индустрия­ландыру саясатын ілгерілетуге бел шеше, білек сыбана кіріскен еліміз «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық тасымал дәлізі сияқты алып құрылыстарды қолға алған. Атап айтқанда, осынау жалғыз ғана мега-жоба 50 мыңдай жұ­мысшыны қажет етіпті. Қазақстан алда да осындай орасан зор жұмыс күші жұмылдырылуға тиісті жобаларды жүзеге асыруға бел буа берері сөзсіз.

Сотталғандарды Үдемелі индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға «жегу» қажет. Кеше Астанада өткен Жергілікті билік органдарының ұлттық форумында қызықты ұсыныс жасалды. Ол Парламент өкілдері тарапынан қолдау тапты. Бір айта кетер жайт, тіпті өзін қазіргі заманауи өркениеттің көшбасшысы санайтын Америка Құрама Штаттарында да ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын салуға, әсіресе, егер олар шөл дала сияқты адам төзбес, ауыр жағдайларда жүретін болса, аса ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айырылғандарды тарту тәжірибесі бар. Ал Қазақстанда болса, Ұлттық форумға қатысушылардың байламынша, үлкен адами ресурс пайдаға жаратылмай жатыр. Қазіргі кезде Қазақстандағы бір­қатар ірі жобаларды іске асыруға жұмыс қолының жетпейтіні ашық айтыла бас­тады. Елбасының Үдемелі индустрия­ландыру саясатын ілгерілетуге бел шеше, білек сыбана кіріскен еліміз «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық тасымал дәлізі сияқты алып құрылыстарды қолға алған. Атап айтқанда, осынау жалғыз ғана мега-жоба 50 мыңдай жұ­мысшыны қажет етіпті. Қазақстан алда да осындай орасан зор жұмыс күші жұмылдырылуға тиісті жобаларды жүзеге асыруға бел буа берері сөзсіз.
- Бүгінде экономикалық қылмыс­тары үшін өте көп адам отыр, - дейді Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева. - Олар жеткілікті түрде дарынды, интел­лектуалдық әлеуеті жоғары адамдар. Егер олар түзелу жолымен жүрсе, неге олар осыған қатыса алмайды?! Мемле­кет бұдан ұтады, «екі жеп, биге шықпақ»: біріншіден, ондай азаматтарының теріс жақтарын жақсыға айналдыруға, қабі­лет-қасиеттерін қоғам үшін пайдалы, ізгі іске бағыттауға ықпал етеді. Екінші­ден, қосымша жұмыс күшіне ие болады.
Айгүл Сағадибекқызы темір тор­дың ар жағында қандай да бір өнімді анағұрлым жетілдіріп, инновациялық сипат бере алатын өнертапқыштар да отырғандығын айтады. Оның айтуынша, депутаттар Ақмола облысындағы бас бостандығынан айыру орындарында болыпты. «Сонда көрдік. Біз зонада паркті тамашаладық, онда сотталғандар бюсттер жасап, сурет салады, ағаштан бұйымдар әзірлейді екен. Бұл ол адам­дардың еңбекті сағынғандығын, олар­дың жұмыс жасай алатындығын, жеткі­лікті түрде көрнекті өнім шығара алатын­дығын көрсетеді. Егер мемлекет оларды қайта даярлап, жаңа кәсіптерге оқытса, олар елде жүріп жатқан үдеріске тиімді тартыла алады» деген А.Соловьева мұ­ның сыртында түрмелерде сотталғандар­­дың компьютерлік сауаттылығын ұштап жатқандарына куә болғандығын қосты.
Бұған қоса, оның ойынша, соттал­ғандардың кейбірін аудармашы және осымен байланысты басқа да жұмыс­тарға алуға болатындай: «Мен бөлмелерді аралағанымда, кейбірінің ағылшын және басқа шет тілдерін үйреніп жүр­генін көрдім. Яғни қолдары бос болғандық­тан, олар уақытты текке кетірмей, оқу­дан өтуде. Егер бұл адамдар шет тілдерді жақсы меңгеретін болса, оларды осы тұрғыдан да үдеріске тартуға болады ғой?!» деген ұсыныс білдірді депутат ханым. Оның айтуынша, бұл еңбек ресурсына мемлекет саралай қарауы керек: олардың арасында тек бастап­қы білімі барлары да жететін көрінеді. Мемлекет ондай жандардың білімін жетілдіру, қайта оқыту, елге керекті ма­мандықтарды игеруіне жәрдемдесу шараларын қабылдағаны жөн. «Ертең сонда олар ел үшін лайықты еңбек ре­сурсына айналады. Өйткені темір тордың ар жағында отырғандардың негізгі бөлігі 25-тен 40 жасқа дейінгі азаматтар. Демек, оларды оқыту, осы үдеріске тарту - біздің мемлекеттің ең­бегі болар еді» деп түйді Мәжіліс депу­таты Айгүл Соловьева.
Жиын аясында мәлім етілгеніндей, бас бос­тан­дығынан айыру орындарынан жыл сайын 15 мың адам босап шығады екен. Осы­ның алдында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай кең ауқымды рақымшылық жариялан­ғаны мәлім. Сонда, кем дегенде 19 мың сот­талған еркіндікке қол жеткізіпті.
- Сүрінбейтін тұяқ жоқ, - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Баһадұр На­рымбетов. - Заңды бұзған адамдар өз қателік­терін түсініп, қоғамға шыққан екен, олар қо­ғамның толыққанды азаматы ретінде қа­был­дануы керек. Осы себепті биылғы жыл басында Шымкент қаласында түрмеден босап шыққан­дарды сауықтырып, бейімдейтін орталығы ашылды. Осы бейімдеу орталығына жыл ба­сы­нан бері 300-ден астам адам келіп отыр. Соның ішінде 100 адамды біз жұмысқа орна­ластырдық. Оның 25-і - әлеуметтік жұмыс­тарға тұрды, 69-ы - тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
Шымкент қаласы әкімі орынбасарының айтуынша, түрмеден шыққандарды жұмысқа орналастыруда олардың тұрғылықты тіркелген орнына («прописка») қатысты құжаттарын рәсімдеу қиындық тудырады екен. Сондықтан бұл орталық ондай жаза басып, жазасын өтеп шыққандарға заңдық көмек беріп, құжаттарын реттейтін көрінеді. «Ары қарай олармен пси­хологтар жұмыс істейді. Бұл жерде атап өткім келеді: бізде психологтар тек олармен ғана емес, олар баратын отбасылармен жұмыс іс­тей­ді. Кей кездері отбасылары арада көп жыл өткеннен кейін, оларды суық қабылдайтын жағдайы бар. Біз соның алдын алу үшін отбасы мүшелерімен жұмыс жүргіземіз» деген Б.На­рымбетов бұл ретте кездесер үлкен бір қиын­дық - бас бостандығынан айыру орындарынан босағандардың көбісінің тұратын жерінің болмауы екендігін жеткізді. «Туыстары барлар, жағдайы жақсылардың бейімделуі жеңіл өтеді. Қазақтың ұлттық менталитеті сол, туысқанын далаға тастамайды. Ал орталыққа келетін­дердің негізі - өзге ұлттың өкілдері және ба­рар жері жоқ азаматтар» деді Баһадұр Мада­лиұлы. Жиында мемлекет бұл проб­леманы ше­шу үшін осы контингентке арналған жатақ­ха­налар салатындығы жарияланды.
Аймақтардың жергілікті биліктері Ұлттық форумда абақтының ар жағындағы адами ресурстарды пайдалану үшін оларды елге ке­ректі мамандықтарға оқытуға өздерінің мүм­кіндіктері барлығын айтып жатты.
- Жағдай қазір түбегейлі өзгерді, - дейді «Еңбек-Атбасар» ұйымы филиалының ди­рек­торы Егор Саваль. - Сотталғандардың ара­сында жұмыс істегесі келетіндер өте көп. Адам жұмыс істегенде, оның көңілі де, күйі де бас­қаша болады. Олар сыртқа шыққан соң, біраз демалып, жұмысқа кірісуді ойлайды. Өйткені бұл - қаржы, әрі бұл оның мәртебесі! Бірақ ол адамдар кіріс табулары үшін жұмыс ауқымы қажет. Бізде қазір жұмыс ауқымын табуда қиындық бар, - деп мойындады осындай жан­дармен тікелей жұмыс істейтін ұйым же­текшісі. Демек, темір тордағы және одан шық­қандарды Үдемелді индустрияландыру жұмыс­тарына жұмылдыру мәселесі бекер көтеріліп отырмағандай.
Айтқандай, Норвегияның Қазақстандағы елшілігінің жобасы аясында Мәжілістің Заң­на­ма және сот-құқықтық реформа комитеті мен PRI (Халықаралық түрме реформасы) ұйымы­ның Орталық Азиядағы Өкілдігі бірлесіп ұйым­дастырған кешегі Жергілікті билік орган­да­рының ұлттық форумында об­лыстар мен қала басшылықтары бас бостан­ды­ғынан айыру орын­дарынан босаған тұлға­ларды қайта әлеу­меттендіру міндетін қалай орындағандары жайында алғаш рет парла­ментарийлер мен қо­ғамдық ұйымдар алдында есеп берді. Президент Жарлығымен 2010 жыл­дан бастап осы функция әкімдердің құзырына берілген екен.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5507