«Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Тұлға және саясаткер»
Өскемендегі облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында «Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Тұлға және саясаткер» атты тұңғыш Президенттің мұражайы қорының көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ іскерлік қызметі арқылы Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы қол жеткізген жетістіктерін айшықтай көрсету.
Ағымдағы жылдың 1-желтоқсанында Қазақстан Республикасында алғаш рет Тұңғыш Президент күні мерекеленбек. Бұл мемлекеттік мереке ел Президентінің, Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы тұлғаның Қазақстанға сіңірген ерен еңбегін түйсініп, бағалауға бағышталған.
- Біз Тұңғыш Президент күні халықтың не көріп-білгісі келетіні жайында тұрғындар арасында сауалнама жүргізген едік. Олардан түрлі көрмелер мен концерттер және спорттық жарыстар ұйымдастыру жөнінде көптеген ұсыныстар түсті, - дейді облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар. - Соған орай жүзден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Өскемендегі көрмеге тұңғыш Президент мұражайының соңғы жылдары айтарлықтай толыққан коллекциялар қорының біраз дүниелері ғана әкелінді.

Өскеменге әкелінген жәдігерлерді негізінен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін баяндайтын суреттер, сондай-ақ, экспонаттар, тұңғыш Президентке ұсынылған жеке дүниелер мен сыйлықтар құрайды.
Мәселен көрменің бірінші залы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жастық шағын баяндайды. Ол жерден Президент металлургияның қыр-сырына қаныққан Днепродзержинскідегі фотосуреттерді, аталған қаладағы оқуын бітіру кезінде оған 8-разрядты кенші атағы берілгенін (ең жоғарғы разряд - 10) бейнелейтін суреттер топтамасын көруге болады. Ал одан кейін Елбасымыз Теміртауға келіп, Қарағанды металлургия комбинатында металлург болып, алғашқы еңбек жолын бастаған еді. Аталған көрмеде осынау кезеңдерден сыр шертетін «Теміртау» атты құйма-композицияның қойылуы сондықтан да ерекше. Осы қалада болашаққа деген өрелі көзқарасы мен қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны үшін Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ комсомолдық және партиялық жұмысқа шақырады. Елбасымыздың сол жалынды жастығын оның Теміртаудағы бірінші мамырдың мерекелену шеруіндегі кезін, халықпен жүздесулерін, балабақшаларда болып, бүлдіршіндермен кездесуін бейнелеген суреттер әдемі баяндайды.
Айтары мол көрмеде әсіресе, тұңғыш Президенттің жеке қаламы, оның қолымен түзетулер жасалған Қазақстанның Әнұраны ерекше бағалы экспонат болып табылады. Көрмеге қойылған Жапония, Израйль, Еуропа елдері мен Ресей тарапынан тарту етілген сыйлықтардың өзі бір төбе. Сонымен қатар мұнда әртүрлі авторлардың сый-қолтаңбалары жазылған кітаптар, қазақстандық азаматтардың Президентке жолдаған хаттары да орын тепкен.
- Мен бұл көрмеден Президентіміздің дара жолынан дерек беретін көптеген жеке заттарын көріп, талай жаңалық пен танымдық дүниелерге қанықтым. Осындай тамаша тұлға туралы жаңа экспонаттармен етене танысқаныма қуаныштымын, - дейді облыстық этнографиялық мұражайдың орыс этнографиясы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Роман Нечаев. Дәл осындай пікірді Мария Бурковскаяның да аузынан естідік.
«Абай-ақпарат»