Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3276 0 пікір 26 Қараша, 2012 сағат 06:07

Гүлбаршын Айтжанбай. Қазақ ұлтшыл–патриоттары және «жұмыртқаның қабығы»

Апта басында Ермұхамет Ертісбаев тағы да «ерледі». Мәскеуде өткен «Қазақстан мен Ресей еуразиялық интеграциялық жобада» «Бізде интеграцияға қарсы ұлтшыл-патриоттар бар.  Олар жұмыртқа қабығының ішіне жасырынып отырғанымызды қалайды. Кедендік Одақтан шығару үшін референдум өткізбек» деді. Елбасымыздың саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісінің бұл пікірі  еуразиялық парламентті «90 Х 5Х 5 »  формуласымен айшықтап жүрген ресейлік саясаттанушылардың болжамына тойтарыс берген ұлтжанды саясаттанушылар Ерлан Карин мен Мәулен Әшімбаевтан елге мәлім болған пікірлеріне кейін айтылды.  Осыдан біраз бұрын ресейлік саясаттанушы Алексей Власов «Айқын» газетіне берген сұхбатында «Қазақстанда  қоғамдық пікірді  қоғамдық мінберде салқынқанды түрде сараптап бере алатын Нұрлан Ерімбетов тәрізді саяси модераторлар өте аз.  Сондықтан ішкі жағдай анда -санда айтылып қалатын ішкі -сыртқы  оқыс ойларға тәуелді» деген болатын. Рас, біздің  «оқыс ойларға» соншалықты тәуелді екенімізді  саясаттанушыларымыз да жоққа шығармайды. Олар мұның себебін ойын-пікірін ашық жеткізетін қоғамдық мінбердің жоқтығынан көреді.  Кешегі Мәскеу төрінде қазақтың ұлтшыл патриоттарына қарсы бағытталған пікір Ертісбаев мырзаның ұлтшыл-патриоттарды бір ширатып алуды ойлаған   достық пейілі ме, әлде    кейбір  саяси топтардың қоғамның беталысын аңдамақ болған   көзір картасы ма?

Апта басында Ермұхамет Ертісбаев тағы да «ерледі». Мәскеуде өткен «Қазақстан мен Ресей еуразиялық интеграциялық жобада» «Бізде интеграцияға қарсы ұлтшыл-патриоттар бар.  Олар жұмыртқа қабығының ішіне жасырынып отырғанымызды қалайды. Кедендік Одақтан шығару үшін референдум өткізбек» деді. Елбасымыздың саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісінің бұл пікірі  еуразиялық парламентті «90 Х 5Х 5 »  формуласымен айшықтап жүрген ресейлік саясаттанушылардың болжамына тойтарыс берген ұлтжанды саясаттанушылар Ерлан Карин мен Мәулен Әшімбаевтан елге мәлім болған пікірлеріне кейін айтылды.  Осыдан біраз бұрын ресейлік саясаттанушы Алексей Власов «Айқын» газетіне берген сұхбатында «Қазақстанда  қоғамдық пікірді  қоғамдық мінберде салқынқанды түрде сараптап бере алатын Нұрлан Ерімбетов тәрізді саяси модераторлар өте аз.  Сондықтан ішкі жағдай анда -санда айтылып қалатын ішкі -сыртқы  оқыс ойларға тәуелді» деген болатын. Рас, біздің  «оқыс ойларға» соншалықты тәуелді екенімізді  саясаттанушыларымыз да жоққа шығармайды. Олар мұның себебін ойын-пікірін ашық жеткізетін қоғамдық мінбердің жоқтығынан көреді.  Кешегі Мәскеу төрінде қазақтың ұлтшыл патриоттарына қарсы бағытталған пікір Ертісбаев мырзаның ұлтшыл-патриоттарды бір ширатып алуды ойлаған   достық пейілі ме, әлде    кейбір  саяси топтардың қоғамның беталысын аңдамақ болған   көзір картасы ма? МӘСКЕУДЕ аңдаусызда айтылып қалған оқыс ой жайлы  қазақстандық саясаттанушылардың пікірін білген едік.

 

Айдос САРЫМ,  саясаттанушы:

-   Рас, Ресей бізге дос ел, бізді стратегиялық тең дәрежелі әріптес ел деп таныған ел. Біздің елдеріміздің арасындағы байланыстың  тамыры тым тереңде жатыр. ендігі жерде біз одан бас тарта алмаймыз.    Бірақ сауда жасау үшін, экономикалық-саяси байланыстар үшін құшақтасып бірге жүріп, бір жастықта бас түйістірудің қажеті жоқ. Себебі біздерді бір жастыққа бас түйістіру мүмкңіндігінен тым алыстатып жіберген саяси жағдайлар тым көп. Ол - біздің бодандық тарихымыз. Тіпті күні кеше Кеңес Одағы күйрейтін тұста, 1986 жылғы тарихи оқиғалардан кейін Мәскеу тарапынан қазақты бір-біріне айдап салуға бағытталған іс -әрекеттер әлі ұмытылған жоқ.   Демек, біз өткенге дәл бұрынғы жолмен қайта оралғамыз келмейді.  Біз  атақты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда   «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.    Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.   Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз»

Меніңше, Ертісбаев мырзаның «Бізде интеграцияға қарсы ұлтшыл-патриоттар бар.  Олар жұмыртқа қабығының ішіне жасырынып отырғанымызды қалайды» дегені дұрыс емес. Егер, ол тәуелсіз саясатанушылардың бірі болса, мән бермей-ақ қоюға болар еді. Ол біріншіден, мемлекеттік қызметкер, екіншіден Елбасымыздың саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі. Сондықтан, Ертісбаев  өз қандастарының, қазақ ұлтшыл -патриоттарының ауласына тас лақтырмай тұрып, бізбен өз тілінде  -ата-бабалары сөйлеген қазақ тілінде тілдесіп көрді ме екен. Біздің жиындарымызға келіп қатысты ма екен? Бізден белгілі бір деңгейде пікір таластырып көрді ме екен? Ал сырттай пікір айту -  су ішіп отырған құдығыңа түкірумен бірдей.

 

Дос КӨШІМ, саясаттанушы:

Тәуелсіздік үшін күреспеген, сол үшін тер төкпеген адамдарға тәуелсіздік қымбат емес

Меніңше, Ертісбаев кейбір пікірлеріне соншалықты мән берудің қажеті жоқ. Бұл пікір оған ешқандай ұпай әкелмейді.    Қазақ елінің тәуелсіздігінің өзі ұлтшыл-патриоттардың арқасында келді. Ол барлық жерде мойындалған және тарихһта бар. Ұлтшыл патриоттар ешқашан «жұмыртқаның қауызына» жасырынып көрмепті.  Мысалы, 1990 жылдардың басында құрамында Ертісбаев мырза бар коммунистер  «Конфедерация болайық, кеңес үкіметін сақтап қалайық»  мәлімдеме жасап, ескі жүйені сақтап қалуға тырысты. Тәуелсіздік үшін күреспеген, сол үшін тер төкпеген адамдарға тәуелсіздік қымбат емес. Ол тәуелсіздіктің кермек дәмін әлі сезініп үлгірген жоқ. Олар оның қаншалықты қиыншылықпен келгенін  түсінбейді.  Меніңше, ұлтшылдық жынысқа да, ұлтқа да бөлінбейді. Ол туған жердің тамырлы тарихынан ғана қуат алады. 1990 жылдардың басында тәуелсіздікті ту етіп көтергендердің арасында өзге ұлт өкілдері көп болды.  Біз айтар ойымызды ешқашан бүгіп қалған емеспіз. Сондықтан бізді «тығылып қалды деу» өте ыңғайсыз айтылған пікір.  Қажет десеңіз. «Алаш» партиясының өзі ұлттық бағыттағы ұйым. Солар болмаса, қазақ мемлекеттілігі деген мәселенің өзі күн тәртібіне қойылмас еді.

Меніңше, анда -санда оғаш пікір, оқыс ой айтып,  біздердің қанымызды өыздырып қою Ертісбаевқа жарасады, бұл оның міндеті ме деп ойлап   қаламын кейде. Егер, дәл осы пікірді тәуелсіз саясаттанушылардың бірі айтса, мен оған ашуланып, алдына барып, тойтарыс беруге тырысар едім.    Ал мына жағдайда сөзімді шығындағым келмейді.

 

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам және мемлекет қайраткері:

Ұлтқа төніп тұрған қауіп  - ұлтсыздық

- Қазіргі таңда қазақ ұлтының бүгінгі тыныс-тіршілігі шынымен күрделі. Ұлтқа төніп тұрған қауіп  ұлтсыздық. Асқынып кеткен дерт. Микробтары ұлттың организмін кеңінен жайлап алды. Бұл мәселеге немқұрайлылық таныту  ұлттың түгелдей ассимиляцияға ұшырауына әкеледі. Осы бағытта жүре берсек: болашақта дамыған, өркениетті Қазақстан атты мемлекет болуы мүмкін, бірақ қазақ дейтін ұлттың болу-болмауы екіталай. Өйткені, бүгінгі ұрпақ қадым заманнан бері,  атадан балаға көшіп отыратын зәузаттық таным-тақылеттен ажырап барады. Бұл орыстанған қазақтарға тән құбылысқа айналды. Ең қиыны бұқара тәуелсіздіктің қадірін түсінбей жүр! Оған себеп, бүгінгі қазақ тәуелсіздік жолындағы күресте өмірге келген ұрпақ емес. Азаттық үшін жан берісіп көрген жоқ. Сол себепті тәуелсіздіктің құнын білмей жатыр. Ұлттың руханиятын, тілі мен дәстүрін қолдай алмай отырғаны да осыдан. Бұлардың білетіні, ата-бабамыздан мұра болып қалған байлықты өзі тапқандай сату, шашу... Басқа ешқандай көздеген мақсаты жоқ. Ұлтжандылық сезім жоқ. Бұны бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Әуелі, ұлтсыздықтың бір көзі қазақ интеллигенциясының ұлттық құндылықтан гөрі жылы орынды жоғары бағалауында жатыр. Екіншіден, Кеңес кезіндегі «мазмұны социалистік, түрі ұлттық, рухы интернационалдық мәдениет», деген абстракциялық қағида, ұлттық мәдениетіміздің сыртқы белгілерін ғана қалдырып, мазмұнын социализмге бейімдеп, байырғы табиғатынан ажыратып жіберді. Шын мәнінде қазір ұлтты сақтау үшін қалай күресу керек, оны да таңдай алмадық. Ұлттық мүдде үшін құрылған партиямыз жоқ. Немесе саяси күшке айналатындай қауқарымыз да жоқ. Осыдан кейін қазақпен әрине, ешкім де санаспайды. Өлесің бе, қоясың ба, өз еркің. Қысқасы біз қаншама еркіндік алғанымызбен, ұлттық мәселелерді шешу жолында қауқарсызбыз. Неге? Бойға сіңген бодандық психология бұрынғыны көксетіп болмайды. Бірақ заман өзгерді. Бізден басқа отаршылықтан босанған ТМД елдері қандай тірлік жасап жатыр. Болмаса осыны ескеруге мұршамыз болмады. Бізден басқалары алдымен мемлекеттің этномәдени бағыт-бағдарын айқындап алды. Бейбіт түрде орыстың тілі мен мәдениетінен құтылудың жолдарын қарастырды. Орыстың тілі мен мәдениетін үлгі тұту баяғыдай халықтар достығы емес, керісінше ұлтаралық қатынастарды шиеленістіретін, оянған ұлттық сананы ашындыратын, бара-бара жанжалға да апаруы мүмкін жол. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген итальяндық ойшыл Н.Макиавелли: «Ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан, патриотизм мен имандылықтан айрылып, көнгіш, жалтақ, тілалғыш, жағымпаз болады деген екен. Және ол мұндай жұрт кездейсоқ жағдайда табылған еркіндікті де пайдалана алмайды» депті. Кейде осы итальяндық философ біз туралы айтып отырған жоқ па деген ой қылаң береді. Одан қалды Индонезияның президенті Сухарто: «Жақсы ауру болмайтындығы сияқты, жағымды отаршылдық болмайды» депті. Әрине, біздің ұлттық тұрғыдан мұншама құлдырауымыз отаршылықтың кесірі екені сөзсіз. Отарлаушылар отарланған халыққа конформизм психологиясын қалыптастырады.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371