Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5307 0 пікір 23 Қараша, 2012 сағат 09:19

Әлемнің нұры – әйелдер

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» ұйымдастырған Әйелдердің үшінші еуразиялық саммиті өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық әйел мен Ресей, Беларусь, Башқұртстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қонақтар қатысуда.

оғамның қозғаушы күші

Соңғы он жылдықта елі­міз­дің қоғамдық саяси өмірінде әйелдердің белсенділігі артқаны байқалады. Бұл Елбасы Н.На­зар­баевтың 1998 жылы 22 жел­тоқ­сандағы Отбасы және әйел­дер істері жөніндегі ұлттық ко­миссиясын құруымен тікелей байланысты. Осы жылдардың ішінде комис­сия­ның атауы бірнеше рет өз­гер­генімен, заты, мәні сол күй­ін­де қалып, әйел­дер­дің ден­саулығын жақсарту, олардың қоғамдық-саяси қыз­мет­терге араласуына, мемлекеттік дең­гей­дегі шешімдер қа­был­дауына ықпал ету, эконо­ми­ка­лық тұр­ғы­да алға жылжыту және зор­лық көрсетудің барлық түрін жою сынды негізгі ба­ғыт­тарда жұмыс істеп келеді. Осы жыл­дардың ішінде қанатын кеңге жайған Ұлттық ко­мис­сия­ның елеулі еңбегін, оған мүд­де­лілік таныта алған қазақстандық әйел­дердің белсенділігін осы жылдың қазан айының соңын ала Бүкіләлемдік экономикалық форум талдамалық тобы жария­лаған материалдан да көруге болады.

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» ұйымдастырған Әйелдердің үшінші еуразиялық саммиті өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық әйел мен Ресей, Беларусь, Башқұртстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қонақтар қатысуда.

оғамның қозғаушы күші

Соңғы он жылдықта елі­міз­дің қоғамдық саяси өмірінде әйелдердің белсенділігі артқаны байқалады. Бұл Елбасы Н.На­зар­баевтың 1998 жылы 22 жел­тоқ­сандағы Отбасы және әйел­дер істері жөніндегі ұлттық ко­миссиясын құруымен тікелей байланысты. Осы жылдардың ішінде комис­сия­ның атауы бірнеше рет өз­гер­генімен, заты, мәні сол күй­ін­де қалып, әйел­дер­дің ден­саулығын жақсарту, олардың қоғамдық-саяси қыз­мет­терге араласуына, мемлекеттік дең­гей­дегі шешімдер қа­был­дауына ықпал ету, эконо­ми­ка­лық тұр­ғы­да алға жылжыту және зор­лық көрсетудің барлық түрін жою сынды негізгі ба­ғыт­тарда жұмыс істеп келеді. Осы жыл­дардың ішінде қанатын кеңге жайған Ұлттық ко­мис­сия­ның елеулі еңбегін, оған мүд­де­лілік таныта алған қазақстандық әйел­дердің белсенділігін осы жылдың қазан айының соңын ала Бүкіләлемдік экономикалық форум талдамалық тобы жария­лаған материалдан да көруге болады.

Онда гендерлік теңдік бойынша біздің еліміз 135 мемлекеттің ішінде алдыңғы жыл­дардағы көрсеткіштен 18 саты жоғары көте­ріліп, 31-ші орынға тұ­рақ­тағаны бел­гілі болды. Елорда төрінде өткізілген ке­шегі саммиттің ашылу барысында сөз алған Әйелдер істері және от­басылық-демографиялық саясат жө­­ніндегі ұлттық комиссияның төр­айымы Гүлшара Әбдіқа­лықова бұл көрсет­кіштің біздің елі­міз үшін жақсы жетістік екенін атап өтті. Ол мұндай табысқа Елбасының ана мен баланы қорғау, отбасылық-демографиялық саясатты қолдау бойынша жүргізіліп отыр­ған жүйелі жұмыстарының арқасында, сон­дай-ақ Президенттің саяси мем­лекет­тік қызметтегі әйелдер өкілдігін 30 пайыздан кем емес деңгейге жо­ғарылату туралы тапсырмасына орай арнайы Іс-қимыл жос­парының қабыл­дануы барысында қол жет­кенін мәлім­деді. Төрайым сонымен қатар, еліміз­дегі әртүрлі басқару құрылымда­рын­дағы әйелдер саны артып келе жат­қанын, тек Парламент Мәжілісіне депутат атанған әйелдер санының өзі 24 пайызды құрай­тынын алға тартты. Сон­дай-ақ, бүгінгі таң­да атқарушы орган­дардағы басшы әйел­дердің де үлес ­салмағы өскен.
Қоғамымызда кәсіпкер әйелдердің де ықпалы артып келе жатқаны шын­дық. Мәселен, соңғы уақытта «Даму» кәсіп­кер­лікті қолдау қоры арқылы, «Жұ­мыс­­­­­пен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ша­ғын несие алатын әйел­дердің саны өскен. «Жұмыспен қам­ту-2020» бағ­дарламасы бойынша несие алушы­лар­­­дың 40 пайызын әйелдер құрайды екен. «Еліміздің барлық облыстарында әйел кәсіпкерлердің тұрақ­ты өсуі бай­қалады. Бүгінде ерлермен тең дәрежеде «Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоға­мын» 3 миллионнан астам әйел құ­руда. Олар­дың басым бөлігі жеке бизнес ба­ғы­тында табысты жұмыс істеп жатыр. Жалпы ішкі өнімді қалыптас­тыруда олар­дың үлесі 40 пайызға жуық көр­сет­кішті құрай­ды. Әйтсе де еліміз­дің қа­зіргі таңда Кеден­ одағына мүше болуына байланысты бұл бағытта туындап отырған мәселелер де жоқ емес. Атап айтқанда, Кеден ода­ғын­дағы кә­сіпкер әйелдердің әлеуеті әзірге толық пайдаланылмай отыр. Бұл бағыт­тағы жұмыс­тарды жандандырып, бизнесті дамыту мен бірлескен кәсіп­орындарды құ­рудағы мүмкіндіктерден айырылып қалуға жол бермеу керек», - деді Ұлттық комис­сия­­ның төрайымы. Осы орайда Г. Әбді­қа­лы­қова идеялар мен тауарлар айналы­мы­ның, әйелдер жәрмең­келерін өткізу­­­дің ау­ма­ғын кеңей­ту қажеттігіне назар аударды.
Самитте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіп­сіз­дік» қарарын Қазақстанда іске асыру туралы да айтылды. Бұл өз кезегінде әйелдердің бітім­герлік операцияларға қатысуын қам­тиды. Қоғамда аталған қарар тек қақ­ты­ғыстық ахуал орын алған елдер үшін ғана деген қате түсінік қалыптасқан. Қарар құ­қық қор­ғау органдары жүйесіндегі ген­дер­лік ре­фор­маны және мемлекеттің аума­ғын­да қақ­тығыс болуына немесе болмауына қарамас­тан, әйелдердің бітімгерлік опера­ция­ларға қатысуын білдіреді. Әйелдер әр­қашан отбасында және қоғамда да бітімгер болып келді. Аталған қарарды дұрыс әрі сауатты іске асыру - мемлекеттердегі көп­теген қақ­тығыстарды шешуге мүмкіндік береді.
Саммиттің ашылу салтанатына қа­тыс­қан Беларусь Республикасы үкіме­тінің бұрынғы басшысы Сергей Си­дор­скийдің негізгі әңгі­месі Кеден одағы төңірегінде өрбіді. Ол бірегей эконо­микалық кеңістік­тің қалып­та­сып келе жатқанын, сондықтан бәсекелестік ор­та­ның дамуы да заңды құбылыс екенін айтып, жұмыс күшінің, капиталдың, экономи­калық өсімнің артуынан үмітті екенін жет­кізді. «Қазірдің өзінде Беларусь мемлекетінің экономикалық өсі­мі Кеден одағы аясында екі есе өскенін байқауға болады. Бұл Одақ тек эко­номи­ка­лық байланысты ғана дамытпайды. Одаққа мүше елдер арасындағы дос­тықтың ныға­юы­на да әсер етеді. Неге де­сеңіз, осындай аралас-құралас­тық­қа жол аша­тын алаңқай­лар арқылы адамдар бір-біріне етене бола түседі. Оның ішінде әйел-аналардың іс­кер­лік қарым-қатынасының дос­­­­тыққа ұласуы заңды», - деді С.Сидорский.
Жиынға қатысушыларды Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Қырымбек Көшер­баев, «Мархамат» қайырым­ды­лық қоры­ның қамқоршылық кеңесінің төрайымы Гульшат Хамитова (Баш­құрт­стан Респуб­­ликасы) құттықтады.
Саммиттің ресми бөлігі аяқталған соң іскер әйелдердің шеруі өткізілді. Шеруге әр облыстың, қаланың делегаттарын бастап кел­ген белсенді әйелдер қатысып, әрқайсысы өз өңірлері атынан қатысу­шы­лар­ды жігер­лен­діретін бір-бір ауыз ле­біздерін жолдады.
Бұл жиынның бір ерекшелігі ре­тін­де отандық өнім өндіруші әйелдердің өнім­де­рінің көрмесі ұйымдастырыл­­ға­нын атап айтуға болады. Көрмеге елі­міздің әр өңі­рінен келген әйелдер же­текшілік ететін 50 кәсіпорын қатысты. Соның ішінде аста­на­лық «Столичный» сүт зауытының, алма­ты­лық «Aida Kaumenova» сән үйінің, қызыл­ордалық «Маханбет П» ЖК-нің, Павлодар облысының «Гофритора» зауыты, «Ортопрот» фирмасы, «Ромат» фармацев­ти­ка­лық компаниясының өнімдері үлкен қы­зығушылық тудырды.
Саммит «Іскерлік және экономи­калық дағдыны дамыту жолдарымен әйелдер мүмкіндігін кеңейту» деген тақырыпта кон­ференциямен жалғасты. Оның шеңбе­рінде «Еуразиялық интеграция - тиімді экономикалық даму стра­тегиясы», «Әйел­дер кәсіпкерлігін дамыту және шет ел­дер­дің сәтті тә­жірибесі», «Мемлекет пен кә­сіпкерлік арасындағы әріптестік», «Қоғам­ды әлеу­­­­меттік жаңарту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру» сессиялары үш күн бойы жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, саммитте имидж, тұл­­ғалық даму, халықтық IPO, сатылым, маркетинг, кәсіпкерлікті дамыту мәсе­лелері бойынша жетекші маман­дардың қатысуы­мен тренингтер және атақты нұсқаушы Александр Левитас­тың «Пар­­тизандық мар­кетингі» бойынша шебер­лік сабақта­рын өткізу жос­парланған.

Қатысушылар лебізі:

Алтын ЕШАНҚҰЛОВА,
Оңтүстік Қазақстан облы-сындағы Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары:
- Мақтааралдан үш депутат, бір кәсіпкер, бір мектеп директоры, бір бас дәрігер келдік. Басшы әйелдерді еура­зия­лық әйелдер саммитінде бір-бірімен танысып, бірінің озық ісін екінші біреулері оқып, үйренсін, тәжі­рибе алмассын деген мақсатпен ірік­теген жайымыз бар. Көріп отыр­ға­нымыздай, расында бұған шет елдерден де қо­нақ­тар қатысуда. Олармен біз­­дің кәсіпкерлер кездесіп, келешек іс-жоспарларын белгіле­­сіп жа­тыр. Өңір­лерден келген көрмелер арқы­лы насихат­талған өнімдер көп ой салғанын айта кеткен жөн. Сан түрлі саладағы әйелдер мұнда әріптестерімен пікір алмасып, өздерін мазалаған жайттарды қозғау арқылы қоғам­ның біраз түйткілін шешуге мүмкіндік туатыны белгілі. Бұл жерде көп іс кәсіпкердің іскерлігіне байланысты деп ойлаймын. Мәселен, олардың арасынан басқа өңірлерде өз бизнесін ашқысы келетіндер шығуы әбден мүмкін.
Статистикалық дерек бойынша ауданда 308 мың халық тұрса, соның 158 мыңы әйелдер. Ауданда батыр аналар өте көп. Соңғы алты айдың көрсеткіші бойынша 2319 батыр ана тір­келген. Мырзашөл - дүниеге сәби әкелу жа­­ғынан елімізде алғашқы орында тұрған аймақ десек, бір айда 50 шақты әйел бұл тізімді толықтырып отырады. 2314 кәсіпкердің 312-сі, ал 121 мектеп директорының 52-сі әйел болуының өзі өңірдегі нәзік жандыларға деген құрметтің деңгейін айғақтап тұрғандай.

Оразгүл ШЫЛМЫРЗАЕВА,
кәсіпкер:
- Әйелдердің Үшінші еу­ра­­зия­лық саммитіне қаты­сып отырғаны­­ма өте қуа­ныш­ты­мын. Себебі, бола­шақ­та көп­теген идеяларымды жүзеге асыру үшін, биз­несімді жан­дан­дыруға мұн­дай басқосулар өте-мөте пайдалы. Әйел­дерді елорда­ның төріне шығарған Ел­ба­­сы­ның сарабдал саясатына алғысы­мыз шексіз. Менің бұл салада қыз­мет істеп жүр­геніме он жылдың жүзі болып қалды. Бұрын Ре­сей­дегі әріп­тес­те­ріммен көп жұмыс жасадым. Ал мына саммитте Белоруссиядан келген кә­сіп­керлермен кездесіп жатырмыз. Келешекте ондағы тоқыма фабрикасымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет­тіміз. Олармен осы кездесу барысында келісім- шартқа отырсам ба деген ойым бар. Жақында 30 адам жұмыс істейтін ха­лық­қа қызмет кө­р­­­сету орталығын аштым. Бұл да болса Пре­зиденттің 20 тапсырмасын жүзеге асыру барысындағы оң қадамымыз болып табылады.

Жанат АСАБАЕВА,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облыстық хатшылы-ғының меңгерушісі:
- Билікте, әсіресе, мемле­кет­тік деңгейде шешім қа­­был­дауда әйелдердің көбірек болуын қалаймын. Қазіргі біз­дің деңгей Скандинавия, Норвегия сынды елдермен салыс­тырғанда, әлде­қай­да төмен. Соның ішінде Атырау облысында әйелдердің биліктегі үлесі 12 пайыз деп айтуға болады. Әрине, біз осындай ке­лелі жиындарда тек қана әйелдердің саясаттағы орнын, әлеу­мет­­тік мәртебесін немесе эко­­номикалық жетістік­те­рін сөз етіп, оның басқа қырын ұмыт­­­­­пауымыз керек. Әйелдерді жан-жақты көтеру мәселелері қозғалуы керек деп ойлаймын.
Ал енді менің тікелей өз басым «бұл саммит әйелдерге не бере­­­ді?» деген сауалға былайша жауап бергім келеді. Бұл саммиттің ерекшелігі, негізінен кәсіпкер әйелдерді жинауында. Тіпті Ресейден, Башқұртстаннан, Беларусь мемле­кетінен келген қонақтар арасында да кәсіпкер әйелдер баршылық. Сондықтан жиында бизнес саласын­­­дағы әйелдердің біліктілігі көтеріледі деп ойлаймын. Олардың кәсіпкерлігін дамытуға қатысты қаншама құнды ойлар айтылатынына, әр адам өзіне сенімді жаңа серіктес табатынына сенімдімін.

Вера СУХОРУКОВА,
«Ертіс» ӘКК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:
- Әйелдердің саммиті нә­зік жаратылыс иелерінің қо­ғамдағы белсенділігі мен олардың бизнестегі рөлін арттыруда маңызды орын алады деп есептеймін. Негі­зінен мұндай ірі басқосулар әйелдің қолынан қыруар іс келетінін, өмірдегі көп же­тіс­тіктер әйелдер белсенді­лігінің арқасында жүзеге аса­тынын айқын сезіндіре түсетіні шындық. Өйткені, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріптестердің жанай­қа­йына құлақ түруге мүмкіндік туады. Мұнда қазір біз сан салада жұмыс істейтін замандас, құрбыларымызды толғандыратын мәсе­ле­лерді қызу талқылау үстіндеміз. Саясаттағы, бизнестегі, басқа да саладағы толып жатқан проблемалар мен түйткілдердің түйінін шешуге жиылған жұрттың арасында 20 шығысқазақстандық әйелдің де алға тосар мәселелері аз емес. Өңірдегі әйелдердің дені бюджеттік салада қызмет істейтіндіктен, мұндағы қордаланған ойларды саммит­­тің барысында барынша тарқатып айтуға тырысып бағамыз. Ауыл шаруа­шылығы саласында жұмыс істеп жүрген құрбылардың, сондай-ақ, бұрын құрметті еңбек демалысына шыққан зейнет­керлердің жалақысы мен зейнетақысына қатысты ұсыныс-тілектеріміз да тиісті орындардың құлағына жетеді деген сенімдемін.

Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА,
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Береке» корпорациясының президенті:
- Оңтүстіктен саммитке отызға жуық делегат қа­ты­судамыз. Өзім өңір­­­дегі саясаткер әйелдердің төрайы­мы қызметін атқарамын. Оның 25 белсенді мүшесі бар. Об­лыстық мәс­лихат­тағы елу депутаттың ішін­дегі жал­ғыз әйел­­­­мін. Ер-аза­мат­та­рын қай жерде жүрсе де сыйлап, бі­рінші орын­ға қоятын қазақ қызының ұяңдығынан мұндағы жағдай басқа өңірлерге қа­рағанда сәл басқа­шалау. Сол үшін де бүгінде әйелдердің саясаттағы рөлін арттыру мәселесі біздерді қатты тол­ғандырады. Әрине, мұнда іскер, кәсіпкер әйелдер жеткілікті. Елдің демографиясын өсіруге де оңтүстіктің әйелдерінің қосып жат­қан үлесі өлшеусіз. Бір сөзбен айтқанда, жан-жақты деген теңеу осы біздің жақтың әйелдеріне қаратып айтылғандай. Бірақ та соған қарамастан олардың басшылық қыз­меттердегі үлес салмағы өте мардымсыз. Аудан басшыларын айтпағанның өзінде аудан әкімінің орынбасары қызметінде жүрген қыз-келіншектер бірлі-жарым ғана, болмаса жоқтың қасы. Кәсіпкер әйелдердің жағдайын жақсарту үшін не істеу керек десек, әйелдерге айғай­латып ешқандай жақсылық жасаудың қажеті жоқ, тек бизнесті жаңадан бастап келе жатқан құрбыларыма ешқандай кедергі келті­рілмесе екен дер едім. Балалардың құқық бұзушылық факті­лерінің көбейіп кету себебі, әйелдердің сыртта жұмыс істеп, бала тәрбиесімен айналыспауынан деген сыңаржақ пікір қалып­тасқан. Бұл - дұрыс емес. Кейде тіпті әйелдің көбі базарда, болмаса мемлекеттік қызметте, ал 70 пайызы көлік айдайды, ер адамдардың жұмысының бәрін әйелдер тартып алып жатыр деген сияқты жаңсақ ойларды құлағымыз шалып қалатыны рас. Ал мен былай деп айтар едім, оңтүстіктің әйелдерінің қолынан дүниеге сәби әкелу де, ұрпақ тәрбиесімен айналысу да, сонымен қатар, жұмыс істей білу де келеді. Біздің әйелдер жан-жақты, бірақ сәл-пәл батылдық жетпей жататыны тағы бар.

Ұлбосын АХМЕТОВА,
Маңғыстау облысындағы 
«Қайсар-сервис» ЖШС-нің бас директоры:
- Киелі Маңғыстау топырағынан бұл саммитке үш әйел келдік. «Өсер елдің ұлдары бірін-бірі батыр дейді, өсер елдің қыздары бірін-бірі асыл дейді», деп халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан қыз-келіншек­тер­дің ең іскер, белсенді дегендерін жинаған мына саммитті ұйымдас­тыру­шы­ларға алғысымды білдір­гім келеді. Көбіміз мұнда өзара пікір, тәжірибе ал­масуға, болашаққа бірге жос­пар құру үшін келдік. Өзім 1986 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. 1996 жылдан бастап құрылыс бизнесімен шұғыл­данып, 2004 жылға дейін он тұрғын үйді іске қостық. 687 отбасын пәтермен қамтамасыз еттік. Қазір аумағы 3,5 мың шаршы метр болатын медициналық орталық салып жатырмыз. Бұйыртса, келесі жылы жазда іске қосылады деп күтілуде. Жалпы, менің кейбір ер азаматтардың өзі тәуекел ете алмайтын мұндай қиын кәсіпті таң­дауыма отбасымның жағ­дайы түрткі болды. Бес баламмен бір бөлмелі пәтерде тұрдым. Дүниеге сәби әкелгеннен кейін әр ата-ана олардың әрқайсысының жеке тұратын өзінің бір бұрышы болса деп армандайды. Қазір ол арманымның бәрі орындалды. Бес бөлмелі үйге қол жеткен уақытта ұл-қыздарым өз алдарына отбасын құрып жатыр. Бүгінде бес немере сүйген өзімнен асқан бақытты ана бар ма деп ойлаймын. Саммитке келсек, жер-жерден келген құрбыларым­ның, жалпы жер бетіндегі аналардың бәрінің ойлайтын бір-ақ арманы бар шығар. Ол - елдің бейбіт өмірі мен тыныштығы. Ең басты байлық осы.
«Егемен Қазақстан»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366