Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2110 0 пікір 19 Тамыз, 2022 сағат 14:58

Қант бағасы бір жылда 87 пайызға қымбаттады

Қазақстандағы қант бағасы бір жылда 87 пайызға қымбаттаған. Energyprom.kz мәліметінше, осы жылдың шілде айында елдегі қанттың килограмы орташа есеппен 537 теңгеге жетті.  Бұл баға былтырғыға қарағанда 86,6% - ға артық.

Жамбыл облысында қант бағасы бірден екі есеге өскен. Қанттың қымбаттауынан Алматы мен Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Нұр-Сұлтан қаласында қант бағасы 58,3 пайызға өскен.

Еліміздің ірі қалалары арасында қанттың килограмы Алматыда (581 тг), Қонаевта (555 тг) және Атырауда (554 тг) қымбаттады. Ең төмен баға Ақтөбеде тіркелді (449 тг).

Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза әкелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 45,7% - ға аз. Негізгі экспорттаушы ел – Ресей.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 145,3 мың тонна қант сатып алды. Бұл былтырға қарағанда 23,9% - ға артық.

 

Abai.kz

0 пікір