Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
6609 2 пікір 22 Тамыз, 2022 сағат 11:54

Елорда: Мектеп керек жерге шіркеу салып жатыр

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында бір шіркеу мен үш мешіттің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жағалау ауданында шіркеу салынып жатқаны туралы жазба жарияланды. Желі қолданушылары аталған ауданда мектеп тапшы екенін жазған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы аталған ауданда шіркеу құрылысы жүріп жатқанын растады.

- Ол шіркеудің құрылысына қажетті жер учаскесін 2018 жылы алған болатын. Қазір құрылысы басталып жатыр. Мемлекет ешқашан да мешітттің немесе шіркеудің құрылысын қаржыландырмаған. Заң бойынша оған діни бірлестіктер бөледі, демеуші тауып, қаржыландырады. Мешіттер де солай, меценаттардың қаржысына салынады, - деді басқармадағылар.

Басқарма мәліметіне сәйкес, қазір елордада үш шіркеу бар. Енді төртіншісі салынғалы жатыр.

«Бүгінде православия бағыты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында үш шіркеу бар, қазір төртінші шіркеу салынып жатыр. Одан басқа шіркеулер салынып жатқан жоқ. Шіркеудің жобасы, қаржысы мен қанша орынға есептелгені туралы бізде ақпарат жоқ. Басқарма ол мәселеге араласпайды», - деп қосты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1157
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2685
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 802
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 775