Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3278 4 пікір 22 Тамыз, 2022 сағат 11:58

Самат Әбіш те ауырып жатыр

Тұңғыш президентінің немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш Алматыдағы жекеменшік ауруханалардың бірінде емделіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Дереккөздің айтуынша, 16 тамызда Самат Әбіш Mercedes-Benz Gelendwagen автокөлігімен Алматыдағы түркиялық клиникаға келген. Оның салмақ тастағаны байқалады. Ешкімнің көмегінсіз өзі қозғалады. Алдын ала болжам бойынша, Самат Әбіш осы клиникаға келіп ем қабылдап кетеді. Ол сондай-ақ, ғимараттың төменгі қабатында орналасқан намазханаға да кірген.

Ақпараттық агенттіктің тілшісі аталған клиникаға барып, Самат Әбішті күткенімен, ол үйреншікті уақытта келмеген. Дегенмен, клиника қызметкерлерінің бірі Назарбаевтың інісінің ем қабылдағанын жоққа шығармаған.

Самат Әбіштің нақты қандай аурумен ауырып жатқаны белгісіз.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1155
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 774