Сенбі, 23 Қараша 2024
1206 0 пікір 9 Тамыз, 2022 сағат 11:55

Алматы: Білім жүйесін одан әрі дамыту маңызды

Презимдентіміз Қ.Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында еліміздің білім жүйесін одан әрі дамыту туралы өз ой-тәжірибесімен бөлісіп, Үкіметке тиісті тапсырмалар беріп келеді. Жолдауға қолдау жасаудан алматылық ұстаздар қауымы еш тартынған емес.

Қашанда халқымыз балаларын оқытатын ұстазға үлкен құрметпен қараған. Шәкірттің ұстаздан алған тәлім-тәрбиесі оның болашағына жол сілтеп отырған. Сондықтан болар «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дейді қазақ даналығы. Осы даналықты қалалық білім басқармасындағылар берік ұстанып келеді.

Республикамыздағы сатылана жалғасатын «Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орнында» берілетін білім мен тәрбиенің қайнар көзі ұстаздың өресіне, білімділігіне байланысты екендгі еш дау тудырмайды.

Мұғалімнің жеке бастық құқығы, беделі, әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген кезде ғана, оларға қойылатын кәсіби талап та арта түседі. Ахмет Байтұрсынұлының: «Мектептің жаны – мұғалім. Ол қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, балалар мектептен терең білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген сөзі бүгінгі ұстазға қойылатын талапты дөп басып тұр. Бұдан бөлек ерек бөліп айтар дүние ұлт ұстаздарының мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған тарихи шешім «Педагог мәртебесі туралы» заң дер едік.

Тәуелсіздік жылдарындағы отандық білім беруде жинақталған тәжірибелерді талдап, саралап қарасақ, еліміздегі білім беру жүйесі әлемдік стандартқа жақындап қалғанына көз жеткізе түсеміз. Осының бәрінен Алматы қаласының мұғалімдері тыс қалған жоқ, айта басқаларға ноқта аға бола біргені біз үшін үлкен ғанибет.

Елімізде жаңа мектептер салу, оларды заманауи ақпараттық техникалармен жабдықтау ісі жедел жүзеге асырылды. Өткен 30 жылда елімізде 1800-ден астам мектеп, 2 мыңнан аса мектепке дейінгі балалар мекемелері, балабақшалар салынды. Дарынды балаларға арналған Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесі құрылып, елімізде 20-дан аса зияткерлік мектептер салынып, пайдалануға берілді.

30 жыл ішінде елімізде «Білім беру туралы» (1993ж), «Білім туралы» (1999ж), «Ғылым туралы» (1999 ж) жаңа заңдар мен сол заңдарға байланысты үкіметтің қаулы-қарарлары және еліміздегі білім саласын дамытуға бағытталған 6 мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сол жылдары осы заңдар мен қаулыларды жүзеге асыру үшін Алматы қаласы бойынша үлкен айтулы іс-шаралар атқарылды: саралау-сараптау жұмыстары жүргізілді, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми іс-шаралар өткізілді.

Егемендік жылдарында Алматы қаласының білім жүйесі де түбегейлі жаңарды. Осы жылдар ішінде қалада 40 жуық жаңа мектеп, бұрынғы мектептерге қосымша 38 қосалқы ғимараттар, 60 астам жаңа балабақша салынып, бәрі де жаңа жиhаздармен, компьютерлермен, басқа да ақпараттық техникалармен жабдықталды. Жаңадан 38 636 оқушы орны жасақталды. Қазақ мектептерінің саны 70-ке жетті. Қазір 100 мыңнан астам оқушы қазақ мектептерінде білім алуда. Тәуелсіздік жылдарында білім берудің жаңа моделі құрылды. Орта білім жүйесі жеке мектептермен, лицейлермен, гимназиялармен, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептермен толықты. Барлық сынып 100 пайыз жаңартылған білім мазмұнына көшті. Алматыда екі бағыт бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері жұмыс істеуде. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытатын бұл мектептердің іс-тәжірибесі бүкіл білім жүйесіне таратылуда.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, оқу-тәрбие үдерісіне әлемдік инновацияларды енгізу, білім ұяларын компьютерлермен, ақпараттық техникалармен жеткілікті жасақтау, тәуелсіз елге лайықты жаңа оқулықтар енгізу, ұстаздардың біліктілігін арттыру, жаңа білім бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін бірінші кезекке қойғаны әлі есімізде.

Тым арыға бармай, кеше ғана көз алдымызда өткен тарихқа көз жіберсек, 2002 жылдан бастап отандық арнайы білім беру жүйесінде оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері сияқты жаңа құрылымдар пайда бола бастады. Алматы қаласында да мұндай арнайы жүйелер көптеп ашылып, мектеп мұғалімдердің біліктілігін арттыруға айырықша көңіл бөлінді. Қаладға орта білім жүйесінде педагог-магистрлер саны арта түсуі де білім сапасына әсерін тигізуде десек, бұл дәл тәуелсіздік жылдарындағы алматылықтардың басты жетістіктерінің бірі деуге болады.

Осы аралықта Алматы қалалық білім басқармасы жанында білім ұйымдары үшін онлайн конференциялар ұйымдастыратын ресурстық орталық ашылып, қала мектептерінің пән кабинеттері арнайы жабдықтармен толық жабдықталды. Ұстаздар қауымы практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстар атқаруға толық мүмкіндікке ие бола алды.

Бұдан бөлек қалалық білім басқармасы «Алматы қаласының үздік білім беру ұйымы» және «Қаланың үздік мұғалімі» байқау конкурстарын жиі өткізіп тұрады. Оның жеңімпаздары пәтер, автокөлік және ақшалай сыйлықтармен марапатталып өз еңбегінің жемісін көруде. Заман талабына сай қала мектептерінің бәрі бейнебақылау құрылғыларымен қамтылған, интернет желісі тұрақты жұмыс істейді.

Аталған уақыт шеңберінде қаладағы мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекеттік тапсырыс беру ісі заңдастырылып, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау айтарлықтай жеңілдетілді. «Балбөбек» (1996 ж.), «Қайнар» (2007ж.), «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» сияқты отандық бағдарламалар Алматы қаласы бойынша жемісті жұмыс істеуде.

Сонымен бірге қала бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудың толыққанды моделі жасалып, балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту аясы кеңейе түсті. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға орын бөлудің ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін қалада және басқа да аймақтарда балабақшаларға жолдама білім басқармалары мен бөлімдерінің қатысуынсыз автоматты түрде берілетін болды. Балабақшаны ата-аналардың өз беттерінше таңдау еркіндігі берілуі бұл мекемелердің жауапкершілігін арттыра түсуде.

Әрине, қалалық білім басқармасының қамқорлығындағы білім жүйесі бұдан былай да зор табыстарға жете беретіні сөзсіз. Оған Алматы қаласы бойынша білім саласындағы қарқынды істер куә.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404