Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Аласапыран 2981 7 пікір 15 Қыркүйек, 2022 сағат 13:15

Қаралы қыркүйектің құпиясы

Осыдан 21 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью Йорктегі Дүниежүзілік Сауда Орталығының оңтүстік және солтүстік қанатындағы ғимараттарға екі ұшақ соғылып, 2750 адамның өмірін үзді. Сол күні Пентагон аумағына тағы бір ұшақтың құлауы салдарынан 184 адам, Пенсильвания штатындағы осындай оқиғадан 40 адам қаза тапқаны хабарланды.

Осының артынша көп ұзамай Федералдық Тергеу Бюросының директоры Роберт Мюллер ұшақтарды айдап әкеткен 19 араб «террористерінің» тізімін жариялады. Баспасөздегі ресми хабарларда олардың бәрі Әл-Қаида ұйымымен және Ауғанстан таблибандарымен, Ирактағы Саддам Хусейн билігімен байланысқан деген желеумен 2003 жылдың наурызында АҚШ Иракқа соғыс ашты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қолдауына ие болу үшін Джордж Буш әкімдігі Ирак химиялық қару өндіріп отыр деген насихат таратты. Бірақ БҰҰ арнайы комиссиясының тексерісі кезінде де, соғыстан кейін де Иракта ешқандай химиялық қару табылмады.

Қазақстандық ақпарат құралдарында осы уақытқа дейін қырқүйек оқиғасы АҚШ ресми насихаты тұрғысынан сипатталады. Бұл Қазақтан журналистикасында шын мәнінде тәуелсіз ой, плюрализм жоқ екендігінен болар. Сондықтан да біздің ақпарат құралдары үнемі шетел насихатының жетегінде жүреді. Абайша айтқанда «көп айтса көнді, жұрт айтса болды».

Батыстың тәуелсіз журналистері мен сарапшыларының пікіріне назар аударсақ он бірінші қыркүйек АҚШ және Израиль арнаулы қызметтері тарапынан Кеңес Одағы ыдырап, аймақтағы басты бәсекелес әлсірегеннен кейін Таяу Шығыста, одан соң Ауғанстан мен Орта Азияда үстемдік орнату үшін арнайы ұйымдастырылған деген қорытындыға келеміз.

Қыркүйек оқиғаларының ресми мәліметтермен қабыспайтын тұстары көп. Франция азаматы, тәуелсіз Вольтер қоғамының зерттеушісі Тьерри Мейсан 2018 жылдың 30 тамызында бұрынғы АҚШ президенті Доналд Трампқа жолдаған ашық хатында ресми деректердің шындыққа жанаспайтынын, ресми жарияланған 19 күдіктінің бір де бірінің авиакомпанияның жолаушылар тізімінде болмағанын айтып, шынайы қылмыскерлерді анықтауды талап еткен.

Бірақ бұл хат жауапсыз қалды, ал Тьерри қуғынға ұшырап, Сирияға қашты. Тағы бір сарапшы, Питер Мейер ресми деректерде «террористер қолданды» делінген  АА11 және AA77 рейстерінің 11 қыркүйекте мүлдем ұшпағанына Тасымалдау Бюросы Статистикасының (BTC) мәліметтерін келтіреді (Evidence that Flights AA 11 and AA 77 Did Not Exist on September 11, 2001). Осыған ұқсас күмәнді тұстар, қарама-қайшылықтар толып жатыр. Кейбір дерек көздері қыркүйек қасіреті салық төлеушілердің «жоғалып кеткен» 2.3 триллион долларын Дұниежүзілік Сауда Үйі қирандысының астына «көміп тастау» үшін ұйымдастырылды дегенді жазады (http://www.oilempire.us/trillions.html.)

Әлемді дүрліктіріп, «террористер» деген желеумен дүниенің әр түкпірінде мұсылмандарды қудалауға, Ирак пен Ауғанстанға соғыс ашуға сылтау болған, миллиондаған адамды босқынға айналдырып, басқыншыларға қарумен қарсы тұрғандарды «террорист» атандырып, діни экстремизм өртіне май құйған он бірінші қыркүйектің жұмбағы, ресми насихаттың қапасында тұншығып жатқан шындығы көп. Ал жұмбақты ашып, шындыққа көз жеткізу үшін өзгенің насихатына емес, өзіңнің тәуелсіз сана-түйсігіңе жүгіну керек.

...Сол жылдың күзінде бір топ журналистер Астанадан келетін әлдебіреуді қарсы алуға әуежайға барғанбыз. Ұшу жолағының бір шетінде шағын ғана ауыл шаруашылығында қолданылатын «инелік» ұшақ тұр екен. Қасымдағыларға қарап: «Мынаған отырып ұшсам Нью Йорктегі Сауда Орталығына жете алар ма екенмін?» деп әзілдегенмін. Олар бұған күлді де қойды. Егер қаралы қыркүйектің салдары қалай болатынын білсем бұлай әзілдемес едім.

Марат Ермұқанов

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3523