Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3311 0 пікір 11 Қаңтар, 2013 сағат 10:19

ҮНДЕУ: Қытаймен бірігіп жасалған жобалар тоқтатылсын!

Біз, Қазақстанның жанашыр азаматтары, соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынасты саралап, ҚХР Қазақстанның ең маңызды стратегиялық кеніштері мен нысандарын иеленіп алғанын, ал Қазақстанның Қытай алдындағы квазимемлекеттік қарызы 5-ақ жылда 20 миллиард АҚШ долларынан асқанын анықтадық. 

Бұл -мемлекет үшін өте қауіпті де қатерлі жағдай!

Мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған бұлтартпас айғақтар негізінде бізге белгілі болғаны:
1. Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ конденсатының жылдық мөлшерінің 22% қытайлық компаниялардың үлесінде. 1997 жылы қытайлық CNPC "Актобемунайгаз" АҚ 60,33% акциясын иемденген ("СНПС - Актобемунайгаз" деп атауын өзгерткен). Бұдан кейін "CNPC - Актобемунайгаз" ААҚ акцияларының 25,12% мемлекеттік пакетін Қазақстан қор биржасында қытайлық CNPC-ке 51% бағынышты басқа бір компанияға сатқан.
2. 2003 жылдың тамыз-қыркүйегінде CNPC екі мәмілемен "Nimir Petroleum"(35%) деген және американдық "Chevron Texaco"(65%) компанияларының иелігіндегі солтүстік Бозашы (Маңғыстау облысы) кенішін 100% иемденді.

Біз, Қазақстанның жанашыр азаматтары, соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынасты саралап, ҚХР Қазақстанның ең маңызды стратегиялық кеніштері мен нысандарын иеленіп алғанын, ал Қазақстанның Қытай алдындағы квазимемлекеттік қарызы 5-ақ жылда 20 миллиард АҚШ долларынан асқанын анықтадық. 

Бұл -мемлекет үшін өте қауіпті де қатерлі жағдай!

Мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған бұлтартпас айғақтар негізінде бізге белгілі болғаны:
1. Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ конденсатының жылдық мөлшерінің 22% қытайлық компаниялардың үлесінде. 1997 жылы қытайлық CNPC "Актобемунайгаз" АҚ 60,33% акциясын иемденген ("СНПС - Актобемунайгаз" деп атауын өзгерткен). Бұдан кейін "CNPC - Актобемунайгаз" ААҚ акцияларының 25,12% мемлекеттік пакетін Қазақстан қор биржасында қытайлық CNPC-ке 51% бағынышты басқа бір компанияға сатқан.
2. 2003 жылдың тамыз-қыркүйегінде CNPC екі мәмілемен "Nimir Petroleum"(35%) деген және американдық "Chevron Texaco"(65%) компанияларының иелігіндегі солтүстік Бозашы (Маңғыстау облысы) кенішін 100% иемденді.
3. 2004 жылдың тамызында қытайлық Sinopec компаниясы 160 млн. долларға "First International Oil Company"(FIOC) деген компанияны сатып алған, ал бұлардың 100% иелігінде «Сазанкурак» ЖШС ("Сазанқұрақ" кеніші Атырауской облысында). "Прикаспиан Компани" ЖШС 100%- ын (оңтүстік Мыңтеке және Междуреченское Атырауской облысында); "Адай Петролеум Компани" ЖШС 50% -ын (Адай кеніші Атырау обл); "Сагиз Петролеум Компани" ЖШС 100% -ын (Сағыз телімі Ақтөбе обл); "Уралс Ойл и газ" ЖШС 22.5% -ын (Батыс Қазақстан облысының Федоровский мұнайлы-газды тобы).
4. 2005 жылдың басында қытайдың мемлекеттік "China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation"(CNODC) деген компаниясы "АйданМунай" АҚ 100% иеленді (2005ж. қарашада атауын "СНПС АО - АйДанМунай"ға өзгертті). Компания Қызылорда облысындағы Арыс кенішіне ие.
5. 2005 жылдың қазанында қытайлық CNPC 4,18 миллиард АҚШ долларына"Petro Kazakhstan Inc" (ПетроКазахстан) компаниясының 100% акциясын сатып алды. Соңғысы Қазақстан Республикасындағы кен игеруші төмендегі компаниялардың жарғылық капитал акциясының иесі (үлескері) болып табылады: 99,75% "ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ; 50% "Торғай петролеум" АҚ( "ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ арқылы ); 100% "Кольжан" ЖШС; 75% "ПетроКазахстан Венчурес Инк" АҚ; 50% "КазГерМунай" ЖШС.
Бұдан басқа, "ПетроКазахстан" бір топ қомақты кеніштерді Қызылорда және Қарағанды облыстарында иеленеді.

6. Нәтижесінде, түрлі ауыс-түйіс пен үкіметтік қаулылардан кейін қытайлық инвестор "ПетроКазахстанның" 67% мұнайгаз өндіру активін және Шымкент МӨЗ 50% өзінде сақтап қалды, ал 2006ж. шілдеде бұлардың 33% және 50% сәйкесінше "КазМунайГаз" ұлттық компаниясына 2005 жылдың қазанында жасалған баяғы шарт талаптарымен өткізді. 
7. 2006 жылдың қазанында қытайлық "CITIC Group" компаниясы 1,9 миллиард АҚШ долларына "Nations Energy Company Ltd" деген компанияның 100 % дауыс беруші құқына ие акциясын сатып алутуралы келісімге қол жеткізді. Ал бұл компания өз кезегінде 94,62 % "Каражамбасмунай" АҚ акциясына ие. Ал «Қаражамбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысындағы осы аттас кен орындарында іздеу, бұрғылау жұмыстарын жүргізуге құқылы. Мәміле 2006 жылдың желтоқсанында бітіп, болашақта "Каражамбасмунайдың" 50% үлесі "КазМунайГаз" ұлттық компаниясына өтеді деп келісілген болатын.
8. 2008 жылы қытайлықтар Атырау облысындағы Бегайдар кенішінде мұнай мен газ өндіруге құқы бар «Потенциад Ойл» ЖШС сатып алды.
9. 2009 жылдың қаңтарында қытайлық "China Zhenhua Oil Co Ltd" компаниясы Қызылорда облысының Қоныс және Бектас кеніштерінде Қазақстанның жер қойнауы мен көмірсутегі шикізатын игеруге құқылы «Куат Амлон Мунай» ЖШС БК (бірлескен кәсіпорын) 360 млн. АҚШ долларына сатып алады
10. 2009 жылдың тамызында "Yukon Energy Holdings S.A" компаниясы, қолдағы дерек бойынша оның артында сол баяғы CNPС тұр, 164 млн. АҚШ долларына Ақтөбе облысындағы Көкжиде, Құмсай және Мәртөк кеніштеріне құқы бар "Ланкастер петролеум"АҚ («КМК Мунай» АҚ деп атын өзгерткен) 86,79% акциясын сатып алды.
11. 2009 жылдың қыркүйегінде "China Investment Corp" қытайлық мемлекеттік инвестициялық қоры (CIC) «Іздеу Бұрғылау «ҚазМұнайГаз» АҚ 11% акциясын 939 млн. АҚШ долларына иемденді.
12. 2009 жылдың қарашасында қытайлық CNPC "Мангистаумунайгаз" АҚ 50% үлесіне "Mangistau Investments B.V" компаниясы арқылы ие болды. "Mangistau Investments B.V" компаниясы "КазМунайГазбен" екі тараптың 50%-дық үлестік қатысуымен құрылған болатын. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Маңғыстау облысының ең ірі кеніштерін иеленеді: Қаламқас, Жетібай, оңтүстік Жетібай, күншығыс Жетібай, Асар, Оймаша, Алатөбе, солтүстік Аққар, Бұрмашы, солтүстік Қарагие, придорожное Бектұрлы, Ащыағар, Атамбай-Сартөбе, Айрантақыр.
13. Қытайлық SINOPEC компаниясы Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай кеніштерін игеретін "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС-де 50%, Маңғыстау облысындағы солтүстік Бозашы кенішінің 50% (операторы "Buzach Operating Ltd"), Маңғыстау облысындағы Қарақұдық кенішін игеретін "Каракудукмунай" ЖШС-де 100%, Маңғыстау обдысыныдағы Арман кенішінің иесі "Арман" ЖШС БК-да 50%, Атырау облысындағы оңтүстік Жамбай мен Забурунье Жамбай кеніштерінің қожасы "Жамбай" ЖШС-де 25% үлестері бар «Caspian Investments Resources» (бұрынғы «Nelson Resources Limited») компаниясының 50% үлесін сатып алады.
14. 2009 ж. желтоқсаннан 2010 жылдың аяғына дейін "КазМунайГаз" ұлттық компаниясы" өзінің "Петроказахстандағы" (33%), "Қазақойл-Ақтөбедегі" (50%), "Қазтүркмұнайдағы" (49%) және "Мангистаумунайгаздағы" (50%) үлестерін қытайлықтардың үлес салмағы 11%-ды құрайтын «Разведка Добыча «КазМунайГазға» өткізіп береді. 
15. 2011 жылдың ақпанында қытайлық "MEI Holdings Corporation" компаниясы 170 млн.АҚШ долларына "Эмир Ойл" ЖШС-ның 100%-дық үлесін сатып алуға шарт жасасты, бұнымен олар «Эмир Ойлдың» Ақсаз тобы, Долинное және Емирблок, мұнайлы-газды Кариман кеніші, Борлы мен Ессенде мұнай іздеу жұмыстарына, Каспий теңізінің жағалауындағы Солтүстік-батыс барлау аумағының жер қойнауында да жұмыс жүргізу құқына ие болды
Жоғарыда айтылған жәйлардан шығатын қорытынды: қытайлық инвесторлар көмірсутекті шикізаттың ауқымды кеніштерінің БАРЛЫҒЫН игеріп, ұқсату құқықтарын толық иемденді.
Ақтөбе облысындағы қытайлық инвесторлардың "CNPC - Актобемунайгаз" деген негізгі мұнай компаниясы мен маңыздылығы жағынан екінші, үшінші орынға ие "Қазақойл-Ақтөбе" және "Ланкастер петролеум" облыста өндірілген мұнайдың 97%-дық, газдың 95%-дық үлесін өндіреді. 
Қызылорданың облысында қытайлық өндірушілер "ПетроКазахстан" кәсіпорнын толық бақылайды, ал "КазГерМунае" және "Торғай петролеумде" үлестері бар, сонымен облыстағы мұнай мен газдың 61% бақылауда. 

Маңғыстау облысында қытайлық инвесторлар "Мангистаумунайгаз", "Каражамбасмунай", " Бузачи Оперейтинг ", "Каракудукмунай"компаниялары құрамына кіріп облыста мұнайдың 30% бақылайды.
Атырау облысында қытайлық компаниялардың істегеніне көп болмаса да, олар мұнайдың 11% ын қадағалауда.
Зерттеушілер(Аскар Сакаев) қытайлық қатысушылармен мұнай өндіруші компаниялардың тізбесін 01.03.2011 ж. қатысты келтіреді.

Қазақстанның үш облысы - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстары арқылы Қытайға тартылған Азия газ құбырына қатысты құрылыстың шарттары біздің қатты алаңдаушылығымызды тудырды. Зерттеушілердің (Расұл Ырысмамбетов) пайымдауымша, Азиялық газөткізгіштегі CNPC мен ҚазМұнайГаздың үлестері 50% дан көрінеді. 
Осы бірлескен кәсіпорынға (БК) Қазақстанның нұротандық бірпартиялы парламенті салық, баж және еңбек заңнамаларында таңғажайып жеңілдіктер берген, бұларға мемлекеттік сатып алуда да ерекше көңіл бөлген. 
Бұл газ құбыры қытай несиесіне (8 млрд.долл. астам) салынғандықтан және осы несие шарты бойынша, аталмыш БК несиені 2014 жылға дейін өтей алмаса, БК мүлкі, оның ішінде газ құбыры да қытай тарапының меншігіне өтеді! 
Бұдан әрі бізді өте ашындырғаны, небәрі екі жылдың ішінде, 2009-2011 жж., үкіметтік емес қазақстандық құрылымдар Қытайдан 19 миллиард доллар қарыз алған! Егер, 2009 жылы Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары Қытайдан 10 млрд.доллар "әкеліп берсе", тек 2011 ж. ақпанында - тағы 8,7 миллиард доллар алған(Сарапшы журналы, Николай Кузьмин). Бұл жолы 7 миллиард долларды Қазақстанның дамуының банкі алды, оның 5 миллиарды - мұнайхимиялық кешеннің құрылысына және 2 миллиард - Еуразия тобына (бұлардың өзі несие алған кезде Бразилияға 3 млрд.долл. инвестиция беріп отыр!)), 1,7 миллиард долл. "Самұрык-Қазына" қоры алды. Біздің ұрпағымыз бізге бұл үшін рақмет айтпас!
Ауқымды бірлескен жоспарлар жарияланған. Айталық, Алматы-Астана жүрдек темір жол құрылысы. Осы құрылысты тағы қытайларға тапсырған! Біріншіден, Астана мен Алматы халқының санымен мұндай жол қажеттілік тудырмайды деп есептейміз. Екіншіден, қытайлықтар теміржол құрылысы саласында ең озық технологияның иесі емес. Үшіншіден, тек Астана мен Алматыны ғана ойлап қоймай, Қазақстанның қыста тоңып, жазда жәй ғана ауыз суға жарымай отырған басқа қалаларын да естен шығармауымыз керек!
Бұдан әрі. Жел энергиясын пайдаланатын қондырғылар салатын БК құрылып жатыр және қондырғы салуға жоспарлан жерлер бұларға натуралды грант ретінде берілмекші (Казтаг) ! Қытайлықтармен бірлескен ешқандай кәсіпорынға біздің жерімізді грант ретінде бермейміз және мұндайға жол бермейміз! 
Бүгінгі (08.01.13) Казтаг деректері бойынша, қазақстандық мұнайдың 40% 2013 жылдың күзіне дейін қытайлық компаниялардың бақылауында болады, ал болашақта бұл көрсеткіш республикадағы жылдық өнімнің жартысын құрайды. "Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз" АҚ «ҚазМұнайГаздан» "Ақтөбе Қазақойлдан", "Қазақтүркмұнайдан" және Mangistau Investments B.V-дан бұлардың үлестерін алса Қытайдың үлесі бірталай өседі, себебі China Investment Corporation және осының қадағалауындағы компаниялар, қазірдің өзінде, БӨ ҚМГдың 30% мұнайын иеленіп отыр. 
"Қазақстандық мұнайдағы Қытайдың үлесі Қазақстанының үлесінен әлдеқайда көп және, сірә бұл - 30 миллион тонналық көрсеткіш ешбір басқа елде болуы мүмкін емес, тағы бұл өсуде.Мамандар мен уәкіл органдар бұл туралы хабардар, бірақ Қытайдың Қазақстаннан жалға жер алмақшы болған кезіндегі қоғамдық наразылықтан қаймығып, енді мұнай тақырыбында елді құлағдар етпей, ақпарды жасырғаннан кейін, үлес мөлшерлерін есептеу қиынға соғып тұр" деп көрсетеді Қазтаг.
Құрметті Қазақстан азаматтары! Шыққан тегіне қарамай өзін Қазақстаннаң отаншыл азаматы деп қабылдайтындар! Еліміздің стратегиялық нысандары мен кен байлықтарын Қазақстанның меншігіне қайтару туралы билікке қойған талабымызды қолдаңыздар! Қоғамның қолдауы мен келісімінсіз Қытаймен бірге жоспарланған жобалар тоқтатылсын!

Болат Әбілов

Мұхтар Шаханов

Қабдеш Жұмаділов

Софы Сматаев

Ғаббас Қабышев

Рысбек Сәрсенбай

Гүлжан Ерғалиева

Темірхан Медетбек

Мереке Құлкенов

Әміржан Қосанов

Бақыт Түменова

Николай Кремениш

Зәуреш Батталова

Бауыржан Қарабек

Ермұрат Бапи

Марат Жаұзақов

Маржан Аспандиярова

Есенбек Өктешбаев

Бақытжан Төреғожина

Қанат Ибрагимов

Ғалым Ағелеуов

Мұхтар Тайжан

Қасым Аманжол

Айдос Сарым

Жанболат Мамай

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371