Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 4353 46 пікір 22 Қыркүйек, 2022 сағат 13:27

Қақпаңды жап, қазақ! Ресейден орыстар ағылуда

Ресейде жартылай мобилизация жарияланған соң, ресейліктер елден жаппай қаша бастады. Әлеуметтік желілерде Ресейден өзге мемлекеттерге жақын күндері ұшатын ұшақтарға билеттер қалмағаны, билеттердің бағасы шарықтап кеткені айтылып жатыр. Владимир Путиннің үндеуі жолданған алғашқы сағаттарда ұшақ билеттерін іздеп, сатып алатын платформалардың жұмысы артық жүктемеден баяулаған.

Мәскеу, Санкт-Петербургтен ТМД елдері мен Түркияға жақын күндердегі билеттер өте қымбат бағамен сатылып жатыр, Қазақстанға ұшақ билеттері миллион теңгеге дейін көтерілген. Қазақстандықтарға арналған телеграм чаттарында ресейліктерге арналып елдегі паспорт алу, шекарадағы жағдай, поезд арқылы қалай келуге болатыны туралы түрлі нұсқаулықтар беріліп жатыр. Телеграм топтары ашылып, мыңдаған Ресей тұрғындары қосылып жатыр.

 

Ресейдегі Google іздеу платформасында әскерде қызмет етуді кейінге қалдыру жолы, мобилизация, елден кетудің жолдары деген сұраулар көп болды. Соның ішінде «Қолды қалай сындыру керек?» деген сұрақ көш бастаған.

Ресей Федерациясының «Мобилизацияға дайындық туралы» заңына сәйкес, соғысқа жарамды азаматтарға әскери комиссариаттардың рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынған. Бірақ қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполовтың айтуынша, елде толық емес, жартылай мобилизация жарияланды, сондықтан соғысқа жарамды азаматтарға шақыру қағазы келгенге дейін шетелге шығуына болады. Дегенмен қорғаныс комитеті тұрғындарға шетелге кетуге кеңес бермейді.

«Краснодарға немесе Омбыға іссапарға бара беріңіз, бірақ мен Түркияның  курорттарына баруға кеңес бермеймін, Қырым мен Краснодар өлкесінің курорттарында демалыңыздар",-деді Картаполов.

Енді Қазақстандағы соғыстан қашқан ресейліктердің ағыны биылғы қаңтар-ақпан айларындағыдан да көп болмақ.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, еліміз Ресей азаматтарының келуіне шектеу қоя алмайды, себебі, Қазақстан да, Ресей де Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді. Келісім бойынша Ресей азаматтары Қазақстан аумағына келетін болса, оларға шектеу қойылмайды екен.

Бұған дейін Ішкі Істер Министрлігі Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері шетел азаматтарының  198 806 жеке сәйкестендіру нөмірін алғанын мәлімдеген болатын. Соның ішінде 74 371 Ресей азаматы Қазақстандық ЖСН алған.

Қазақстанда шетелдіктер жұмысқа орналасу, Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу, мүлікті ресімдеу, мемлекеттік қызметтерді алу және басқа да көптеген операцияларды жүзеге асыру үшін ЖСН алады.

Сәуір айының ортасында  ішкі істер министрлігі елге келген Ресей азаматтарының саны өскенін хабарлаған. 2022 жылдың басынан бері Қазақстанға 130 мыңға жуық ресейлік көшіп келгені және осы жылы 1 мыңға жуық ресейлік Қазақстанда тұруға ықтиярхат сұрағаны хабарланған болатын.

Ал, Балтық жағалауы елдері 19 қыркүйектен бастап Ресей азаматтары үшін шекарасын жапты. Өз азаматтарының да Ресейге саяхаттауына шектеу қойды.

Литваның Ішкі істер министрі Агне Билотайте Ресей азаматтарына бағытталған шектеулеріне түсінік берді.

«Ресейдің не істейтіні белгісіз және ол – шабуылдаушы мемлекет. Ресей азаматтарының төрттен үш бөлегі Украинадағы соғысты қолдайды. Соғыс жақтастарының бүкіл әлем бойынша және Литва мен Еуропа Одағы елдеріне еркін саяхаттауы қабылданбайды»,-деді ол. Агне Билотайте «орыс азаматтарының соғысқа қолдау білдіруі» Литваға және Еуропа Одағына қауіпті екенін айтты.

Abai.kz

46 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404