Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3098 0 пікір 3 Қазан, 2022 сағат 13:35

Израиль Ресейден ондаған мың еврей келетінін айтты

Израиль билігі алдағы айларда еврей мемлекетіне Ресей Федерациясы мен Украинадан ондаған мың оралман келеді деп күтуде.

Израиль үкіметі алдағы айларда елге келуі мүмкін оралмандардың жаңа толқынына дайындалуда. Бұл туралы жексенбі күні Израиль премьер-министрі Яир Лапид өзінің бейне үндеуінде мәлімдеді.

"Біз алдағы айларда ондаған мың оралманды күтеміз. Біз бұған дайындалып жатырмыз және оны құптаймыз", - деді премьер-министр. Оның айтуынша, үкімет жаңадан келгендерді біріктіру және бейімдеу үшін қосымша ақша бөлуді көздеп отыр.

«Ресей мен Украинадағы соңғы оқиғалардан кейін Қаржы министрі Авигдор Либерман мен Репатриация және интеграция министрі Пнина Тамано-Шато иммигранттарды біріктіру және бейімдеу үшін қосымша 90 миллион шекель бөлу туралы шешімді ұсынды», - деді Израиль премьер-министрі.

Израильде еврейлердің тарихи отанына оралуы туралы заң бар, ол елге келген еврейлерге жеңілдетілген азаматтық берумен қатар материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 946