Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 2956 9 пікір 5 Қазан, 2022 сағат 13:13

Ақпараттық қауіпсіздік алаңдатады...

Өткен аптада қазақ тілді газеттердің бас редакторлары тағы да жиналып, мемлекеттік тілдегі ұлттық басылымдардың мүшкіл хал кешіп жатқанын айтып, президент Тоқаевқа ашық хат жолдады...

Жиында сөз алған танымал саясаткер Дос Көшім ағамыз: "Қазіргі күнде "Ұйғыр ауази" газетінің таралымы 15 мыңдай екен."Жас Алаштікі" де сол шамада көрінеді. Бұл ұят. 300 мыңдай халқы бар ұйғырлар мен артында 13 миллион халқы бар "Жас Алаштың" таралымы , тіпті салыстыруға келмейді. Бұл қазақ баспасөзіне мүлдем көңіл аударылмай отырғанының бір дәлелі", - дейді. Билікке үндеудің нешінші рет жолданып отырғаны есте жоқ. Бір анығы баспасөзі күтім көрмеген соң қазақ тілді қауымның сүю мен күюді, алдау мен арбауды тақырып еткен арзанқол ақпарлардың тұтынушысына айналып шыға келгені анық. Оған кешегі хит болған "әзілкеш Қайрат Әділкерей сазгер Ұлықпан Жолдасовтың артын шұқыды" деген пияршыл сайттардың күлкілі жазбалары дәлел.

Қоқыстан дән іздеген тауықтай күй кешкен әлем желі белсенділері күні кеше "Билайн Қазақстан" ішінде Кремьлдің жымысқы саясатын насихаттайтын Ресейдің 15 телеарнасын қолданыстан алып тастайтын болды деп алақайлап еді. Қуаныштары ұзаққа бармады. Ресейдің цифрлы даму министірлігі: "Өзара әңгімеден соң, олар ойынан қайтты", - деп ақпарат таратты. Осы мәселеге байланысты қойған Азаттықтың сауалына  Ақпарат министрлігінің өкілі: "Жеке компанияның жұмысына араласа алмаймыз, өздері шешеді", - деп демократиялық майдан ұстаныпты.

Өз жеріміздегі орыс арналарының тағдырын Кремьлдің министрлігі бір ғана келіссөзбен шешіпті де, біздікілер қалыс қалыпты. Тәуелсіз елміз дегенмен қазақтың "Руский радионың" әуенімен оянып, "Ретродан" кеңес заманындағы әндерді тыңдап, тойдан "Яндекс такси" мен қайтып жүргеніне, ұрпағының бал балалығы "Маша мен Медведьті" көрумен өтіп жатқанына қай заман?!

Ресейдің елімізде еркін сатылып жатқан түменге жуық газет-журналдарын айтпағанда, 200-ге жуық теле-радио арналары тәулік бойы жұмыс істеп тұр екен. Еліміздегі шетел арналарының 70 пайызын ұстайды екен. Путин Украинаға соғыс ашқаннан кейін Батыс елдері жалған ақпарат таратқаны үшін Ресейлік арналарға тосқайыл қойғаны, интернет алыптарының орыстың заңды және жеке тұлғаларының аккаунтын бұғаттағаны белгілі. Біздің шенділерге ол да сабақ болмапты. "Билайн Қазақстанның" талпынысына келсек аяқ астынан қазақтың ұлттық мүдесі, ақпараттық қауіпсіздігі есіне түскендіктен емес, Батыс санкциясының әсерінен туындаған алдамшы әрекет. Олардың артында қазақ пен орыс олгархтарының мүдесі тұрғаны белгілі. Мәдени экспанция, ақпараттық шабуыл Герасимовтың Батысты шулатқан "Ережесіз соғыс доқторинасының" негізгі мазмүны екені де мәлім.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377