Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3664 0 пікір 22 Қаңтар, 2013 сағат 08:25

Сырым Дат. Өңірлер дами ма, әлде...

Билік ақыры назарын қаладан далаға бұрды. Соған мәжбүр болды. Себебі, осы шешімді  қабылдардан бір жыл бір ай бұрын болған Жаңаөзен дүрбелеңі соған итермеледі. Сол оқиғаны сараптағанымызда  былай дегенбіз (http://arasha.abai.kz/content/syrym-dat-zhanaozen-eldin-kelesi-damu-satysyna-otudin-olara-kezeni ):

«Барған сайын саяси-интеллектуалдық қуат молайып, оны жұмсар кеңістік белгілі бір топпен шектелуде. Елдегі ірілі-уақты даулар біржақты қаралып, біржақты шешілетін ғана жүйе қалыптасты. Жергілікті мәселені шешетін саяси-қоғамдық институттар жоқ. Қазақтың тарихи ақсақалдық институты келмеске кеткендей сыңайы бар. Қариялардың жас ұрпақ алдындағы қауқарын былай қойғанда, қоғамда да орны қалмады, ауыл әкіміне де сөзі өтпейді. Жергілікті өзін өзі меңгеру құрылымы тағы жоқ.

Бүгінгі қазақ қоғамы жұртшылықтың белгілі бір деңгейдегі қажетін өтейтіндей саңылау қажетсінуде. Елдегі түрлі деңгейде лидерлік қабілеттің орны болатындай құрылымдар керек. Әйтпесе, жас ұрпаққа да, жалпы жұртқа да «ауылдағының ауызы сасып», өгейдің, өзгенің ақылы мен кеңесі,тіпті идеологиясы қабылданатын күйге тақап отырмыз. Сол ахуал антимемлекеттік ахуал туғызып отыр. Номенклатуралық жасанды элита қоғамның әжетіне жарай алмай отыр».

Ақыры Өңірлік даму министрлігі құрылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл ведомствоның құрамына жер ресурстары, құрылыс агенттіктері және ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып қайта құрылған ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму комитеті кіреді.  «Қысқартылып отырған осы үш агенттіктен жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту және жергілікті жерлерге өкілеттіктер беру үшін арнайы министрлік құрылып отыр», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Кемі соңғы он жыл бойы жолдаудан жолдауға көшіп келе жатқан Жергілікті жұрттың өзін басқару институты неғып қолға алына қалды және оған пілдей министрлік қалайша құрылды? Себеп, әкімдердің басқа шығып бара жатқан құзырында болса керек. Бір жағынан жоғарғы билік тек қана бұйрық шығарумен айналысады да, қаржыны өңірлік әкімдерге бұрып, халықпен жұмыстың бәрін соған артып қойған. Бірақ әкімдер жергілікті жұртшылықтың аяғын бір етікке тығуға құзыры жетеді, ал халықпен диалог, келісу, оларды адамға санау атымен жоғалды. Бюджеттен айлық алатын адамдардың құны көк тыйын бола бастады. Ақырында жоғарғы билік пен әкімдердің арасында бірін бірі алдау ғана  басты саяси идеологияға айналды. Халықтың алдында биліктің сүйкімі кетіп болды. Бұл жағдай тек қана Жаңаөзен дүрбелеңін ғана емес, мемлекеттік қауыпсыздыққа қол салатын алапат айдақарды дүниеге әкелді. Бұл ақуалды да айтып өткеніміз бар (http://old.abai.kz/content/syrym-dat-bilik-tygyrykta): «Ең бастысы - елдің мемлекеттік жоғарғы құзыры облыстық жергілікті деңгейге келгенде жекелеген әкімдердің саясатына ұласып, жымдасып, субъектив әкімдік диктатураға айналды. Алайда, бұл аса құйқалы мемлекеттік шикізат саласы әкімдердің қолында деген сөз емес, ол ресурс кландық топтардың қарауында қалды да, Жаңаөзен секілді саяси шыйқандарды пісірді.»

Қысқасы, жергілікті өңірді билеу тығырыққа тірелді де, жоғарғы биліктің бар тірегі саналған әкімдік институт өзіне қатер төндіре бастады.Енді жалы күдірейген әкімдікті әлсіретіп, әлсіреген жергілікті өңірді күшейту үшін бір министрлік құрылып отыр. Бірақ бір ғана министрліктің қолынан сан салалы жоғарғы биліктің құзырын жергілікті өкіметпен жалғау келер ме екен?

Оның үстіне, Өңірлік даму министрлігінің қызметі өңірлер мен ел экономикасы салаларының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайларды туғызуға бағытталмақ, премьердің сөзімен айтқанда  «Өңірлерді дамыту», «Қолжетімді баспана-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Ақ бұлақ», ТКШ жаңғырту және моноқалаларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудың бірыңғай үйлестірушісі болады». Бұл қаптаған бағдарламаларды бұрын әр саланың «бақташысы» - сәйкес министрлік бақылап келсе, енді соның бәрі бір ғана ӨДМ-нің ыйығына түспек.

«Сондай-ақ Өңірлік даму министрлігіне Ішкі істер министрлігінен халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мәселесі де беріледі. Яғни, Өңірлік даму министрлігі стратегиялық және экономикалық жоспарлауды есепке алғанда, көші-қон саясатын жүзеге асырумен кешенді түрде айналысатын болады», - дейді  Премьер-Министр.

Президент Н. Назарбаев жаңа өңірлік даму министрлігінің құрылуын «жергілікті басқаруды дамыту» қажеттілігімен түсіндірді. Ал, ауылдық әкімдердің бір ғана «Нұр Отанға» тиесілі мәслихатта сайлануы жергілікті өзіндік билеу институтын қалай дамыта қоймақ? Бұл да күмәнді.

«Қысқартылып отырған осы үш агенттіктен жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту және жергілікті жерлерге өкілеттіктер беру үшін арнайы министрлік құрылып отыр», - делінді, бірақ әлі күнге сол жергілікті жерлерге қандай өкілеттік беріледі, ол алаңсыз өзін өзі билеу үшін муниципалдық меншік бола ма?..т.т. сауал көп, жауап жоқ. Оны шамасы, халық түгіл бұл жобаны әзірлеушілердің өзі де толық білмейді.

Сонымен, бұрынғы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне қарасты Өңірлік даму комитетінің не істегенін білмесек те, оның министрлікке айналғанын білдік. Айтпақшы, одан басқа Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия да болған еді. Оның да не тындырғаны беймәлім... Енді не болар екен, әйтеуір, ниет түзу - саясат өңірге бет бұрды...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377