Бейсенбі, 29 Қазан 2026
3170 0 пікір 5 Қазан, 2022 сағат 13:33

Қазақстанда жылжымайтын мүлік қоры құрылуы мүмкін

Қазақстанда тұрғындарға пәтерлерді жалға беретін жылжымайтын мүлік қоры құрылуы мүмкін. 

Қазақстандықтар бұл компанияның акциясын сатып алып, тоқсан сайын пайда таба алады. Осылай деп индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Ол пәтерді жалға беру нарығы жеке секторда екенін, ешкім бақылау жүргізе алмайтынын айтты.

"Жеке кәсіппен айналыса алмайтын мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, зейнеткерлер жылжымайтын мүлік қорының акциясын сатып алып, содан пайда тапқанын қалаймыз. Бұл көптеген тұрғындарға қосымша табыс көзі болушы еді", - деді министр.

Бағаның өсуіне байланысты Қазақстанның ірі қалаларында пәтерлерді жалға беру құны бірден қымбаттап кетті. Оның үстіне мобилизациядан қашқан ресейліктердің ағылуы да пәтер бағасын бірнеше есеге көтеріп жіберді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1259
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1767