Бейсенбі, 29 Қазан 2026
2905 0 пікір 5 Қазан, 2022 сағат 14:36

Қазақ-түркімен Каспий шекарасын бөлісті

Мәжілістің пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

Құжатты таныстырған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді шартқа 2021 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойғанын айтты.

"Шартқа сәйкес, тараптар Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы аумақтық суларды және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлетін Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарасының өту сызығын анықтады", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1254
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1758