Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4032 40 пікір 7 Қазан, 2022 сағат 14:31

Қазақстан мен Ресей қатынасы суып барады

Соңғы уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынас күрделі бола түсті. Оны түрлі оқиғалардан аңғару қиын емес. 

Бірнеше күн бұрын Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты Ресейдің СІМ шақыртты. Ресей Қазақстанға Украина елшісінің қайта оралғанына наразылық танытып, "оның елден кетуі дұрыс болады" деген мәлімдеме жасады. Тіпті "174 бапқа сай, сіздердің заңдарыңызды өрескел бұзуда" деді. Бұл Ресейдің Ақордаға жасаған қысымы дейді сарапшылыр. Себебі телефон арқылы ғана шешуге болатын мәселені, олар демонстративті түрде көрсетті.

Көп ұзамай Қазақстан Ресейдің елшісі Алексей Бородавкинді шақыртып, Қазақстанның позициясына құрметпен қарау керектігін айтты. Осылайша тараптар елші шақыртып, наразылық танытты. Бұл екі ел арасындағы қатынастың суып бара жатқанын аңғартса керек.

Ресей билігі Қазақстанды Украина соғысы басталғалы бері қыспаққа алуда. Оны БАҚ арқылы, пропагандистер мен түрлі шенеуніктерінің мәлімдемелері арқылы көрсетуде. Мысалы көктемде Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйледі. Артынша Ресей шенеуніктері "санкцияларды айналып өтуге жол бермеді, сатқындық жасады" деп бажылдай жөнелді. Бұл туралы биік мінберде, маңызды жиында Симоньян Тоқаевқа сұрақ қойып, тұқыртуға тырысты. Алайда президент Тоқаев Петербург форумында Ресейдің агрессиясын еш қолдамайтынын көрсетіп, Украинаның аумақтық тұтастығын ашық қолдады.

23-27 қыркүйек арасында Украинаның төрт облысында Ресей жалған референдум ұйымдастырды. Ол референдумның нәтижесін Қазақстан мойындамайтынын ресми мәлімдеді. Бұл мәлімдемеге Ресей саясаткерлері "одақтастыққа сай емес" деп күңкілдеп жатты.

Ресей Қазақстанды өз позициясын қолдауға мәжбүрлеу үшін экономикалық қыспаққа алуды да арттырды. Мысалы Қазақстан экономикасының негізі болып табылатын мұнайдың басым бөлігі Ресей аумағы арқылы өтетін КТК құбырымен тасымалданады. Міне, сол құбырдың жұмысына Украина соғысы басталғалы 4 мәрте кедергі жасап, Ақордаға сигнал жіберумен болды.

Ресей Украинадағы соғыстың нәтижесіне байланысты одақтастарының Мәскеуден алыстап кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Abai.kz

 

 

 

40 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407