Сенбі, 23 Қараша 2024
2663 5 пікір 25 Қазан, 2022 сағат 12:55

Тіл құдіреті: язык пен мова

Украин мен орыс халқының түр пішіні бір. Сырттан қараған адам, оның қайсы украин, қайсы орыс екенін айырмайды.

Тіпті қазіргі елінен қашқан орекең өзге елдерде өзін басқаға біз украинбыз деп таныстырып жүр деген де әңгіме шығып жатыр.

Екеуінің діні де бір, бір құдайға шоқынады. Тіпті генетикасы да ұқсас, яғни қаны да жақын екен. Оны ғылым да дәлелдеді. Генетикасы — жақын класстерлерден тұрады.

Тарихы да астасып жатыр. Кезінде совет одағын үш украин шатыс, украин текті азаматтар басқарған екен. Хрущев, Брежнев, Черненко.
Ол кезде қазақтар бұндайдан тым алыс, аулақ болды, олар кремль маңына жолай алмайтын.

Кезінде, совет заманында атақты маршал - генералдар, ғалымдар, космонавтар да осы украиннан көп шықты.

Қазір — "менің атам украин еді" немесе "әжем украин еді", я "менің әйелім тағы бірдемем украин еді" демейтін әлемде орыс жоқ. Араларында аралас неке өте көп.

Әлі күнге шейін путиннің жақын айналасы толған украин текті, украин шатыс адамдар — Ковальчук, Тимченко, Матвиенко, Кириенко дегендей..
Бір қарағанда путиннің "біз бір халықпыз" деген сөзінің жаны бар сияқты.
Әйткенмен, бұл екеуі екі бөлек халық. Бұлардың екі бөлек халық екендігін айшықтап тұрған ең маңызды фактор не дейсіз ғой.

Ол — ТІЛІ.

Біреуі оны язык дейді, екіншісі мова дейді.

Екі халық екі бөлек тілде сөйлейді және қазір көріп отырғанымыздай ол екі тіл екі санаға екі бөлек көзқарас қалыптастырып, олардың дүниетанымына қатты әсер етеді екен.

Біреуі азаттық дейді, озық өркениетке жақын болғысы келеді, екіншісі мешеулікке, ескілікке, құлдыққа сүйреп әлек. Екі тіл — екі мәдениет қалыптастырған.

Тілдің құдіретін енді өздеріңіз байқай беріңіздер.

Бұ жерде тіл деген шіркін екеуінің арасындағы басқа жақындықтың бәрін тас — талқан ғып жоққа шығарып, "ей сендер шатаспаңдар, сен асансың, ал сен үсенсің" деп бәрін орын - орындарына қойып екі дара ұлт боп

қалыптастырып, тіпті дұрыс бағыт көрсетіп отырған бір құдірет күш боп отыр. Путиншіл импершілдер осы жерде тосылып отыр.

Одан соң танымы әртүрлі, мәдениеті, тілі бөлек халықтар бір бірінің қолына қару алып күн астында ұлт болып, мемлекет боп сақталып қалуы үшін қазір жан алысып жан берісіп жатыр.

Анау жеңілсе ұлт ретінде құриды, мынау жеңілсе империя ретінде құриды.
Бұл тіл деген сұмдық нәрсе деймін, сұмдық.

Жалпы, ұлтты ұлт қып қалыптастыратын және сақтайтын тіпті бағытын нұсқайтын тек қана оның осы ТІЛІ екен, тілмен ойнапсыздар...

Тіл — құдірет.

Олжас Әбіл

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377