Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1766 0 пікір 31 Қазан, 2022 сағат 12:35

ҰБТ жүйесіне тағы да өзгеріс енгізіледі

Мектеп түлектеріне жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне өзгеріс енбек. 2023 жылдан бастап негізгі ҰБТ сәуір және шілде айларында өткізіледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

«Келесі ереже бекітілгенше негізгі ҰБТ екі рет болып қалады. Биылғы оқу жылында оқушыларда 5 рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік бар. Қаңтарда, наурыз, тамызда ақылы негізде өтеді және оның сертификаты жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуға жарайды. Сондай-ақ екі негізгі ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілген. Тіркелу онлайн форматта өтеді, әркім тестілеу тапсыру күнін және уақытын өзі белгілей алады», – деді ол.

Сондай-ақ орталық директоры 2023 жылы негізгі ҰБТ неліктен сәуір және шілде айларында өткізілетінін түсіндірді.

«Жыл сайын негізгі ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді. Енді оған өзгеріс енгізгелі отырмыз, жобасы дайын. Биылғы жоспарымыз бойынша бірінші мүмкіндікке тіркелуді наурыз айында ашқалы отырмыз. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, мамыр айында мереке көп. Екіншіден, биылғы оқу жылында 31 мамырда өтетін маңызды мереке – соңғы қоңырау бар. Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды тойлауда болады», – деп түсіндірді Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынған жаңа жобада дистракторлар (жауап нұсқалары) саны өзгертілген. Яғни бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды.

Руслан Емелбаевтың айтуынша, сұрақтар санында да өзгерістер болады. «Оқу сауаттылығы» бойынша 15 сұрақ: 5 сұрақтан 3 мәтін (200-350сөз) беріледі, ал «Қазақстан тарихы» бойынша 20 сұрақ: бір дұрыс жауапты 10 тапсырма, мәнмәтін негізінде 10 тапсырма беріледі. Бұл өзгерістер қазіргі таңда тестілеу орталығы тарапынан жоба ретінде ұсынылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021