Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2139 0 пікір 16 Қараша, 2022 сағат 14:30

Базар сүт (заводтан шыққан сүт) ішеміз деп уланып қалмайық

Базардағы сүтті (заводтан шыққан сүт) ішіп уланып қалуыңыз мүмкін.

Күнделікті тұтынатын сүтіміз көбінесе сиыр сүті болғандықтан, сиыр сүті туралы жазайын. Табиғи сиыр сүтінің құрамында көптеген пайдалы минералдар мен витаминдар бар.

Зерттеулерге негізделгенде (2008 жылы) сиыр сүті бұлшық еттің өсүін жеделдетеді екен. Яғни сүйек бен бұлшық еттің өсуі балалардың бойшаң әрі денелі болып өсуіне көмектеседі.  Тағы бір зерттеулер бойынша (The American Journal of Clinical Nutrition. 85 (5): 1203–11.) сүттің құрамындағы линолин қышқылы адам денесіндегі артық майды ыдыратады, яғни сиыр сүті артық салмақтан (арықтауға) пайдасын тигізеді. Америка тағам тану мекемесі сиыр сүтін сүйекті қатайту үшін денесінде калсий құрамы аз балаларға үнемі ішіп тұруды ұсынған.

1999 жылы анықталған “тағамдық биохимия” журналлына шыққан зерттеулер (Nutritional biochemistry) бойынша сиыр сүті калсий ге бай және сүттің құрамындағы калсий басқа калсиге бай өсімдіктердің калсиіне қарағанда оңай сіңеді. Яғни басқа өсімдіктер калсиге бай болғанымен дегенге түгелдей тарамайды. Ал сүттің құрамындағы калсий денеге толық таралады.

Ал кей жағыдайда сиыр сүтін қабылдауға болмайтын аурулар болады. Яғни ондай ауруларға дәрігер өзі кеңес береді. Біз бұл жерде ол тұралы айтпай ақ қояйық. Себебі өте ұзақ болып кетеді.

Таза, табиғи сүт ұзақ сақталмайды. Себебі сүттің құрамындағы lactobacilli деп аталатын ашытқы бактерия сүтті ашытып жібереді. Яғни ғылыми жолмен айтсақ жоғарыдағы аталған бактерия сүттегі лактозаны лактон (lactic acid) ге айналдырып тастайды. Сондықтан таза сүт 2-3 градус аралығында болса, яғни мұздатқышта сақтасақ бар болғаны 7-10 күнге дейін ғана сақтай аламыз. Ал одан жоғары температурада тіпті де аз ақ уақыт сақталады.

Ал заводтан шыққан сүттер не үшін 6 айға дейін сақталады?

Таза сүт аз ақ уақыт сақталады. Ол сүт өндіретін компаниялар үшін өте тиімсіз, яғни ақша таппай қалады. Сол үшін олар “Пастерлеу” деген технология қолданады. Таза сүтті пастерлейді. Пастерлеу деген не? Ол деген сүтті өте жоғары температурада қыздырып, қайта өте тез суыту деген сөз. Осы жоғары температурада қыздырып (170-200 C дейін) қайта тез суытқанда жоғарыдағы біз атаған сүтті ашытатын ашытқы бактерия, lactobacilli деп аталатын бактерия өліп қалады да сүт ашымай ұзақ сақталады.

Пастерленген сүттің пайдасы мен зияны.

Пайдасы сүт өндіретін компаниялар сүтті көп уақыт сақтай алады да ақшаға қарық болады.

Зияны жаңағы lactobacilli деген ашытқы бактерия K2 витаминін жасайды. Ол витамин сүттің нәрінің адам денесіне сіңуіне көмектеседі. Тағыда lactobacilli ашытқы бактериясы сүт қантын (лактоза) өзгертіп дегенге жылдам таратады. Бұны базар сүт, яғни завоттың сүті тез сіңбейді сонда өзіңізде сезесіз. Артық ішсеңіз асқазанға батады. Тағы да пастерленген сүтте калсий денеге сіңбейді. Яғни сүттің құрамындағы бойды өсіретін, сүйекті мықты ететін Калсий фосфатын осы lactobacilli ашытқы бактериясы сіңіреді. Сонда базар (пастерленген сүтте) сүтте lactobacilli ашытқы бактериясы жоқ болғандықтан ол ендігі жерде бізге сүттің құрамындағы бойды өсіретін, сүйекті мықты ететін Калсий фосфатын бере алмайды.

Сүт өндіретін компанияларға ол да аздық қылыпты. Жақынғы кездерде сүтке сутекпероксиді мен формалин қосатынды шығарыпты. Шет елде осындай жағыдай анықталған. Біздің суттерге сутекпероксиді мен формалин қосатынын да қоспайтынын да білмейміз.

Сутекпероксиді мен формалин не үшін қосады?

Олар сүтті тіпті де ұзақ сақтауға көмектеседі.

Бұл екі зат өте улы заттар. Онда неге сондай сүтті ішкен беті адам уланып өліп қалмайды? Себебі олардың дозасы аз. Бір жолда улап өлтірмегенімен ұзақ уақыт тұтыну барысында міндетті түрде улайды. Яғни зияны біртіндеп білінеді. Сондықтан табиғи сүтті тұтынған дұрыс.

 

Жексен Тоқтарбай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550