Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3466 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 12:35

Азиз ЖҰМАДІЛ. «Қайратты» тастап қашқандар

Осыдан бірер жыл бұрын ғана еліміздегі футболшы атаулының барлығы «Қайраттың» сапында өнер көрсетуге әуес еді ғой. Тіпті қарсы команданың құрамында ойнағанның өзінде алматылық клубпен кездесе қалса, өздерін бар қырынан көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда өкінішке қарай, бүгінде сол саңлақтардың ешқайсысы Қазақстан футболының бойтұмарының сапына ұмтылмайды. Ал алматылық клубтың сапында былтыр ойнаған ойыншылардың көбі команданы тастап қашып кеткені жасырын емес.

Әлбетте, біздің мақсатымыз - ол саңлақтарды қаралап, кінәлау емес. Олай ете алмаймыз да. Өйткені олар «Қайратты» тақырға отырғызып, тайып тұрған жоқ. Соңына дейін шыдап бақты. Алайда нәпақа табу мақсатымен қызмет орнын ауыстыруға мәжбүр болды. Міне, біз солардың кейбірінің «Қайраттан» кейінгі қызметтері қалай болғанына тоқталмақпыз.

Осыдан бірер жыл бұрын ғана еліміздегі футболшы атаулының барлығы «Қайраттың» сапында өнер көрсетуге әуес еді ғой. Тіпті қарсы команданың құрамында ойнағанның өзінде алматылық клубпен кездесе қалса, өздерін бар қырынан көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда өкінішке қарай, бүгінде сол саңлақтардың ешқайсысы Қазақстан футболының бойтұмарының сапына ұмтылмайды. Ал алматылық клубтың сапында былтыр ойнаған ойыншылардың көбі команданы тастап қашып кеткені жасырын емес.

Әлбетте, біздің мақсатымыз - ол саңлақтарды қаралап, кінәлау емес. Олай ете алмаймыз да. Өйткені олар «Қайратты» тақырға отырғызып, тайып тұрған жоқ. Соңына дейін шыдап бақты. Алайда нәпақа табу мақсатымен қызмет орнын ауыстыруға мәжбүр болды. Міне, біз солардың кейбірінің «Қайраттан» кейінгі қызметтері қалай болғанына тоқталмақпыз.

Алдымен команданың бас бапкері болған Вахид Масудовтан бастасақ. 2007 жылдың шілдесінде «Қайрат» тізгінін қолына алған Вахид Юнусұлы командамен бірге ең қиын шақтарды өткерді десек, асыра сілтегендігіміз емес. Өйткені «Қайраттың» жағдайы 2007 жылы-ақ нашарлай бастаған болатын. Ал Масудов жағдайдың қиындығы мен қолдың қысқалығына қарамастан, алматылық ұжымды аутсайдерлер қатарынан жоғары сүйреп, турнир кестесінің 13-орнына орналастырды. 2008 жылы ел футболының бойтұмары мүлдем әлсірей бастады. Футболшылар өздеріне тиесілі жалақыларын айлап ала алмай, әбден әбігерге түсті. Соған қарамастан, Масудовтың арқасында «Қайрат» чемпионатты алғашқы ондықта аяқтады. Әлбетте, Вахид Юнусұлы биыл да команданы жаттықтыра берер еді, бірақ әккі бапкер бірінші лигада тер төккісі келмеді. Қысқы маусым аралығында су жаңа елордалық «Локомотивтің» тізгінін ұстап кете барды. Дегенмен мұнда ол ұзақ тұрақтай алған жоқ. Чемпионат басталмай жатып-ақ елордалықтар білікті бапкерді «отставкаға» жіберді. Осыдан кейін Вахид Юнусұлының жұмыссыз қалу қаупі мол болып, тіпті «оны «Қайраттың» киесі ұрды, тығырыққа тірелген шақта команданы тастап несі бар еді» деп обалын өзіне артып қойған шағымыз да болды.

Осылай жұмыссыз жүре берер ме еді, кім білсін, егер бірінші турдан кейін мезгілсіз келген ажалдан «Атырау» бапкері Антон Шох қайтыс болмағанда?.. Көп ұзамай Вахид Масудов Антон Рохусұлының орнын басты. Ол жаттықтыратын «Атырау» бүгінде ел біріншілігінде 6-орында келеді.

Тасқамал қорғаушы әрі былтыр команданың капитаны қызметін атқарған Ренат Абдуллин «Қайраттың» намысын артық-кемі жоқ бес жыл қорғапты. Бұл үшін оған алматылық жанкүйерлер тек алғыс айтуы керек шығар. Оның үстіне былтыр қиын шақтарда басшылық пен жанкүйерлер, сондай-ақ БАҚ ортасында байланыс көпірі болған да Ренат еді. Соңғы сәтке дейін басшылықтан жағымды хабар күткен ол ақыры мекенжайын ауыстыруға мәжбүр болды. Нәтижесі жаман болған жоқ. Бүгінде Ренат Абдуллин - елордалық «Локомотивтің» тасқамал қорғаушысы, сонымен қатар ұлттық құрамамыздың ажырамас бөлшегі. Ашығын айтуымыз керек, егер Ренат «Қайраттың» сапында қалып қойғанда, әлгі мансаптарға жете алмас еді.

Былтыр «Қайраттың» сапында ел футболының ардагері Серік Жейлітбаев та өнер көрсетті. Алматылық ұжымның жейдесін бар болғаны бір-ақ жыл киген Жейлітбаев командаға көмектесе алмасын біліп, өскемендік «Востоктың» сапына ауысып кетті. Оның бұл әрекетіне түсіністікпен қарауға болады. Өйткені Серіктің үлкен футболмен қоштасуына аз ғана уақыт қалды. Тіпті осы жыл ол үшін үлкен футболдағы соңғысы болуы да ғажап емес. Сондықтан соңғы жылды бірінші лигадан гөрі, премьер-лигада өткізген әлдеқайда оңды шешім екені айтпаса да түсінікті. Бүгінде Серік Жейлітбаев Ойрат Садуов ұжымын алаңға капитан ретінде бастап шығып жүр.

Командаға Масудовпен бірге 2007 жылдың жазында келген Игорь Авдеев биыл қыста Масудовпен бірге қайта кетіп қалған болатын. Алайда бапкеріне қарағанда Авдеев елордалық «Локомотивтің» сапына орнығып алды. Байқасаңыз, өзінің 36 жасына қарамастан, Игорь Авдеев қазіргі бапкері Сергей Юранның сенімінен шығып жүр.

Былтырлары «Қайраттың» сапында шабуылшылар Әлібек Бөлешев пен Рафаэль Оразбахтиннің де өнер көрсеткенін білеміз. Алайда алматылық клубтың сапында бірінші лигада ойнағысы келмеген олар команданы тастап кеткен болатын. Бірақ басқа ұжымдарда да бұл шабуылшылардың жолдары болмады. Әлібек алдымен «Ордабасының» қосалқы құрамын толықтырған болса, екінші айналымда «Атырауға» ауысты. Дегенмен мұнда да дарынды шабуылшы сұрмергендік қасиетін көрсете алар емес. Ал Рафаэль бірінші айналымды премьер-лигасыз өткізіп, жазғы маусымаралық үзілісте чемпионат аутсайдері қызылордалық «Қайсардың» сапына ауысты.

Бұл аталған саңлақтар - былтыр команда сапында өнер көрсеткендердің аз ғана бөлігі. Әйтпесе былтыр чемпионат аяқталған сәтте командада 21 футболшы болған. Биыл солардың тек үшеуі ғана «Қайратқа» адалдығын көрсете алды.

 

«Алаш айнасы» газеті, 12.08.2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371