Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5256 0 пікір 28 Ақпан, 2013 сағат 06:44

Өміржан Әбдіхалықұлы. Қазақстан коммунистері. Кірген із бар, шыққан із жоқ

 

Әлбетте, коммунисттердің сүйікті көсемдерінің сүйегі қурап қалғанымен, ісін жалғап, ізін басқандар әлі тірі. Коммунисттердің Қазақстандағы көзі - Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы.

Тәуелсіз ел билігінің бір бұтағы -  Әділет министрілігінде аталған партия 2004 жылы 21 маусым күні ресми тіркелген. Сөйтіп 3 миллион қазақты қырып салған коммунисттерді қазақ билігі шімірікпей  қатырына қайтадан қосып алды. Тіркеу былай тұрыпты, бесінші шақырылымдағы Мәжіліске саяси партия ретінде өткізіп жіберді. Сөйтіп,  3386 адамды атып, 13151 жанды   концлагерлерге айдаған коммунисттер қолдарынан қандары сорғалап билікке қайта келді.

Парламент Мәжілісіндегі «Халық Коммунистері» фракциясы

КОСАРЕВ Владислав Борисович
Депутаттық фракцияның жетекшісі
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

АХМЕТБЕКОВ Жамбыл Аужанұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

БАЙМАХАНОВА Галина Александровна
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

КЕНЖИН Төлеш Әукебайұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

ҚОҢЫРОВ Айқын Ойратұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

ӨМІРЗАҚОВ Тұрсынбек Қазенұлы
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

 

Әлбетте, коммунисттердің сүйікті көсемдерінің сүйегі қурап қалғанымен, ісін жалғап, ізін басқандар әлі тірі. Коммунисттердің Қазақстандағы көзі - Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы.

Тәуелсіз ел билігінің бір бұтағы -  Әділет министрілігінде аталған партия 2004 жылы 21 маусым күні ресми тіркелген. Сөйтіп 3 миллион қазақты қырып салған коммунисттерді қазақ билігі шімірікпей  қатырына қайтадан қосып алды. Тіркеу былай тұрыпты, бесінші шақырылымдағы Мәжіліске саяси партия ретінде өткізіп жіберді. Сөйтіп,  3386 адамды атып, 13151 жанды   концлагерлерге айдаған коммунисттер қолдарынан қандары сорғалап билікке қайта келді.

Парламент Мәжілісіндегі «Халық Коммунистері» фракциясы

КОСАРЕВ Владислав Борисович
Депутаттық фракцияның жетекшісі
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

АХМЕТБЕКОВ Жамбыл Аужанұлы
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

БАЙМАХАНОВА Галина Александровна
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

КЕНЖИН Төлеш Әукебайұлы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

ҚОҢЫРОВ Айқын Ойратұлы
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

ӨМІРЗАҚОВ Тұрсынбек Қазенұлы
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

СОРОКИН Борис Владимирович
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Қазақстан коммунисттері жыл сайын пролетариат көсемі болған В.Лениннің туған күнін атап өтеді. Енді бәрі түсінікті шығар.

Билік неге коммунистік партияның қызметіне тыйым салмады? Себебі, биліктің өзі ҮЛКЕН коммунист. 1991 жылы Тәуелсіздік алған Қазақстанның мемлекеттік билігі сол тұстағы коммунисттердің қолына өтті. Комсомолдары әкім болды. Және олардың ешқайсысы әлі күнге дейін коммунистік партия қатарынан шыққанын мәлімдеген емес. «Коммунистік партия өлді дейді. Бірақ оның мәйітін көрген жан жоқ» дегендей біздің коммунистік биліктің де партбилетін қоқысқа лақтырып, партия қатарынан ресми түрде шыққанын көрген жан жоқ.

Сондықтанда саяси репрессияға, ашаршылыққа, тың игеруге, желтоқсан көтерілісіне әлі күнге дейін саяси баға берілген жоқ. Билікте «капиталистердің» костюм-шалбарларын киген  қып-қызыл коммунистер отырғанда ол баға берілмейді де. Миллиондаған қазақтың қанды кегі де қайтарылмайды.

Бұл аз десеңіз, Қазақстандағы саяси жүйе -  сол коммунисттік режимнің жұмсарған көшірмесі. Көшірмесі болатыны - кәрісі бар, жасы бар - коммунисттер «коммунизмнің» саяси мектебінен ғана өткен. Болды. Ар жағын өзіңіз күнде көріп жүрсіз.

Ал, коммунисттердің қазаққа жасаған  қастандығының мыңнан бірін тарихшы Зардыхан Қинаятұлының «Көшпенді ғұмыр» кітабынан алып ұсынып отырмыз.

«Көшпенді ғұмыр» кітабынан үзінді

...Ал Қазақстан жағдайында  коммунистердің лаңын зерттеген академик М.Қ.Қозыбаев, К.Н.Нұрпейісов, профессор М.Қ.Қойгелдиев, Талас Омарбеков және басқалардың деректемелеріне жүгініп көрелік.

-         1929-1933 жылдары Қазақстанда ОГПУ-дің тізіміне 22933 адам ілігіп, олардың 3386-сы атылып, 13151 адам 3 және 10 жыл уақытымен концлагерлерге айдалған. ОГПУ жаналғыштары ұсталғандарға жазасын мойындату, келешекте оларды үрім-бұтақсыз қалдыру үшін Кеңестер Одағы прокуратурасында ұйғарылған «Жазалау ішкі ережесі» бойынша төмендегі жазалау шараларын қолданған.

-         Маңдай тістерін қағып түсіру

-         Ер адамның жыныс мүшелеріне істік жүгірту

-         Екі аяғын салбыратып іліп қойып басын ыстық бумен, жалынмен қақтау

-         Жазалылардың балаларын үрім-бұтақсыз қалдыру үшін ызғар, мұз, қырауға отырғызу

-         Үкім шығарғанда әдейі таңдалып алынған іріткі салушылар, сөз тасушылар, құпия хабар берушілердің жалған куәлігін негізге алу т.б.

Мұны күн көсемдерін қызғыштай қорғаштап жүрген коммунистер білмегенімен атылған, айдалғандардың ұрпақтары біледі. ОГПУ-дің бұл рекомендациялары 1956 жылғы жылымық басталар алдында жойылған.  Мен мұндай рекомендациялар болғанын әзер тірі қалған аталарымнан ғана емес, бұрын Моңғолияның НКВД-сінде істеген адамның өз аузынан естігем.

-         Больщевиктер көшпенді халықты жанбағу тірегінен (малынан) айырды. Осының салдарынан 1932-33 жылдары орын алған жаппай аштықтан 2,2 миллион адам (М.Қозыбаев), кейбір деректерге бойынша 2,277 млн. қазақ қырылған (Т.Омарбеков). Бұл сол кездегі Қазақстан халқының 49,8  пайызымен тең.

-         1929 жылы қазақтың қолында 39,294.0 мал болса, 1933 жылы 2,428 мың ғана қалған. Сөйтіп қазақтың малының саны 16 есеге азайған. Салдарынан халық жаппай аштыққа ұшырады.

-         Аштықта қырылғандардың санын жоғарыда айттық.

-         Аштықтың салдарынан 1, 130 мың халық щетелдерге ауа көшуге мәжбүр болды. Олардың  676 мыңы қайтып оралмаған. Қырғынға ұшырағандардың санын толтыру үшін 40 жыл қажет болған. Егер аштық зұлматы болмағанда 1990 жылдары қазақтың саны 32 миллион болар еді деген есеп бар. Қазақ халқы 1932-33 жылы 2,5 млн-ға азайған. Жоғарыдағы 40 жылдық өсімін қосқанда біз 16 млн. адамымыздан айырылдық.

1940 жылдары ату, айдау науқаны аяқталғаннан кейін қырылған қазақтың жері мен кен байлығын игеру деген сылтаумен орыс және басқа ұлт өкілдерін Қазақстанға жаппай қоныстандыру басталды. 1897 жылы Ресей империясында жүргізілген алғашқы жалпы халық санағының қортындысы бойынша Қазақстан территориясындаға қазақтардың үлесі 81 пайыз болған. Ал 1970 жылдары бұл көрсеткіш 29 пунктке төмендеп 38 пайызды құраған. Тәңір қолдап, 1991 жылы Кеңестер Одағы ыдырады ғой. Әйтпегенде бұл жағдай енді бір 30-40 жылға жалғасса, қазақ ұлт ретінде жойылып, түгелімен қара орысқа айналар еді.

Қайсы біреулер «Иә ондай қырғын, зұлмат болғаны рас. Бірақ оны біздің коммунистер әдейі жасаған жоқ. Байқаусызда осылай болып қалды» деп ақталғысы келеді. Тіптен солай болды дегеннің өзінде коммунистер «Біз аңдаусызда 3 миллионға жуық қазақты қырып алыппыз. Біз жаздық-жаңылдық» деп халықтан кешірім сұрамай ма?! Жоқ олай болмады. «Біз зұлмат жасағанымыз жоқ. Егер зұлмат болды деген күннің өзінде ол қазақ үшін жасалған жоқ» деп безбүйректеніп отыр. Сонда 3 миллион халықтың төгілген қаны үшін кім жауап береді? Коммунистік жүйе ме, жоқ әлде ол жүйені қызғыштай қорып жүрген коммунистер ме? Ата-бабамыздың басын кімнен сұрауымыз керек?

Зардыхан Қинаятұлы. «Көшпенді ғұмыр» кітабы, 242-243-нші беттер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963