Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3020 10 пікір 29 Желтоқсан, 2022 сағат 15:29

Егер мен Қаңтар трагедиясы туралы кітап жазсам...

Мен Қаңтар трагедиясы туралы кітап жазар болсам (әрине, әдеби кітап, роман), таққа талас, баққа талас нән адамдар, қашқан-пысқан шенеунік, алтын артқан ұшақ, сасқан олигархтар туралы емес, кейіпкерлерім кішкентай адамдар болар еді. Олар - отыз жыл бойы қақысы кеткен, иіні жарып киім кимей, қарны тойып тамақ ішпесе де "бір күні өзгеріс болар" деген үмітпен өмір сүргендер болар еді. Бір күні расымен де сол күткен өзгерістің шеті көрінеді, үлкен шеру басталады.

Алматы Аренадан, Республика Алаңына тартқан қалың нөпір, қаһарлы шеру. "Осы күнді қанша күттік?" деп бір-бірін жақын тартқан тілеуқор жұрт, тілекшіл ағайын. Сонша ұзақ жолды жаяу басып, қара саны үзіліп, қаны кеуіп, қаталаса да қолындағы кішкентай құтыдағы суын жол үстіне қойып, артта келе жатқанның қамын ойлаған қалың қараша. Көзінде от, көкірегінде сенім. Үміт, арман...

Алаң. Жарылған гранатаның қолқаны қапқан ащы түтіні, құлақты бітеген шуылы. Иесіз, әрі-бері толқыған нөпір... Атылған оқ, анталаған ажал...

Үзілген үміт, күйреген сенім. Абақтыдағы азап, тас қабырғадан талықсып жеткен дауыс. Азалы отбасы, ажал құшқан аяулы азамат. Қанша қан төгілсе де сол баяғы мәні өзгермеген авторитарлық режим...

Осылай болар еді.

 

Ырысбек Дәбей

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320