Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 3997 14 пікір 6 Қаңтар, 2023 сағат 15:33

Путин: Құдай үшін, соғысты тоқтатайық!

Кремль кеше көпшілік күтпеген шешім қабылдап, мәлімдеме жасады. Рождество мерекесіне байланысты ұрыс қимылдарын тоқтатамыз дейді. 36 сағатқа. Киевке де ұсыныс жасап, солай етуге шақырды. 

Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуға ұрыс қимылдарын тоқтату туралы бұйрық берді. Рождество мерекесіне байланысты ұрыс қимылдарын тоқтату туралы ұсынысты патриарх Кирилл айтқан болатын.

Ұрыс қимылдарын уақытша тоқтату мерзімі 6-қаңтар, сағат 12:00-ден бастап, 7-қаңтар, сағат 24:00-ге дейін жалғасады. Арнайы бұйрықтың мәтіні Кремльдің ресми сайтында да жарияланды.

"Ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақта өте көп православ өкілдері тұратындықтан, украин тарапы да уақытша ұрыс қимылдарын тоқтатып, бейбіт тұрғындардың діни жоралғы жасауына мүмкіндік беруі керек", - дейді ресми Мәскеу. Алайда Зеленский офисі Ресейдің бұл ұсынысын кері қайтарды.

Владимир Зеленский былай деді: "Олар қазір Рождество мерекесін қалқан етіп, біздің әскеріміздің Донбасстағы алға жылжуын уақытша тоқтатып, әскери позициямызға көбірек техника, әскерді топтастырып алмақ. Бұл қандай нәтиже береді? Шығынды арттырады, бар болғаны сол. Әлемде барлық адам Ресейдің уақытша ұрысты тоқтатуды не мақсатта қолданатынын жақсы біледі. Олар келесі шабуылды жасау үшін ғана келісім сұрайды. Соғыс қашан бітеді? Соғыс Ресей әскері өз еркімен біздің жернімізден кеткен сәтте бітеді, не біз оларды қуып шығамыз".

Зеленскийдің пікірін Украина президентінің офис басшысы Михаил Подоляк жалғап: "Ресей бұл соғыста қандай да бір гуманистік әрекетке барған сыңай танытпақ. Олардың алдамшы әрекетіне сенім жоқ" ,- деп қысқа қайырды.

Донецк сепаратистерінің басшысы Денис Пушилин болса "ұрысты біржақты тоқтатамыз, алайда Украина тарапынан шабуыл болса оңдырмаймыз, оның үстіне біз оларды нағыз православ деп санамаймыз" дейді.

Сөзсіз бұл уақытша ұқрысты тоқтату бұйрығын Ресей өзі де сақтамайды. Ал 36 сағаттық тырнақша ішіндегі ұрысты тоқтату әрекетін, Ресей билігі пропагандалық мақсатта қолдануға тырысатын болады.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364