Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2331 0 пікір 14 Наурыз, 2013 сағат 04:48

Дэн Сяопин: Маоның қателіктерінде менің де үлесім бар (жалғасы)

(Италия журналисті Орияна Фалашидің Дэн Сяопинмен сұхбаты. 21-23 тамыз, 1980 жыл)

Орияна Фалаши:

Сіз Премерьдің орынбасарлығынан не үшін босамақшысыз?

Дэн Сяопин:

- Мен ғана емес, біз қарттар - бәріміз де қосымша міндет алмаймыз. Қазіргі Төраға Хуа Гофың да Үкіметтің басшысы міндетін қосымша атқармайды. Партия Орталық комитеті Жау Зияң жолдасты кандидат етіп ұсынып отыр ол орынға. Жасы ұлғайған біздер сол орында тұра берсек, олардың жұмыс істеуіне тиімсіз болады. Бізде басшылық жігін бірте-бірте жастарға айналдыру мәселесі қолға алынып жатыр. Біз бастамашы болуға тиіспіз.

Басшының өмірлік лауазымдылығы белгіленбегенімен, іс жүзінде, бұрыннан өмір сүріп келеді. Бұл - басшылық қатарын жаңалауға, жастардың жауапты қызметке өсуіне кедергі. Бұл біздің заң түзім жақтағы басты олқылығымыз. Бұл олқылық алпысыншы жылдарда байқалмады. Ол кезде біз әлі де жас едік. Бұл бір адамның мәселесі емес, тұтас түзімдегі мәселе. Әсіресе, біздің бағытымызға - Төртті осызамандандыруды іске асыруға бола ма дегенге қатысты мәселе. Сондықтан, біз секілді жасы ұлғайған  жолдастар қызметтен кету мәселесінде бастамашы болғанымыз жөн.

- Төртті осызамандандыру Қытайға шетел капиталын ала келеді. Мұндайда жекенің қаржы қосуынан сақтануға болмайды. Бұл Қытайда ұсақ капитализімді қалыптастырмай ма?

Дэн Сяопин:

- Сайып келгенде біздің құрылыс бағытымыз - әлі де бұрын Төраға Мао белгілеген өз күшіне сүйеніп өмір сүруді негіз ету. Ал, шеттің көмегіне қол жеткізу - қосымша бағыт. Есікті қаншалықты ашық ұстасақ та, шетел капиталы қаншалықты кіргенмен де, оның ұстайтын үлесі өте аз болады. Біздің жалпылық меншігімізге ықпал ете алмайды. Шетел қаржысын, шетел техникасын қабылдау, тіпті шетелдің Қытайда кәсіпорын құруы бәрі де біздің өндіргіш күштеріміздің өркендеуі үшін толықтырушы ғана болады. Әрине, капитализімнің кейбір жағымсыз нәрселерін де ала келеді. Оны сезіп отырмыз. Бірақ, бұл қорқынышты емес.

Орияна Фалаши:

Сонда Сіз капитализімнің бәрі бірдей жаман емес деп ойлайсыз ғой?

Дэн Сяопин:

- Ненің капитализім болатынын анықтау керек. Капитализім - федолизімнен әбзал! Кейбір нәрселерді капитализімдікі деуге болмайды. Мысалы, техника - ғылым. Өндірісті басқару - ғылым. Бұларды әрқандай елдің, әрқандай қоғамның пайдалануына болады. Біз үздік техниканы, үздік ғылымды, үздік басқару өнерін үйреніп, еліміз үшін қызмет еттіреміз. Ал, бұл нәрселерде таптық мәселесі атымен жоқ.

Орияна Фалаши:

- Жеке мүддені коммунизим де мойындай ма?

Дэн Сяопин:

- Мойындайды. Маркстің айтуынша, социальизм - коммунизімнің бірінші кезеңі. Бұл бір ұзақ тарихи кезең. Еңбегіңе қарай бөлгенде, мемлекеттің, коллективтің, жекенің мүддесін ұштастырғанда ғана белсенділікті қозғауға, өндірісті өркендетуге болады. Коммунизимнің жоғарғы сатысында өндіргіш күштер барынша дамиды. Әркім қабілетіне қарай істеп, қажетіне қарай алады. Адамдардың жекелік мүддесі қазіргіден де көбірек мойындалады.

Орияна Фалаши:

Мао идеясына басқалар да есе қосты дедіңіз. Олар кімдер?

Дэн Сяопин:

- Аға буын төңкерісшілер. Мысалы, Премьер Жоу Ынлай, Лю Шауши, Ду Ды және басқа жолдастар. Бұлардан басқа да бірқыдыру адамдардың қосқан есесі бар. Сақа жолдастардың бәрінің де жасампаздығы, өрісті ойлары бар...

Орияна Фалаши:

- Өзіңізді неге айтпайсыз?

Дэн Сяопин:

- Мені қойшы, мен де азды-көпті жұмыс істедім ғой. Жұмыс істемейтін төңкерісшіл бола ма?

Орияна Фалаши:

- «Төрттік төбе» - азшылық, бүкіл елде өте көп адам оларға қарсы дедіңіз. Бұл аз адам қайтіп Қытайды меңгеріп ала алды? Тіпті, аға буын төңкерісшілердің сазайын тартқыза алды? «Төрттік төбенің» арасында Төраға Маоның әйелі болған соң әрі олардың байланыстары өте жақсы болған соң, Сіздер әлгі тқртеуге бата алмадыңыздар ма?

Дэн Сяопин:

- Бұл фактор да жоқ емес. Мен Төраға Мао қателесті деген едім. Бұл «Төрттік төбеге» жауапты қызмет бергенін де қамтиды. Дегенмен, шынын айтсақ, олар да бір топ - әсіресе, жастардың білімсіздігін пайдаланып, недәуір негізі бар топ құрап алды.

Орияна Фалаши:

- Төраға Мао әйелі Жаң Шиңнің қателіктерін көре тұра, көрмеске салды ма?

Дэн Сяопин:

- Жаң       Шиң Төраға Маоның жалауын бетке ұстап, ойына келгенін істеді. Бірақ екеуінің бөлек тұрғанына көп жыл болған еді.

Орияна Фалаши:

- Біз бөлек тұрғанын білмейді екенбіз...

Дэн Сяопин:

Жаң Шиң Төраға Маоны жалау етті. Төраға да оны дер кезінде тежемей бетіне жіберді. Бұл мәселеде Төрағаның да жауапкершілігі бар. Жаң Шиң әбден бұзылған адам. Ол мыңдаған, он мыңдаған адамға залалын тигізді. Сондықтан ол бастаған «Төрттік төбеге» қандай жаза кессе де артықтық етпейді.

Орияна Фалаши:

- Сізге салса, Жаң Шиңге қандай баға қояр едіңіз?

Дэн Сяу пин:

- Нөлден төмен!

Орияна Фалаши:

- Өзіңізді қалай бағалайсыз?

Дэн Сяу пин:

Мен өзім жуан ортадан табылсам да жаман болмас едім. Бірақ, өмірде бетке салық боларлық іс істеген жоқпын деп айта аламын. Менің сөзімді жақсылап жазып алыңыз, тек, жақсы ниеттен жіберілген қателіктер дегені болмаса, мен де бірсыпыра қателіктер өткіздім. Маоның қателіктерінде менің де үлесім бар. Қателеспейтін адам болмайды. Бұрынғы қателіктердің бәрін Төраға Маоның ғана атына жазу дұрыс бола қоймас. Сондықтан біз оған төтенше әділ баға беруіміз керек. Біз Төраға Маоның бірсыпыра жақсы идеяларына мұрагер болуымыз керек, оның қателіктерін де анық айтуымыз керек!

«Дэн Сяу пин мақалаларынан таңдамалылар»

500-бет,

Ұлттар баспасы «Бежиң)

Дайындаған: А. МҰҚАБАЙ

(Соңы)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435