Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 5479 14 пікір 18 Қаңтар, 2023 сағат 14:46

Өзбекстан: Ресей бізді бопсалап жатыр...

Өзбекстанда 10 қаңтардан бері сақылдаған сары аяздың беті қайтпай тұр. Республиканың электр энергиясымен, газбен қамтамасыз ететін мекемелері бұрын-соңды болмаған мұндай суыққа төтеп бере алмай, істен шыққан. Көпқабатты үйлерде тұратын халық шарасыздықтан далада от жағып, жылынып жүр.

Қаңтардың 16-сында өзбек президенті Шавкат Мирзиеев қысқы маусымға дұрыс дайындық жасамаған Ташкент әкімі Джахонгир Артықходжаевты, Энергетика министрінің орынбасары Шерзод Ходжаевты және «Жылу электр станциялары» кәсіпорнының басшысы Фарход Абдурахмановты қызметінен босатты. Өзбек президенті ел астанасының бас жоспарының жоқтығын сынға алды. Аязды ауа-райына байланысты Өзбекстанның барлық дерлік аймағында, сондай-ақ, Қарақалпақстанда мектеп оқушыларының қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Балабақшаларға да жоспардан тыс демалыс берілген.

Өзбекстанның газға тапшы болып отырғаны бұған дейін де белгілі болған еді. Себебі, Өзбекстан газдың жетіспеушілігінен бірқатар өңірлерде электр қуатын қолдан өшіріп, Ташкент пен Ферғана алқабында газ құю станцияларының жұмысын тоқтатты.

Өткен қараша айының аяғында Ресей Қазақстан мен Өзбекстанға «Газ одағын» құру туралы идея айтқан. Қазақстан Путиннің ұсынысынан бас тартқанын жеткізді. Кейін Өзбекстан тарапы да осылай істеді.

Елдің энергетика министрі Жорабек Мырзамахмудов: «Өзбекстан газ тапшылығын көріп отырса да, ұлттық мүддесіне, экономикасы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіргісі келмейді.  Сондықтан біз газ алу үшін өзге елдің саяси шарттарын ешқашан қабылдамаймыз», - деді ол.

Бірақ Ресей СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин өткен жылдың 26 желтоқсанында ТАСС-қа берген сұхбатында: «Үштік газ одағын құруға айтарлықтай кедергілер жоғын әрі Ресейдің серіктестері осы бағыттағы іс-әрекетке дайын отырғанын», - жеткізген.

«Үштік газ одағын» құру идеясы Ресеймен қатар, біздің әріптестеріміз: Қазақстан мен Өзбекстанның да қызығушылық тудырады. Осы саладағы өзара іс-қимыл энергетикалық қажеттілікті, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзбекстан Республикасының жобаға қатысу, қатыспауына келер болсақ, президент Путин 9 желтоқсанда Бішкекте өткен ЕАЭО Саммиті аяқталғаннан кейін, баспасөз мәслихаты барысында ықтимал энергетикалық альянс құру бойынша жұмыс басталғанын атап өтті. Ресей серіктестері осы бағыттағы бірлескен іс-қимылдарға дайын. Идеяны жүзеге асыру үшін ешқандай маңызды кедергілер жоқ, бірақ, ең алдымен, үлкен жүйелі жұмыс атқарылуы керек. Әсіресе сараптамалық деңгейде. Қазір оны үш елдің құзыретті министрліктері жүргізіп жатыр», - деп айтқан.

«Газета.uz» басылымы бірнеше дереккөзге сілтеме беріп, Ресей «Үштік газ одағын құру» деген желеумен Қазақстан мен Өзбекстанның газ тасымалдау жүйесін иемденіп алғысы келеді. Әсіресе «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры арқылы Қытайға газ тасымалдау құқығын алуды көздеп отыр», - деп жазады.

Басылым мәліметінше, Ресей Өзбекстаннан газ тасымалдау жүйесін «Газпромға» нарық құнымен беруді талап еткен. Осыған ұқсас талап «Қазақгаз» Ұлттық компаниясына да қойылды. Бірақ компания ұсынысты қабылдамаған.

Айжан Темірхан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5477