Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3385 12 пікір 27 Қаңтар, 2023 сағат 13:14

Құлыбаевтар неге қамданып жатыр?..

Ерлі-зайыпты Тимур мен Динара Құлыбаевтар Халық банкіндегі 18,1% үлесін Лондон биржасындағы жеке инвесторларға сатпақ, деп жазады Bloomberg сенімді дереккөздеріне сүйеніп. Құлыбаевтарға тиесілі «АЛМЭКС» холдингінің Халық банкте 69,5% акциясы бар.

«Сатылымның негізгі мақсаты – акциялардың өтімділігін арттыру және акционерлер пулын кеңейту.  Бұл халықаралық қор биржаларында сауда жасайтын эмитенттердің қағаздары үшін тұрақты қалыптасқан халықаралық және қазақстандық тәжірибе. Біз акциялардың өтімділігін арттыруға және Халық банк капиталын ұлғайтуға мүдделіміз», - деп түсіндірді холдинг өкілдері.

«АЛМЭКС» холдингі Халық банкті бақылауға мүмкіндік беретін 51% акцияны өзінде қалдырады. Ал қалған 49% акция жеке инвесторлардың қолында болады және ашық нарықта сатылып жүре береді.

Dala inside телеграм арнасы мұны өте ақылды стратегия деп жазады.

«Халық банкі акцияларын бүкіл әлем бойынша түрлі инвесторлар ұстап отырғандықтан оның халықаралық компания статусы бар. Демек банкке "Жаңа Қазақстан" билігі тиісе алмайды. Ал «АЛМЭКС» банк пайдасынан 51% дивиденд алып отырады. Яғни банк негізгі қожайындарына пайда әкелуін жалғастыра береді», - дейді арна.

Құлыбаев «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері – 2022» рейтингінде бірінші орынға ие. Сондай-ақ, Құлыбаевтар «Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері – 2022» тізімінде екінші орын алады.

«АЛМЭКС» арқылы олар сондай-ақ Altyn Bank-тің 40% үлесіне иелік етеді. Холдинг Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Грузияда жұмыс істейді.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317