Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2966 8 пікір 6 Ақпан, 2023 сағат 13:17

Украина мен Ресей: Араб елдері кімді қолдайды?

Бір жылдың алдында басталған Путиннің аталмыш «Арнаулы операциясы» әлемнің геосаяси, экономикалық жағдайына айтарлықтай әсер етті. Жаһан елдері өзара қақтығысқан ықпалды елдердің арасында еріксіз таңдау жасауға мәжбүр болды. Күніге бес уақ сәждеге бас қойып Жаратушыдан тыныш өмір тілейтін Мұсылман елдері де одан шет қалған жоқ. Әрине қазіргі жаһандану дәуірінде Араб елдері мәзһабы бөлек бауырларын айыптап, өзге діндегі елдерге есігін тарс жауып, құндақтаулы күйде жүре алмасы анық.

Араб әлемі Путиннің озбырлығынан бұрын, «Қытай Ұйғырларға қарсы геноцит жасады» деп коммунистік билікті қатаң айыптаған Трамп дәуірінде таңдау жасауға мәжбүр болған еді. Ақыр аяғында олар мұсылман бауырын емес, экономикалық серіктесі Қытайды таңдады. Украина мәселесінде де Қытайдың аңысын аңдайтыны белгілі еді. Біріккен ұлттар ұйымының отырысында Путиннің басқыншылығын қолдап дауыс берген Сирия, Ираннан басқа Араб елдері аралық позиция сақтап, қалыс қалды.

Батыстың дамыған елдерінің қуатты әскери көмегінің арқасында Украина басым орынға шыға бастаған соң, арасында майданын өзгертіп, бір жаққа құлай жығылмай, Батыстың ыңғайына көніп жатқандары бар. Маракко – Африка елдері ішінен Украинаға әскери көмек атаған алғашқы ел атанды. Бұдан 20 жыл бұрын Беларустен сатып алған T-72 танклерін көмекке берді.

Қаңтардың сегізінде Пәкістанның да Украинаға аса қат болып тұрған зеңбірек оқтарын бергені мәлім болды. Былтыр да оқ-дәрілер бергені айтылады. Ал әлемдегі күллі мұсылмандар тәу етуге баратын араб елдерінің ішіндегі ең «крутойы» Сауд Арабия былтыр қазанда тақуалардың садақасынан жырып Украина еліне 400 миллион адамгершілік көмек берді. Зеленский оған өз алғысын жеткізді.

Әлемді алаңдатқан Украина мәселесінде Араб елдері демократияны желеу еткен Батыстан бұрын Ресеймен, оған астыртын қолдау бітіріп отырған қытаймен экономикалық әріптестігін, энергетика қауіпсіздігін басты орынға қойып отырғаны айдан анық. Орыстың алдында Батыс сыртқа тепкен Иранның да ойлағаны сол екені белгілі. Одан бөлек Израил түйткілінің әсері де бар екені анық. Зеленскийдің нәсілі туралы алыпқашпа әңгімелердің Путиннің аузынан айтылуы да тегін емес екені, психологиялық тактиканың бірі екені ақиқат. Жуықта Иранның уран байытатын, Ресейге көмекке берген дрондары өндірілетін әскери нысандарының бір мезетте атқылануы, ол шабуылға Израильдың басты күдікті атануы, Паластина жағдайының қайта ұшығуы соны аңғартады.

Араб елдерінің ішінен ерекше белсеніп Пәкістанның Украинаға әскери көмекті көбейту себебі де кезекті ұтымды жүріс болғанын айта кету керек. Оқ-дәрінің қарымтасына Еуроодақтан 500 миллион еуро алса, жақында Ресейге сапарлап қайтқан ел министрі экономикалық, әскери селбестікті арттыратын келісімдер жасасып, ежелгі дұшпаны Үндістанға қыр көрсетіп қайтты.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400