Қытай елшісі Чжоу ЛИ. Қазақстанда қытай тілінің мектептерде оқытылуы жыл өткен сайын ұлғайып келеді
Қытайлық «Жэньминь жибао» газетінің 4 наурыздағы санында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжоу ЛИ мырзаның ««Ни хао» - Қазақстанда танымал тіркес» деген тақырыптағы мақаласы жарық көрген екен. Елші мақаласында қытай тілінің Қазақстанда уақыт өткен сайын дамып, танымал тілге айналып бара жатқандығы турасында айта келіп: «Бастауыш және орта мектептерде қытай тілі пәні өтеді. Және оның оқытылуы күн өткен сайын ұлғая түсуде» депті.
Біз Чжоу Лидің мақаласын аударып бері отырмыз.
Abai.kz
Қытайлық «Жэньминь жибао» газетінің 4 наурыздағы санында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжоу ЛИ мырзаның ««Ни хао» - Қазақстанда танымал тіркес» деген тақырыптағы мақаласы жарық көрген екен. Елші мақаласында қытай тілінің Қазақстанда уақыт өткен сайын дамып, танымал тілге айналып бара жатқандығы турасында айта келіп: «Бастауыш және орта мектептерде қытай тілі пәні өтеді. Және оның оқытылуы күн өткен сайын ұлғая түсуде» депті.
Біз Чжоу Лидің мақаласын аударып бері отырмыз.
Abai.kz
Қазақстанда жұмыс істеп жатқаныма үш жылға жуықтап қалды. Осы уақыт аралығында ел ішінде қытай тілінде сөйлейтіндердің, қызығушылық танытатындардың саны өскенін байқадым. Халықаралық істер бойынша жиналыстарда, болмаса көшеде тұрғындар менімен үнемі «Нихао!» деп амандасады. Көбі қытайша түсінбейді. Бірақ, «Нихао!» деп сәлемдеседі. Ең қызығы, әріптестеріңмен қытайша сөйлесіп тұрсаңыз, сол маңдағы әлдебір қазақ күлімдеп қарап, жаныңызға келеді де өзін мазалған сауалдарға жауап алып, сұрақтарыңызға жауап береді және Қытайдан тұрған, оқыған кездерін естеріне алып, әңгіме айтады. Осылайша, Қазақстанда біліміңді көрсету үшін қытайша бірнеше сөйлем айту сәнге айналғанын көруге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстаннан барған 8 мың студент Қытайда білім алып жатыр. 17 млн халқы бар елге бұл аз адам емес. Мен балалары Қытайда оқитын шенеуніктерді, кәсіпкерлерді көп кездестірдім. Тіпті көптеген қазақтар Қытайдағы оқу орындарына түсу үшін қандай өтініштер толтыру керектігін сұрап елшілікке жиі келеді.
Оның үстіне қытай тілін үйрету Қазақстанда жаппай сәнге айналып келеді. 2006-2012 жылдар аралығында Қазақстанда 4 Конфуций институты ашылыпты. Қытай тілі жоғарғы оқу орындарында, бастауыш және орта мектептерде пән ретінде өтіп, оның оқытылуы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Мені таңқалдыратыны - қытай тілінің танымалдылығы ерекше.
Соңғы жылдар бедерінде Қытай экономикасының өсуі әрі еліміздің халықаралық беделінің жоғарлауы және Қытайдың керемет мәдениеті мен күшті тарихы Қазақстандағы қытай тілінің аса танымал болуына әсер етіп отыр.
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар қазақ жастарына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жастар жұмыс тәжірбиесін үйреніп, жұмысқа орналасу үшін де қытай тілін оқып жатыр. Өйткені, жұмыс мәселесі Қытаймен тығыз байланысты.
Қазақстанда Қытай кәсіпорындары күн санап көбейіп келеді. Жұмысшыларды шектеу де өте қиынға соғып тұр. Қазақ қытай компаниясында істейтінін мақтан етеді. Бұл - қытай тілін үйренуге негізгі қозғаушы күшке айналды.
Көп адамдар Қытай мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығының арқасында қытай тілін жақсы көріп кетіп жатыр. Шығыс халқы болғандықтан қазақтар Қытай мәдениеті мен Жібек жолы өркениетіне жақындығын сезеді. Қазақстанда төртінші жыл қатарынан Қытай жаңа жылын қарсы алу мерекесі өтіп келеді.
Алғашқы жылы көрермен көп жиналмағанымен биыл залда ине шаншар орын болмады. Тіпті концертті тікесінен тік тұрып көрген адамдар да болды. Концерт аяқталысымен көрермендер сахнаға барып, әртістермен суретке түсіп жатты. Қазақстан халқының Қытай мәдениетін мойындап әрі бағалайтыны көрініп тұрды.
Ал, Қазақстаннан барып қытай тілін оқып жатқан студенттер үшін қытай тілі - жарқын болашаққа ашылған есік және қытай мәдениетіне саяхат.
Мен қытай ретінде осының бәрін мақтаныш көремін!
Орыс тілінен ықшамдап аударған - Өміржан Әбдіхалықұлы
Дереккөзі: http://silkroadnews.org
Abai.kz