Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 2900 9 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 12:36

«Қытай жазушылары шетінен арақкеш, жалқау...»

Басы: Неміс жазушысы: «Қытайдың қазіргі әдебиеті - қоқыс...»

«Қытайдың қазіргі әдебиеті қоқыс», «қытай жазушылары шетінен арақкеш, мақтаншақ, жалқау, уақытын босқа өткізеді», «қазіргі қытай жазушылары адамның қандай жаратылыс екенін мүлде білмейді», «қытайлық жазушылар көп жазған сайын нашар жазады»... Бұл сөздердің барлығы немістің белгілі синолог ғалымы Гу Биндікі.

Жалғасы...

6

Ваң Цзэнци

Үлкен пері Ваң деп атайды оны. Әдеби сыншылар «жартылай адам, жартылай пері» деп бағалады. Ван Цзэнци 1940 жылдары әдеби ортаға енді. Сол кезде билікке келген жаңа Қытай үкіметі оның жазуына тыйым салған, солай жазуды тоқтатты. Алайда ол 1980 жылдары әдебиет саханасына қайта келді. Ол жақсы шығармаларының көпшілігін 1980 жылдары жазды.

Ол Шэн Суңвеннің шәкірті және Шэн Суңвен шығармасының мұрагері. Шэн Суңвеннің шығармаларын ұнататындарға Ван Цзэнци де ұнайды. Оның «Еркін бағытта жазған романдарын» оқу өте қызықты. Ваң Цзэнцидің әңгімелер жинағын сатып алып оқысаңыз өкінбейсіз. Оның жазғанының бәрі қысқа әңгімелер. Әсіресе «Тыйымдар туралы өсиеттер», «Да Нао хроникалары» және «Суй Ханның үш досы» керемет. 1980 жылдардағы қытай әдебитін Ван Цзэнцисыз елестету мүлде мүмкін емес-ау.

7

Су Тоң

Су Тоңның романдарын «керемет» деп айтсақ жарасады. «Оңтүстікке бар, тоқтама» «Император ретіндегі өмірім» (бірінші рет көргенде, ғаламтор романы деп ойлайсың). Су Тоңның шығармасындағы тірек сөздер «Оңтүстік», «Әйел», «Әдемі».

Су Тоң шығармалары әр қашан адам болмысын бейнелейді. Оның «Көкнәр үйі», «Қызыл ұнтақ», «Топтағы әйелдер мен күңдер» (Чжаң Имоу осы шығарма негізінде «Қызыл фонарды көтеру» деген кино түсірді) және «Әйелдер өмірі» повесттерін оқу керек. Су Тоңның соңғы үш романы: «Бину», «Өзен жағасы» және «Сары торғайдың хикаясы». Бірінші романы онша емес, екіншісі жақсы жазылған. Ал Мао Дун әдебиеті сыйлығын алған  «Сары торғайдың хикаясы» сондай кермет емес, бұл шығарманың дәйектері әлсіз. «Өзен жағасы» мен «Сары торғайдың хикаясы» тым ұқсас. Су Тоңның алдағы туындылары серпіліс жасайды деп сенеміз. «Қаланың солтүстігі» мен «Татуировкалар дәуірі» зорлық-зомбылыққа толы, бұл Су Тоң романдарының тағы бір қырын көрсетеді.

8

Ваң Ани

Ваң Ани «әйел жазушы» деген сөзді ұнатпайды. Ол әйел жазушы емес, жазушы екенін айтады. Кейбір адамдар Ваң Аниді Чжан Айлиннің туысы деп санайды, бірақ бұл мүлде дұрыс емес.

Оның «Мәңгілік өкініші» тамаша роман және оны көп адам оқуы керек. «Тяньшяң» романы жақсы жазылған. Ваң Ани - жалғыздық туралы жазуға өте шебер жазушы. Оның шығармаларындағы кейіпкерлер көбінесе өзін жалғыз сезінеді. Алайда оның романдарын оқығанды ​​онша ұнатпаймын. Өйткені адам психологиялық күй-жайын қатты мыжып жазады. Оның «Кішкентай Баожуаң», «Таусылу», «Кішкене қаладағы махаббат». 2016 жыл Ваң Ани үшін романдар жазған жыл болған сияқты. Соңғы шығармасы «Аноним» жаңа жарық көрді.

9

Чжаң Сянляң

Білімді жазушы, шығармаларының барлығы дерлік мәдени төңкеріс тақырыбын қамтиды. Сонымен бірге ол 1990 жылдардағы нарықтық ағысқа ілесе «теңізге түскен» қаламгердің өкілі, үлкен табысқа жетті. Көптеген адамдар оның романдарын оқыды. Байқауымша оның романдарында өмірден, болмыстан, тірліктен түңілу байқалады.

Оның шығармаларды да көп талас тудырды. Мен «Еркектің жартысы – әйел» деген романын оқуды ұсынамын. Ұнаса жалғасты «Жасыл ағашты» оқуға болады, бірақ оның ең жоғары бағаланған туындысы «Өлім әдеті». Айтпақшы, мен Чжаң Сяньлянның жеке өмірі туралы біраз өсек естідім. Ол кейін кино және телесериялға инвестиция салып, көп ақша тапты.

10

Чжаң Ченчжи

Чжаң Чеңчжи дүңген жазушы, Бейжің униерситетін тауысқан мамандығы археолог. Оның шығармалары өміршеңдікке толы, эмоционалды өршу сезімі бар. Маған оның романдары онша ұнамайды. Ұстамсыз эмоцияларды суреттеуге көп көңіл аударады.

Мұндай сезімді ұнататындар оның «Солтүстік өзен» мен «Қара айғыры» романдарын оқысын. «Рух тарихы» – мұсылмандар өмірін жазған еңбек. Бұл еңбек әрбір мұсылманның отбасында болса дейді, оны қасиетті кітап ретінде бағалаған. Чжан Чеңчжи өзі мұнысын мақтан тұтады.

Жалғасы бар...

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502