Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7080 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 10:07

Колледж түлегі қалай «академик» атанды немесе Жасан Зекейұлын Атамекенге Елбасы шақыртқан ба?

 

Колледж түлегі қалай «академик» атанды немесе Жасан Зекейұлын Атамекенге Елбасы шақыртқан ба?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің назарына!

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің назарына!

ҚР ҰҒА назарына!

Соңғы кездері түрлі саладағы сапа мәселесін жалаң жарнамалардың орны алмастырып кеткені жасырын емес. Дәл сондай жарты әлемге жасаған жарнамасының арқасында жалпақ жұртқа кеңінен танымал болған жалған «академик» Жасан Зекейұлын үміт дүниесінің жетегінде жүрген қауымға қайта таныстыру артық... Сонда да әңгімемізді «ЖАС - АЙ» шығыс-тибет медицинасы орталығының ресми сайтындағы таныстырудан бастауды жөн санап отырмыз.

«Жасан Зекейұлы 1967 жылы маусым айының 3 жұлдызында Қытай Халық Республикасы Тарбағатай аймағына қарасты Толы ауданында дүниеге келген.

1983-1989 жылдары ҚХР СУАР Медициналық Университетінің емдеу факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1989 жылы Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облыстық Күйтін орталық ауруханасынан бастап, 1995 жылға дейін осы орталықта дәрігер-хирург және инемен емдеуші аға дәрігер қызметін атқарған. Хирургиялық ауруларды және операциядан кейін ауруы асқынған сырқаттарды тибеттік емдік тәсілдер арқылы емдеген.

 

Колледж түлегі қалай «академик» атанды немесе Жасан Зекейұлын Атамекенге Елбасы шақыртқан ба?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің назарына!

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің назарына!

ҚР ҰҒА назарына!

Соңғы кездері түрлі саладағы сапа мәселесін жалаң жарнамалардың орны алмастырып кеткені жасырын емес. Дәл сондай жарты әлемге жасаған жарнамасының арқасында жалпақ жұртқа кеңінен танымал болған жалған «академик» Жасан Зекейұлын үміт дүниесінің жетегінде жүрген қауымға қайта таныстыру артық... Сонда да әңгімемізді «ЖАС - АЙ» шығыс-тибет медицинасы орталығының ресми сайтындағы таныстырудан бастауды жөн санап отырмыз.

«Жасан Зекейұлы 1967 жылы маусым айының 3 жұлдызында Қытай Халық Республикасы Тарбағатай аймағына қарасты Толы ауданында дүниеге келген.

1983-1989 жылдары ҚХР СУАР Медициналық Университетінің емдеу факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1989 жылы Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облыстық Күйтін орталық ауруханасынан бастап, 1995 жылға дейін осы орталықта дәрігер-хирург және инемен емдеуші аға дәрігер қызметін атқарған. Хирургиялық ауруларды және операциядан кейін ауруы асқынған сырқаттарды тибеттік емдік тәсілдер арқылы емдеген.

Пекин, Тянжин қалаларында білімін жетілдірген. 1994-1995 жылдар аралығында Іле Қазақ автономиялы облысы Орталық емханасының хирургия бөлімінің бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалған. Осы жылы тибет медицинасына сіңірген ерекше еңбегі үшін ҚХР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Жоғары білікті аға зерттеуші-дәрігер» атағына ие болды және Алтын инемен емдеу халықаралық ғылыми-зерттеу қоғамына мүшелікке өтіп, ҚХР Денсаулық сақтау ісі бойынша, мемлекеттік 100 үздік жас маманның бірі болып қабылданды. 1996 жылы тарихи отанына оралды.

1996-1997 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің орыс тілі кафедрасында, орыс тілінен білім алды. 1998 жылы желтоқсан айында Халықаралық инемен емдеу Академиясының Академигі болды.1998-1999 жылдары ҚазМУ «Хирургиялық сырқат» кафедрасының аспиранты болып білім жетілдірді. 1999 жылдан бастап, 2004 жылға дейін Алматы қаласының №12 клиникалық қалалық орталық ауруханасында Шығыс-тибет медицинасы мамандығы бойынша, аға дәрігер қызметін атқарды. 2004 жылы «Жас-Ай» медициналық орталығының негізін қалап, бүгінгі күнге дейін осы мекеменің директоры, бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

Жасан Зекейұлы медицина ғылымдарының докторы, профессор. Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Вена Халықаралық Университетінің «Құрметті профессоры». Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің үздігі. Халықаралық «Сократ» атындағы өрденнің иегері, «Жас-Ай» журналының Бас редакторы. «Өмірді қорғау» қайырымдылық қорының құрылтайшысы. Бірнеше медициналық ғылыми еңбектердің, медициналық екі патенттің иегері.» ( JASAI.KZ)

Жасан Зекейұлының «таңғажайып табыстары» жәйлі Мұрат Жұрынов, Тоқан Сұлтанәлиев, Ғарифолла Есім, Зиядан Қожалымов қатарлы аузы дуалы академиктер мен Шерхан Мұртаза, Уәлихан Қалижан, Бақытжан Ертаев бастаған бір топ қоғам қайраткерлері де ыстық лебіздерін білдіріпті. Ақындарымыз да қарап қалмапты, Тұманбай Молдағалиев, Марфуға Айтқожина, Жәркен Бөдеш, Гүлнар Салықбай сынды көрнекті ақындарымыздан бастап, Қайрат Құл-Мұхаммед,  Жәди Шәкен қаламгерлер де мадақ жырларын аямай арнапты...

Мынадай мақтау-марапат пен атақ-даңққа қолы жеткен «ақ халатты абзал жан» жәйлі басқаша пікір жазудан кісі қаймығады екен. Бірақ мәселе адамдар үшін ең қымбат байлық - денсаулық пен өмір жәйлі болған соң нағыз шындықты біле тұра үнсіз қалуға да арың шыдамайды екен.

Жасан Зекейұлы жайында кейбір журналистер тарапынан көпірме мақтаулар қөп айтылған сайын, ол кісі жайлы түрлі жайсыз әңгімелер де жұрттың аузында аз емес. «Академик» дәрігерге қаралудан бастап, ем қабылдаудың қымбаттығы, аурудан шындап  айығатындардың аздығы, Қытайдан заңсыз жеткізілетін дәрі-дәрмектердің науқастарға орынсыз тықпаланатындығы және бас айналдырар осынша ғылыми дәреже мен атақ-даңққа қалай жеткендігі жайлы да күдік-күмәндар жетіп артылады.

Сосын адам өміріне тікелей ықпалы сала болғандықтан бірнеше сауалға жауап іздеу және ақиқатына көз жеткізу мақсатында Жасан Зекейұлы жөнінде журналистік зерттеу жүргізуге бел будым. Қытайлар ежелден жазба мұрағаттарға ұқыпты халық қой. Жасан Зекейұлының жеке мұрағаты Қытайдың Іле қазақ автономиялы облыстық Күйтін орталық ауруханасының мұрағат қорында толығымен сақтаулы екен.

Мұрағат қорында Жасан Зекейұлының 1989 жылы 20 қыркүйекте өз қолымен жазылған: «Мен 1968 жылы қазіргі Тарбағатай аймағы Толы ауданында 6-айдың 3-күні дүниеге келдім» - деп басталатын өмірбаянында 1974-жыл 9-айдың 1-күні бастауыш мектепке барғандығы,

1980-жылы қазіргі Толы аудандық 1-ортаға түскендігі

1983-жылы комсомол қатарына өткендігі және оқуда озат болып үнемі «үште жақсы» оқушы болып сыйланғандығы,

сөйтіп 1985-жылы шілде айында орта мектепті жақсы нәтижемен тамамдағанын баяндай келіп: «1985-жылы 9-айдың 26-күні даңқпен осы қазіргі Іле медицина мектебі дажуан (арнаулы курс) дауалау сыныбына оқушы болып қабылдандым» - дейді де,

осы медициналық колледждің қабырғасында өткен 4 жылдық өмірі жәйлі есеп береді. Және өзінің елдегі саяси өмірге де бейжай қарамайтындығын да ашық мәлімдейді. Мысалы, 1989 жылдың маусым айында қызыл коммунистердің бейкүнә студенттерді қызыл қанға бөктірген «Тяньаньмэнь» алаңындағы қатыгез қылмыс жайлы: «Жақында туылған орталықтағы дүрбелеңге қарата қатты кектендім. Сондай-ақ, орталық комитеттің дер кезінде кері төңкерісшілерге қарата пәрменді шараларға барғандығына, партияның, отанның, халықтың тағдырын қорғап қалғандығына қатты әсерлендім» депті ағынан жарылып. Жастардың қырылғанына қуаттағай келе,

алты беттен тұратын өз қолымен төте жазуда жазылған өмірбаянын: «Біз нағыз партия мүшесіндік атқа ие болып, ұлы компартиямыздың бір мүшесі болып қабылдандым.» деп аяқтапты.

Өз қолымен толтырылған бұл мұрағат құжаты Жасан Зекейұлының «1983-1989 жылдары ҚХР СУАР Медициналық Университетінің емдеу факультетін тәмамдағандығы» өтірік екенін растайды. Демек, ол бар болғаны медициналық колледждің арнаулы курсының қатардағы түлегі. Әрине, талапты және қоғамдық жұмыстарға белсенді болғандығын осы мұрағат құжаттардағы коллеждегі оқуын аяқтар кездегі толтырылған анкеталарда жазылған төрт жылда жеті рет сыйланғаны және өз сыныптастары мен сынып жетекшісі Салауат деген ұлты ұйғыр ұстазының мінездемелері айғақтайды.

Тағы бір айта кететін жағдай 1983 жылы Жасан Зекейұлы Толы аудандық 1-орта мектепте оқып жүрген 15 жастағы бозбала, бірақ өз аузынан айтылған: «1983 жылдары Қытайдағы медициналық университеттің емдеу факультетінде оқып жүргенімде бар күш-жігерімді қазағыма арнасам деп ойлаушы едім.» ( «Жас-Ай» жорналы  N 5(14) 2011ж.) - деп басталатын сұхбатында айтқандары  шылғи өтірік екендігін осыдан 24 жыл бұрын өз қолымен жазған мұрағат құжаттар айғақтайды. Кейіпкеріміздің өзі жайлы жалған «ертегісісі» мұнымен аяқталмайды. Енді ретімен осыған тоқталайық.

Еңбек жолын 1989 жылы Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облыстық Күйтін орталық ауруханасынан бастаған Жасан Зекейұлы, 1996  жылдың басына дейін табан аудармай осы орталықта еңбек етеді. Бірақ өзі айтқандай: «осы орталықта дәрігер-хирург және инемен емдеуші аға дәрігер» емес, практикант болып жұмысқа қабылданып, бір жылдық сынақ мерзімі аяқталған соң, 1990 жылдың 25 желтоқсанында ең төменгі 8-дәрежелі қызметкер атағы беріліп, айлық жалақысы 126 юаньға өсіріліпті.

Және осы дәрежесі 1992 жылдың шілде айына дейін созылған. Бұл сөзімізге ол кісінің жеке мұрғатында сақталған, 1989 жылдың 23 қазанында алғаш жұмысқа қабылданған күні толтырылған төмендегі анкета  мен

1992 жылдың 3 шілдесінде фельдшер атағын алуға жасаған өтініш хаттамалар дәлел бола алады. Бір қызығы жұмысқа қабылданған күннен бастап Жасан Зекейұлының  туылған жылы 1967 жыл болып жазылыпты...

Өз қолымен жазылған осы хаттамада: «Мен емханаға жұмысқа қабылданғаннан қазірге дейін бадамша безді кесіп алу (тонзиллэктомия), эпитнлий жасушасында өсетін қатерсіз ісікті кесіп алу (полипэктомия), мұрынның жоғары қойнауындағы  іріңді тесіп алу (пункцию верхнечелюстной пазухи), соқыр ішек (аппендэктомия), геморои,  қолтықтың қолаңса безін алу және сүндетке отырғызу қатарлы  операцияларды жасай алатын және ауру тарихын жаза алатын жағдайға жеттім» - делінген.

Мұнда «хирургиялық ауруларды және операциядан кейін ауруы асқынған сырқаттарды тибеттік емдік тәсілдер арқылы емдегендігі» жайлы бір ауыз сөз жоқ. Ал, өзі еңбек еткен бөлімнің 1992 жылы 7 шілдедегі қорытынды пікірі былай жазылған: «Өз мамандығы бойынша негіздік теориямен таныс. Шамалы техникалық шеберлікті меңгерген. Ауру тарихын жазу мен күнделікті кездесетін науқастарға ем жасай алады. Қарапайым операцияларды жасауды негізгі жақтан меңгерген. Жұмыс қабілеті жақсы. Орыс тілінен әліппелік негіз қалаған. Арнаулы курс бітіргеннен кейінгі жұмыс тәжірибесі фельдшер атағын беруге лайық».

Сол кездегі емхананың бас дәрігері Шүй Шаңчуан да сол жылдың 11 шілдесінде жоғарыдағы берілген бағаны құптайтындығын жазып, қолын қойыпты. Мұрағатта 1996 жылдың 10 ақпанында толтырылған 1995 жылға арналған жұмыс қортындысында да сол баяғы фельдшерлік дәрежесі көрсетілген. Біліктілігіне байланысты ұжымдық баға да көңіл көншітпейді. Мұнда: «Өзінің біліктілігін жетілдіру арқылы көкірек сыртқы аурулар бөліміндегі үнемі кездесетін науқастарға және салмақты науқастарға диагноз қойып, емдей алатын деңгейге жетті» - деген баға берілген.

Бұл Жасан Зекейұлы Қазақстанға қоныс аударардан бір ай бұрын ғана жазылған қортынды құжат.

Ал «академиктің» жеке мұрағатынан «Пекин, Тянжин қалаларында білімін жетілдірген. 1994-1995 жылдар аралығында Іле Қазақ автономиялы облысы Орталық емханасының хирургия бөлімінің бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалған. Осы жылы тибет медицинасына сіңірген ерекше еңбегі үшін ҚХР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Жоғары білікті аға зерттеуші-дәрігер» атағына ие болды және Алтын инемен емдеу халықаралық ғылыми-зерттеу қоғамына мүшелікке өтіп, ҚХР Денсаулық сақтау ісі бойынша, мемлекеттік 100 үздік жас маманның бірі болып қабылданды» - дегенге дәлел боларлық бір де бір құжат жоқ.

Мұрағаттағы деректер толық болмауы мүмкін деуге де негіз жоқ. Себебі, он бөлімнен тұратын мұрағат құжатында  кейіпкеріміздің жұмысқа қабылданған алғашқы айда 98 юань 50 тиын жалақы алғандығынан тартып, жұмысқа келген немесе белгілі себептермен жұмысында болмағандығы жайлы, тіпті  сырнай тартып, спортпен айналысатындығына дейін егжей-тегжейлі қағазға түсірілген. Мұнда  Жасан Зекейұлының адами келбетін ашатын мына бір құжатты да кездестіріп  жағамызды ұстадық.

«Іле қазақ автономиялы обылыстық Күйтін доқтырханасының құжаты (шешімі) 1995 жыл №35» - делінген мұрғатта: «Жасан жолдастың өз бетімен ақша алған (науқастардан) мәселесі жайлы шешімі» - деп аталады. Толық мәтіні былай: «Ли фамилиялы науқастың мәлімдеуінше 1995 жылы 7 айдың 19 күні түстен бұрын Жасан жолдас емханада науқасқа операция жасау орайын пайдаланып, одан 85 юань ақша бопсалап алған. 7 айдың 19 күні түстен кейін емханамыз партком кеңсесі, дауалау бөлімі, қазыналық бөлім бірлескен тексеру тобын құрып тексеру жүргізді. Бөлімдегі қатысты куәлер мен айғақтарды тексеру барысында Жасан жолдастың науқас адамнан өз бетімен ақша алғандығы дәлелденді.

Осы жағдайдан соң Жасан жолдас Ли фамилиялы науқасты қайта-қайта мазалағанымен қоймай, бүкіл емханамызға «істің шындығы» деп аталатын жазбаша хабар таратып, ұжымдық тәртіпті өрескел бұзды. Жасан жолдастың өз қателігін тану мәселесіне байланысты емхана басшылығы мен бірлескен тексеру тобындағы жолдастар Жасан жолдасқа көп рет тәрбие беріп көмектесуінің арқасында ол өз қателігін біртіндеп мойындады және қайталамауға уәде берді. Автономиялы райондық денсаулық сақтау меңгермесінің 1995 жылғы «Денсаулық сақтаушы қызметкерлердің моралдық этиканы бұзғандарды жазалау шарасы» жөніндегі № 10 шешімінің 5 тармағына сәйкес, тәрбие беруде қатаң, жазалауда байыпты болу жағдайына сай, жаза басушы өз қатесінен сабақ алып, қайталамауы ескертілді. Жасан жолдастың өз қателігін тану мәселесіне байланысты мынадай шешім шығардық:

  1. Жасан жолдастың кінәсына байланысты бүкіл емхана бойынша сөгіс жариялансын.
  2. Тексеру барысындағы (7 айдың 20 күнінен 8 айдың 20 күніне дейін) қосымша ақысы ұстап қалынсын, 50 юань айыппұл төлесін.
  3. Жасан жолдас ми сыртқы аурулары, көкірек сыртқы аурулары бөлімдеріне жұмысқа қайтарылсын.

Іле Қазақ автономиялы облыстық  Күйтун орталық ауруханасы

1995 жыл 9 айдың 6 күні»

 


Қашан да науқас жандардың жанынан табылуға тиіс коммунист-фельдшердің ұятты тірлігі билік басындағы партияның беделіне кір келтіретіндігі шындық. Сонда да, партия ұйымы оның партия қатарына қабылданарда 1987 жылдың 7 сәуірінен бастап, екі жылдан аса үзбей жазып, қайталай беретін: «Бүкіл ынта-пейіліммен халық үшін қызмет істеймін. Халқым үшін өзімде бардың бәрін де құрбан етуге әзірмін. Адамзат баласы үшін ең асқақ мұрат - коммунизим үшін, сотциалистік түзім үшін ғұмыр бойы күресемін» - деп ант-су ішкен  уәдесіне қатты сенген болуы керек, ол кісіні партия қатарында қалдырыпты. Тіпті, тарихи отанына қоныс аударып кеткен соң да қимастық сезіммен ұзақ күткенге ұқсайды.

Мұрағат құжаттарда 2000 жылдың 30 қыркүйегінде «академик» еңбек еткен аурухананың патия ұйымы Жасан Зекейұлын патия қатарынан шығару жөніндегі қаулысы тіркеліпті. Онда: «Жасан Зекей, ұлты қазақ, 1968 жылдың маусым айында туылған. 1989 жылдың қыркүйек айында партия қатарына қабылданған. 1996 жылы наурызда Қазақстанға туысшылап кеткеннен күні бүгінге дейін қайтып оралмады. 1996 жылдың қараша айынан бері патия ұйымымен ешқандай байланысы жоқ.

Қытай коммунистік партиясының жарғысы 1-тарауының 9- бабына сай алты ай бойы партияның ұйымдық тұрмысына қатыспаса, немесе партия жарнасын төлемесе партия қатарынан шығарылатындығы» жазылыпты. Бір қызығы, аталған себеппен алты айдан соң патия қатарынан шығарылуға тиіс Жасан Зекейұлы ол жақтағы партия ұйымынан 54 ай, яғни аттай 4 жыл өткен соң ғана шығарылған. Неге? Шекарадан ұшқан құсты бақылап отыратын Қытай мемлекеті Жасан мырзаны не үшін 4 жыл бойы ұстаған? Ол елге келген соң емдік мәселелерден бөлек нендей шаруамен айналысты? Бұл - қауіпсіздік саласының айналысатын шаруасы...

Біз куә болған және Қытайдағы  білікті қазақ мамандарының сараптап, аударып берген архив құжаттарының ұзын ырғасы осылай.

«Акедемик» мырза «Орал өңірі» газетіне берген сұхбатында: «Қытайда медицина мамандарын даярлау барысында ине салу, шөппен емдеу секілді уақыт сынынан өткен әдіс-тәсілдерге жете мән беріледі. Осы бағытты жеті атасынан бері ұстанып келе жатқан әрі осы саланы індете зерттеп, бірнеше кітап жазған Құң Сұн деген керемет ғалым-дәрігер бар. Оның мыңдаған шәкірттерінің ішіндегі жалғыз қазақ - мемін» - дейді.

Ал «Жас-ай» журналына берген сұхбатында: «Аталмыш ілімнің түп-тамырына дейін зерттеп том-том кітап жазумен қатар, мыңнан астам шәкірттер тәрбиелеген Ли Жи Сун деген ғалым-дәрігер кісі. Жасы тоқсанға келсе де, алтын иненің құдіретін әлемге танытудан жалықпаған ұстазымның қазақтан шыққан тәлімгері тек мен ғанамын» - депті. Ал «Қазақ радиосында»: «Жасы 93-ке келген, жеті атасынан бері осы саланы зерттеген маман» - депті. Ғұлама ұстаздың аты мен жасы қалай құбылса да, біз сұрау салған Қытайдағы әр ұлттан шыққан осы саланың майталман мамандары әлгі Жасан Зекейұлының «ғұлама ұстазы» жайлы білмейтін болып шықты.

Ал «академик» өзін «мүшесімін» деп санайтын «Халықаралық инемен емдеу Академиясы» жайлы сауалға тіпті аң-таң болып:  «Аталған ілімнің отаны болған Қытайда инемен емдеу ғылыми қоғамы бар, бірақ ол қытай  емшілік Академиясына қарайды. Қытай емшілігі ұзақ тарихқа ие тәжірибе жүзіндегі ілім болғандықтан, бұл салада академик атағы ешкімге берілмейді» - деген кесімді жауап берілді. Ал бізде Жасан ағамыз мұндай атаққа 1998 жылы  ҚазМУ «Хирургиялық сырқат» кафедрасының аспиранты болған жылдың өзінде-ақ алып үлгеріпті...

Біз тағы «алтын ине» деп аталып кеткен қытай медицинасында қолданылатын ине жәйлі да сұрастырдық. Себебі, Жасан Зекейұлының алтын ине жайлы берген түсініктемесі де әр жерде әртүрлі айтылады. «Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Алтын ине және күміс ине деген болады. Ол инелердің құрамына, шынында, белгілі мөлшерде алтын, күміс қосылады» - десе, «Қазақ радиосына»: «Бұл инені Қытай халқы әлемдік стандарт бойынша жасап жатыр. Иненің 80 пайызы күмістен, 10 пайызы тазартылмаған мыстан,1/2 пайызына алтын жалатып жасалады. Сондықтан халқымыз жеңіл түрде алтын ине атап кетті» - депті.

Біз сауал жолдаған Қытайдағы инемен емдеудің жілігін шағып, майын ішкен маман дәрігерлер бір ауыздан «иненің құрамында алтын бар» деген пікірді басыбүтін жоққа шығарды. Және ол жақта мұндай инені «алтын ине» деп атамайды да екен. Әрине, 80 пайызы таза күмістен, қалған 20 пайызы қызыл мыс, мырыш және никель қоспасынан жасалатын инелер болады.

Бірақ, мұндай инелердің әр талы 45 - 55 юань болатындықтан,  аз сандағы ауқатты адамдар ғана тек өздері үшін пайдаланады. Оны екінші бір адамға қоюға қатаң шектеу қойылады. Себебі, гепатит, спид қатарлы жұқпа науқастар қатарынан көптеген адамдарға қойылатын  инелердің кесірінен кең таралу мүмкіндігін ескеріп, 2002 жылдан бері бір мәртелік инені пайдалануға ғана рұқсат етіліпті. Мұндағы стандартты ине аустентті тот баспайтын болаттан жасалады екен. Оның құрамы да біркелкі,  болаттың құрамына 18 пайыз  хром (Cr), 8 - 10 пайыз никель(Ni) және 0,1 пайыз көміртегі ( С ) қосылу арқылы жасалады екен.

Ол кісінің осындай қисынға келмейтін пікірлері мен өзі туралы қым-қиғаш мәліметтерден кейін мың сан сұрақ өзі келіп санаңды жегідей жейді екен.

Жоғары білімі жоқ,  Қытайдағы Іле медициналық колледждің арнаулы курсын ғана тамадаған қатардағы түлегі қалай ҚазМУ «Хирургиялық сырқат» кафедрасының аспиранты атанды? Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін ғылымға қосқан қандай ерекше еңбегі үшін алды? Орыс тілінен шала сауатты адам Мәскеу қаласында медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қалай қорғады? Бұл сауалдарға Білім және Ғылым министрлігі, ҚР Ғылым академиясы жауап беруі тиіс.

«Халықаралық инемен емдеу Академиясы»  қандай академия? Қалай, қашан және қайда құрылған?

Ең қызығы, Жасан Зекейұлы әртүрлі сұхбаттарында «мен атамекенге Елбасының бұйрығымен, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің шақыртуымен келдім» дегенді жиі айтады. Және өзінің өмірдерегіне де қосыпты. Осындай қатардағы адамды ат жіберіп алтыратындай Елбасы оған зәру ме еді? Шақырту керек болса бұл күндері әр салада оза шауып, қазақтың атын шығарып жүрген небір талантты саңлақтарымыз жетіп артылады.

Әртүрлі орталарда жүретін, қоғам және мемлекет қайраткерлерімен, елге танымал тұлғалармен жанасып суретке түсу арқылы өз «имиджін» жасауға шебер Жасан мырза осы аталған сұрақтарға жауап берсе, осыдан туындайтын көкейдегі өзге сауалдарды тағы қоятын боламыз...

http://www.ult.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963