Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 3282 11 пікір 22 Ақпан, 2023 сағат 15:49

Оразбаевтың орысша жауап бермеуі осалдығы емес!

Журналистермен жүздесетін кезде талай шенеуніктердің бірде оқыстағы сөзі, біресе, жүре жауап беретіні, я болмаса, сұраққа тура жауап бермей алыстан орағытып отыратын қылығы сияқты небір «хитқа» айналған хикаяларын көріп жүрміз.

Ал бүгін облыс орталығы Семейдегі Коммуникациялар Қызметі орталығына келіп БАҚ өкілдерімен кездескен Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының бір қазақылығына разы болдық.

 

Жиын басталғаннан тек қана қазақша көсілген Оразбаев аудан тіршілігіне, дамуына қатысты қарапайым түсінік берді. Проблемаларды да жасырған жоқ. Алайда, сұрақ қою кезегі тигенде жергілікті басылымда істейтін орыстілді қазақ әріптесіміздің бүйректен сирақ шығарып, орысша сұрақ қойғаны қызық болды. Әкім сасқан жоқ.

- Айналайын, осы жерде өңшең қазақ отырмыз. Мен де сізге Шиповский (Мәжіліс депутаты болған) сияқты қазақша жауап берейін, - деп тағы да еркін төгіліп сала берді.

Сырт қарағанда «әкетіп бара жатқан» оқиға болмауы мүмкін. Бірақ, Ділдәбек Тәжібайұлының осы бір ұстанымына қарап отырып, «болсайшы, әкімдердің бәрі осындай» деген ойға тірелдік.

Орысша сұраққа қазақша жауап беруі Көкпекті ауданы әкімнің осалдығы емес. Қайта қазағының тілін, намысын құрметтейтіндігі емес пе?!

Сәтжан Карипбаев,

Семей қаласы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371