Сенбі, 23 Қараша 2024
2087 1 пікір 22 Ақпан, 2023 сағат 16:57

2022 жылы Қазақстандағы автокөлік нарығы қалай дамыды?

Елдегі автокөлік нарығы бойынша  жаһандық салалық мәселелерге  қарамастан сатылымда өсім жоқ емес, бар. Байқасаңыз, соңғы жеті жылда нарықта көлік сатылымы тұрақты түрде өсіп отырған.

2022 жылдың 24 ақпанынан кейін көп нәрсе өзгерді. Халықаралық қатынастар, логистика, баға, базалық мөлшерлеме және бизнес те өзгерді. Геосаяси жағдайдың турбуленттігі өзгеден гөрі, көлік нарығының кейбір сегменттеріне ауыр тиді. Көлік нарығы сарапшылары, нақтырақ айтсақ, Артур Мискарян қазіргі ахуалдың негізгі үш себебін атады.

Біріншіден, логистиканың күрделене түскені бар. Екіншіден, жартылай өткізгіш материалдар тапшылығы. Үшінші себеп, Қазақстанға ғана қатысты. Дәлірек айтсақ, 2022 жылдан бастап Ресейге экспорттаған жеке тұлғалардың көлігінің саны арта түскен. Ал бұрынғыдай Ресейден әкелетін көліктердің саны азайған. Сарапшының айтуынша, соңғы бірнеше жылда елдегі автокөлік нарығы 60-тан 40-қа дейінгі арақатынаста жаңа көлікпен қамтылған. Яғни, оның 60%-ы – Қазақстанда шығарылған көліктер. Ал 40%-ы негізінен импорт, онда да оның басым бөлігі Ресейден әкелінген. Бірақ 2022 жылы шарттарға өзгеріс енді. Енді Ресей жаңа көліктерін экспорттамайтын болды. Бірақ қатарынан импорт тізбегін қолдана отырып, белсенді түрде сата  алатын болды.

Соған қарамастан, жылдың қорытындысы бойынша елдегі автокөлік нарығы оң динамика көрсетті. Жаңа көліктердің сатылымы бір жылда 5,3%-ға ұлғайды. Сол аралықта керісінше, әлемдегі көлік өнеркәсібінде сатылым деңгейі түсіп кеткен. Мысалы, 2021 жылы дүниежүзінде 81 миллион жаңа көлік сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 0,6%-ға азайғанын көрсетеді.

Әлемдік нарық

Өткен жылы Қытайда жаңа көліктер сатылымы 2017 жылғы 28,6 миллионға жеткен рекордтық көрсеткішіне сәл ғана жетпей қалыпты. Яғни 2021 жылға қарағанда 4,4 пайызға көтеріліп,  26,6 миллионға дейін жеткен. Ал Еуропалық бизнес қауымдастығының (AEB) 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы ресми мәліметі бойынша, Ресейде жаңа жеңіл және коммерциялық көліктердің сатылымы 61%-ға азайған. Сонда Ресей 11 айда бар-жоғы 550 мың ғана жаңа көлік сатып ала алған.

Біріншіден, көлік таңдап алуға мүмкіндік азайған. Қытайлық көліктердің түр-түрі көбейгенімен, оларды сатып алушылардың көпшілігі танымал брендтерге балама ретінде қарастырмайды. Екіншіден, бағаның қымбаттауы сатып алу белсенділігін бәсеңдетіп жіберді. Оған қоса, жыл соңында Ресей нарығы он екі бірдей маркісін жоғалтты және ондағы 6 зауыт үзіліс жасап, жұмысын әзірге тоқтатты.

Америка Құрама Штаттарында жағдай соншалықты қиын емес. Дегенмен сатылымның азайғаны байқалады. Өйткені жаңа көліктің сатылымы 7,8%-ға (13,7 млн ​​бірлікке дейін) төмендесе, Батыс Еуропада – 6,2%-ға (11,6 млн көлік) азайған. Ал Жапонияда ең төменгі көрсеткіш – 1977 жыл. Сол кезде 4,2 млн-ға көлік сатылған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда, 5,2%-ға аз,  4,2 млн көлік сатқан (Сатылымның төмендеуі төрт жыл қатарынан үзілген емес).

2022 жылы Шығыс Еуропаның автокөлік нарығындағы сатылым 26,8%-ға төмендеп, 3 миллиондай ғана көлік сатылған. Бұл төмендеу негізінен Ресейдің Украинаға әскери басып кіруінен туындап жатқаны белгілі.

Ал Қазақстандағы ахуал қандай?

Қазақстан автобизнес қауымдастығының (AKAБ) мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда 123 778 жаңа, әрі  коммерциялық көлік сатылған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 6 179 бірлікке немесе 5,3%-ға артық. Ең қызығы, 2018 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде нарықтың орташа жылдық өсу қарқыны 24,2% жеткен.

«Нарық динамикасын ұстап тұруы, негізінен 2022 жылдың басында ресейлік зауыттардан жеткізілімдердің кенеттен тоқтатылуына  байланысты. Атап айтсақ, Toyota, Volkswagen, Nissan, Mazda сияқты бренд көліктердің бәрі Ресейден шығарылды. Соның арқасында бұл зауыттар Ресейдің өзін ғана емес, ТМД елдерінің нарығын да көлікпен қамтамасыз етті», – деді Артур Мискарян «Курсивке» берген мәлімдемесінде.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметі бойынша, премиум сегменті бір жылда 14%-ға көбейген. Мәселен, 2021 жылғы 4 577 автокөліктен 2022 жылы 5 229 автокөлікке дейін. 2022 жылы 27,7 пайызбен нарықта ең көп сатылатын көліктердің ондығында біріншілікті – Chevrolet иеленді (өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 34 289 бірлік, яғни 17,8%). Екінші орында – Hyundai, 28 864 көлік сатылған және нарық үлесі 23,32% (+27%). Үшіншісі, Kia – 14 421 бірлік. Төртінші орында – Toyota (9 622 бірлік; -30,5%). Lada әлі де бесінші орынды сақтап тұр (7 386 бірлік; -21%). Сатылымға шыққан Chery алғашқы жылында-ақ (4 464 бірлік) алтыншы орынды иеленді. Ал сатылым көлемі бойынша Jac маркісі – жетінші орында тұр. Автокөліктері – 3 371 бірлік; +22,9%. Үздік ондықты Lexus – 2540 бірлік (+44,6%), Exeed (1876 бірлік) және Haval (1500 бірлік; +24%) брендтері жауып отыр.

Жалпы, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың он екі айында Қазақстанда 113 925 дана  баршаға арналған қоғамдық көліктер шығарылған. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда, 21,9%-ға артық өндірілген. Көлік өнеркәсібінің жалпы нәтижесі ақшамен есептегенде, өткен жылдың сәйкес нәтижесінен асып түсті, яғни 1,2 триллион теңгеге жетті.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371