Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 4206 14 пікір 23 Ақпан, 2023 сағат 14:10

Ресей-Украина: Біз ешкімнің жағына шықпаймыз!

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Қазақстан әскерилері қатысатын Беларусьтегі оқу-жаттығуға байланысты сұрақтарға жауап берді.

«Біздің офицерлер қазіргі таңда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрамында бар. Олар қазір қандай жағдай болатынын, қандай тематика болатынын қарап жатыр. Бірақ егер ол (оқу-жаттығу) бізге жақпайтын болса, біз қатыспаймыз», - деді Камалетдинов Сенат кулуарында.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың кездесуінен кейін, биыл Беларусь аумағында «Взаимодействие», «Эшелон» және «Поиск» атты үш оқу-жаттығу өтетіні белгілі болған.

Сұлтан Камалетдинов Қазақстан президентінің бұған дейін соғысқа қатысты нақты позициясын білдіргенін атап өтті.

«Бұл расында да біздің бауырлас халықтардың трагедиясы. Бірақ біз олардың бір жағына шығуды ойымызға да алмаймыз. Ресей тарапы бізге көмектесіңдер деп жүгінген емес. Бұл – солардың қақтығысы», - деп түйді Камалетдинов.

Айжан Темірхан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320