Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4743 0 пікір 5 Сәуір, 2013 сағат 07:30

Шәріпхан Қайсар. Кирилше СМС жазу екі есе қымбат

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі орыстарды да ойға қалдыруда. Ресейлік «үлкен үштік» саналатын мобилдік байланыс операторлары Федералдық антимонополиялық қызметінің (ФАҚ) «Кирилше жазылған SMS-хабарлама үшін латыншадан гөрі неге екі есе қымбат төлейді» деген сауалына жауап жолдапты.

МТС, «Вымпелком» және «МегаФон» бірауыздан былай жауап беріпті: SMS-хабарлама  жөнелту жүзеге асырылатын арналмаға (спецификация) сәйкес мұндай хабарлама ұзындығы 140 байтпен  шектеледі; әрбір ағылшын таңбасы  - 7 битпен кодталса, латын негізді басқа диакритикалық (өңдемесі бар латын қарпі) әліпби әріптері - 8 битпен, ал қалған барлық таңбалар, соның ішінде кирилше қаріптер де бар - 16 битпен кодталады. Басқаша айтқанда, бұл шектеулі «жолға» сәйкес түрде -  160 латындық, 140 диакритикалық және 70 таңбалы крирлше сөз сыяды дегенді білдіреді. Сөйтіп, SMS-хабарламаның кирилше шектеулі ұзындығы - 70 таңба, ал латынша хаттың ұзындығы - 160 таңбадан тұрады. Бұл дегеніміз - 160 ағылшын қаріпті сөздің орнына 70 қана кирилше таңбаланған сөзді сыйғызасыз әрі ол үшін  2 есе қымбат төлейсіз!

Бұл мәселе ресейлік азаматтарды екі есе шығындануға мәжбүр етеуде. 2011 жылдың 1-тоқсанында ресейліктер 453,1 миллион доллардың смс-хатын жөнелтіпті, бұл операторлардың барлық табысының шамамен 7,4 пайызы.

Енді аталмыш мәселеге орай Қазақстан жағдайына оралайық. Әрине, кирилше әліпби - бізде де «табынулы» таңба екені рас. Алайда, қазақтардың ағылшын қаріпті жазуды  электрон парағында қолдана бастағанына 15 жылдай уақыт болып қалды. Бір қызығы, елдегі жүгіртпе жолды жүгіртетін телеарналар да, смс-хабарлама таратушы мобилдік байланыс жүйелері де қазақтілді тұтынушыны айналып өтіп, негізінен орыс тіліндегі ақпарларын таратады.

Айта кетер басты «қызық» сол - елдегі Төтенше жағдайлар жөніндегі сала органдары министрліктен бастап облыстық, қалалық бөлімшелері ауа-райына, зілзала, т.б. төтенше жайттарға сәйкес хабарламаларын бүлк етпестен орыс тілінде ғана таратып отыра береді. Құдды, Ресей федерациясының ТЖМ бөлімшелері іспетті. Егер де әлдебір зілзала болар жағдайда, «қазақтілділер өлмесе өрем қапсын» деген пиғыл жатқандай.

Бұл мәселе бойынша адам құқығын күзететін (қорғау - құқыққа қатер төнгенде ғана болатын іс, күзету - тұрақты атқарылатын қызмет) ҚР президенті жанындағы Омбудсмен қызметі де, прокуратура органдары да әлі күнге аталған ақпарат көздеріне ләм-мим деген емес. Ал, елдегі және заңдағы тіл саясатының бірден бір қайнар көзі әрі өкілетті уәкілі - Тіл комитеті  бұл мәселе бойынша шөп басын сындырған жоқ. Шындығында мобилдік опреаторлар «қазақ әліпбиі болмағасын ақпар тарата алмаймыз» деген сылтауды алдыға тартып отыр. Ал, үкіметке қаулы жобасымен қоса техникалық қазақ-латын әліпбиін бекіттіретін Тілкомымыздың түрі анау.

Шын мәнінде, президент Н. Назарбаев бастама жасаған қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесі де сиырқұймышақтанып барады. Одан бері 4 айдан асса да, әлі күнге нақты істі қолға алған үкіметті көріп отырған жоқпыз. Әліпби жобасын қолға алуға кімнің қабағынан сескеніп отырғанымыз түсініксіз - әлі жобамен айналысатын нақты ғылыми-сараптамалық орталық та, топ та құрылған жоқ.

Жуық арада мемлекеттік тілдің құзырын (оның заң жүзінде қорғау мүмкіндігі Татарстандағы татар тілін қорғаудан төмен екені белгілі) күшейтпесек те, миллиондаған қазақтілді азаматтардың құқығын қорғау, ақпарат алу мүмкіндігін жасау - аса маңызды әрі өзекті міндет! Бір топ Фейсбук тұтынушылары 2 айға жуық талқылау нәтижесінде Техникалық бейресми әліпби нұсқасын тұжырып шықты. Қоғам мен билік назарына ең болмаса осындай әліпбидің бірін техникалық нұсқа ретінде және әлгіндей төтенше жағдайлар мен бейресми жазуға қолдану үшін мүмкіндік ретінде қарастыратын уақыт болды.

Фейсбук әлеуметтік желісінде «Латын әрпіне көшуді қолдаймыз!» тобында аталмыш ағылшын қаріпты әліпби түзуге атсалысқандар:

Төлеген Байтжауынов, Аслан Бекет, Дәлет Тынбаев, Атым Қожа, Бекзат Әбдіқадыр, Әділ Шалманов, Жан Дост, Арыстан Омаров, Серк Ерғали, Айдос Сарым, Болат Әбілов, Бағдат Есімбеков, Хайдар Әлфи, Жанат Аймағанов, Гүлім Білен, Қуаныш Нұрғазы, Расул Жұмалы, Нұрдәулет Затулла, Төрехан Еркінбекұлы, Аршат Оразов, Азер Хасрет, ілияс Қайғы, А.Шәріпбаев, З.Базарбаева, С.Мәмбеталин, Айдана, Тұран Әлпер, Ерғанат Әлбени, Марат Мүлкі, Уәлихан Қайсаров, Арыстанбек Диас, Айгүл Қохаева, Бауыржан Сүйлеменов, Мирас Нурмуханбетов, Азамат Байназаров, Хайрулла Қожабай, Бауыржан Кәріпов, Асқар Құмыран, Абдурахман Барысбаев, А.Жусупов, Мәди Мәуленов, Заира Сабитова, Мырзаев Балгабек, Ринат Кибраев, Анса Мустафа, Ерболат Мұхамеджан, Әділхан Сағымбаев, Ерлан Оспанов, Гүлмира Сихимова, Төре Табынай, Дәуір Акремханов, Ғазиз Төртбаев, Гауһар Батырханова, Әлішер Тойғұлиев, Серік Әбдішүкіров, Мұрат Балабай, Елдар Смайылов, Айсұлу Төлек, Ардабек Солдатбай, Тимур Тильман, Galym J Ken, Olzhas Ustemirov, Айбек Сыдыков, Azamat Zhetpisbayev, Maira Kerey, Ali Ersegun Arifoğlu, Жандос Амангелдиев, Айгүл Елібаева, Arhun Arhunus, Yerbol Ospanov, Гүлмира Әбдіхалыкова, Жаннат Асылбек, Арман Әубәкір, Abu Hurayra Ibn Jumadolda, Muslim Sergazin, Аида Ажығалиева, Нұртай Арыстанов, Есбосын Смагулов, Алтынай Смағұлова, Арайлым Атайбекова, Айдын Серікпаев, Erkebulan Makhambet, Мирас Нурмуханбетов, Торе Табынай, Гаврил Хабирханов, Азамат Байназаров, Казыбек Иса, Азамат Садвакасов, Гаухар Калимбетова, Айсұлу Төлек, Fazylbek Absattaruly, Алмасбек Садырбаев, Жармахан Туякбай, Talgat Bukharbayev, Исматулла Максум, Берик Абдыгалиулы, Бауыржан Қарағызұлы, Aigerim Mussatayeva, Gaukhar Alim, Балнура Оналбай, Daniyar Tazhimbet, Денис Сахиев, Aidos Altynbekov, Daniyar Tazhimbet, Әйкерім Қабдұлқақ Қызы, Сергей Шаповалов, Ауез Карабалаев, Erkebulan Makhambet, Лайла Ахметова, Инга Иманбай, Руслан Игишев, Zhandos Ibrayev, Руслан Каржаубаев, Saken Saduakas Akhmetov және басқалар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371